3) білімді өндірумен айналысатын әлеуметтік институт
Ғылымның негізгі міндеттері – өзі тауып ашқан заңдардың негізінде дүниенің құбылыстарын сипаттау, түсіндіру және болжау
Ғылыми әрекеттің белгілері
- ғылыми зерттеу әдістерін жасап шығару және пайдалану, - арнайы жабдықтарды (приборларды, инструменттерді, лабораторияларды және т. б.) пайдалану - кең көлемдегі ақпаратты (кітапхананы, мәліметтер базасын т.б.) игеріп алу және өндіру.
Ғылым әлеуметтік институт ретінде ғылыми қауымдастықтардың, мекемелердің қызмет етуімен, ғылыми басылымдармен, ғылыми конференцияларды, дискуссияларды өткізуімен сипатталады.
Ғылыми коғамдастық дегеніміз, Т.Кунның түсінігі бойынша, белгілі бір сала бойынша ғылыми зерттеулер жүргізу мақсатымен парадигмаларды немесе осы ізденістердің теориялық алғышарттарын негізге ала отырып біріккен ғалымдар ұжымы
Ғылым және материалдық өндіріс
Ғылым әлеуметтік институт ретінде қоғамдық өндірістің, өңдірістік күш-тердің дамуын жеделдетуіне және ынталандыруға ықпал етеді Ғылымның өзі өндіргіш күшке айналады
Ғылым философиясы - ғылыми-танымдық қызметінің қасиеттерін зерттейтін философиялық пəн, сонымен катар, ғылым феноменіне қатысты философиялық ілімдердің жартысын қамтиды.
Өзгеше философиялық пəн ретінде ғылым философиясы ХІХ ғ. бастап қалыптасты, философияның қосымша ілімі ретінде одан əрі дамыған.