Білім және ғылым министрінің 2020 жылғы «3» сентября


-Тарау. Оқу процесін қашықтықтан ұйымдастыру тәртібі



бет20/47
Дата11.10.2024
өлшемі239,37 Kb.
#147712
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47
2-Тарау. Оқу процесін қашықтықтан ұйымдастыру тәртібі

6. Барлық мамандықтар бойынша барлық теориялық сабақтар қашықтықтан өткізіледі. Зертханалық және практикалық сабақтар, өндірістік оқыту және кәсіптік практика - штаттық форматта, бұл ретте бұл сабақтар неғұрлым кеш мерзімдерге ауыстырылады. Қажет болған жағдайда, өндірістік оқыту және кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар және аралық курстардың практикалық сабақтары оқу кезеңінің басқа мерзімдеріне ауыстырылады.


7. Білім алушыларға кәсіби құзыреттерді игеруге мүмкіндік беретін виртуалды зертханаларды, симуляторларды, тренажерлерді пайдалануға жол беріледі. Бұл жағдайда өндірістік оқыту, кәсіптік практика, зертханалық жұмыстар және практикалық сабақтар қашықтықтан өткізіледі.
8. Негізінен оқу процесі ҚБТ-ны пайдалана отырып, қашықтықтан ұйымдастырылатын болады. Колледждерде педагогикалық, экономикалық, әлеуметтік-гуманитарлық және ақпараттық технологиялар саласындағы мамандықтар бойынша 100% қашықтықтан оқыту жүргізіледі.
Техникалық, технологиялық, аграрлық бағыттар бойынша, медицина және өнер мамандықтары бойынша теориялық сабақтар қашықтықтан өткізіледі. Штаттық форматтағы жұмысты талап ететін сабақтар неғұрлым кеш мерзімге ауыстырылады.
9. ҚБТ-ны пайдалана отырып оқу процесі белгіленген оқу жүктемесіне, жұмыс оқу жоспарларына, оқу бағдарламаларына, оқу процесінің кестесіне және сабақ кестесіне сәйкес ұйымдастырылады. Қажет болған жағдайда, оқу процесінің кестесіне, оқу бағдарламаларының мазмұнына оқытудың икемді ұйымдастыру нысанын құру қажеттілігінен туындаған түзетулер енгізіледі.
10. ТжКБ ұйымдарында ҚБТ-ны пайдалана отырып оқу процесін ұйымдастыру үшін:
1) білім алушылар үшін оқу-әдістемелік және ұйымдастыру-әкімшілік ақпаратты қамтитын беттері бар білім беру Интернет-платформа және/немесе ақпараттық жүйе;
2) Интернет желісіне қосылуды қамтамасыз ететін коммуникациялық байланыс арналары;
3) цифрлық білім беру ресурстары;
4) оқытуды, оқу контентін немесе сервисті басқарудың желілік жүйелері;
5) тестілеу кешендері;
6) даярлықтан өткен педагогтер болуы қажет.
11. ҚБТ-ны пайдалана отырып, білім беру бағдарламаларын іске асыру кезінде білім беру ұйымы дербес:
1) ақпараттық-білім беру ортасының жұмыс істеуі үшін жағдай жасайды;
2) білім алушыларға оқу-әдістемелік, оның ішінде ақпараттық және телекоммуникациялық технологияларды пайдалана отырып қашықтықтан көрсетілетін жеке консультациялар нысанында көмек көрсету тәртібін айқындайды;
3) педагогтың білім алушымен тікелей өзара іс-қимылы арқылы өткізілетін сабақтар көлемінің және ҚБТ-ны қолдана отырып өткізілетін сабақтар көлемінің арақатынасын айқындайды;
4) білім беру процесінің барлық қатысушыларының барлық оқу, анықтамалық және әдістемелік материалдар, тестілеу жүйесі бар ақпараттық жүйеге, әртүрлі электрондық ресурстар мен көздерге қол жеткізуін қамтамасыз етеді;
5) білім беру процесіне қатысушылардың іс-әрекеттеріне байланысты емес жағдайлар туындаған кезде басқару шешімдерін қабылдайды.
12. Техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының (ТжКБМЖМБС) талаптарына сәйкес білім сапасын қамтамасыз ететін оқытудың кез келген технологияларын қолдануға құқығы бар.
Қолайлы қашықтықтан оқытуды ұйымдастыру үшін ТжКБ ұйымы оқу орны іске асыратын оқу бағдарламаларының функционалы мен контенті бойынша неғұрлым ыңғайлы интернет-платформаны таңдауды дербес жүзеге асырады.
13. ТжКБ ұйымы білім беру процесіне қатысушыларды оқыту технологияларымен және жүйесімен таныстырады.
14. Консультациялар жеке және топтық сабақтар түрінде жүзеге асырылады. Педагог пен білім алушының өзара әрекеті әртүрлі байланыс түрлерін қолдану арқылы жүзеге асырылады.
15. Теориялық сабақтар әр түрлі байланыс түрлерінің көмегімен, соның ішінде бейне ағындарды қолдана отырып қашықтықтан өткізіледі.
ҚБТ-ны қолдана отырып оқыту онлайн немесе офлайн режиміндегі қашықтықтан оқыту сабақтарының және білім алушылардың өзіндік жұмыстарының үйлесіміне негізделеді. Онлайн немесе офлайн режиміндегі оқыту сабақтарының және өзіндік жұмыстың арақатынасын білім беру ұйымы айқындайды. Білім алушылардың өзіндік жұмысының мазмұнын педагог белгілейді.
Білім алушылар үшін қосарланған онлайн-сабақтың үздіксіз ұзақтығы 35 минуттан аспайды.
16. Кәсіптік практикадан, өндірістік оқытудан өту оқу семестрінің неғұрлым кеш мерзімдеріне ауыстырылады.
17. Ерекше білім беру қажеттіліктері бар адамдарды оқыту кезінде қашықтықтан білім беру технологиялары ақпаратты қабылдау-беру мүмкіндігін көздеуі тиіс.
18. Сабақ кестесі көлемі, мазмұны бойынша оқу жоспарына сәйкес болуы, білім алушылардың оқу кезеңі ішінде оқу сабақтарының барлық түрлерімен біркелкі жүктелуін қамтамасыз етуі тиіс (оқу кезеңінің соңына дейін тиісті оқу пәні/модулі бойынша және апта сайынғы оқу жүктемесінің көлеміне қойылатын талаптарды ескере отырып барлық оқу сабақтары өткізілуі тиіс).
19. Педагогтарға оқытушылық қызметке баруға, сыныптан тыс іс-шаралар мен ата-аналар жиналыстарын өткізуге тыйым салынады. Барлық іс-шаралар, жедел кеңестер қашықтықтан өткізіледі.
20. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде адамдар көп жиналатын іс-шаралардың барлық түрлерін, оның ішінде мәдени, тәрбиелік, бұқаралық спорттық іс-шараларды өткізуге тыйым салынады.
21. Қашықтықтан білім беру технологияларын қолдана отырып, оқу процесін оқу-әдістемелік қамтамасыз ету 1-қосымшада келтірілген оқу-әдістемелік кешендерді қалыптастыру тәртібіне сәйкес жүзеге асырылады.
22. Қашықтықтан білім беру технологияларын пайдалана отырып сабақтарды ұйымдастыру 2-қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
23. Білім алушылардың үлгеріміне ағымдағы бақылау, аралық және қорытынды аттестаттау жүргізу 3-қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
24. Коронавирустық инфекцияның таралуына байланысты шектеу шаралары кезеңінде оқу процесі 4-қосымшада келтірілген талаптарға сәйкес ұйымдастырылады.
25. ТжКБ ұйымдарының оқу-тәрбие процесіне қатысушылар қызметін 5-қосымшада келтірілген функцияларға сәйкес жүзеге асырады.
26. ТжКБ ұйымдарының жатақханаларында шалғайдағы елді мекендерде тұратын және қашықтықтан оқыту мүмкіндігі жоқ (әлсіз интернет, дербес компьютердің болмауы және басқа) студенттер үшін жағдайлар жасалады.
27. Студенттердің жатақханада тұруы санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды ескере отырып, 6-қосымшада келтірілген тәртіпке сәйкес жүзеге асырылады.
28. Санитарлық қауіпсіздік шараларын сақтай отырып, жергілікті атқарушы органдардың шешімі және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша штаттық режимде ауылдық елді мекендерде және шағын қалаларда орналасқан колледждердің (топта 15 студентке дейін толымдылықпен) жұмыс істеуіне жол беріледі.
Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті жанындағы ТжКБ ұйымдарында және «Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрлігінің Кадет корпусы» республикалық мемлекеттік мекемесінде оқыту тиісті уәкілетті органдардың шешімі және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитариялық дәрігерлерінің келісімі бойынша жүзеге асырылады.
Білім беру бағдарламаларын немесе олардың бөліктерін штаттық режимде іске асыру кезінде:
1) аудиториялық сабақтардың басталу және аяқталу уақыты көрсетіле отырып, олардың жеке кестесі жасалады;
2) қажет болған жағдайда, физикалық байланыстарды азайту үшін ауысымдардың саны арттырылады;
3) оқыту барлық санитариялық нормаларды сақтай отырып, күндерді және (немесе) пәндерді кезектестіре отырып (күн шегінде немесе аптаның күндері бойынша) топтарда (немесе кіші топтарда) жүзеге асырылады;
4) аудиториялардағы сабақтар кабинеттік жүйе жойыла отырып, кемінде 1,5 метр қашықтықтың сақталуын ескере отырып жүргізіледі;
3) сабақтар арасында әрбір топ үшін жеке үзіліс ұйымдастырылады;
4) кітап беру жөніндегі жұмысты қоспағанда, кітапханалардағы оқу залдары жабылады;
5) студенттерге, педагогтарға, өндірістік оқыту шеберлеріне, басқа қызметкерлерге, ата-аналарға (заңды өкілдеріне) санитариялық-гигиеналық талаптарды сақтау туралы нұсқама жүргізіледі;
6) медицина қызметкері күн сайын келу мониторингін және студенттер мен басқа да қызметкерлердің денсаулық жағдайын бақылауды жүргізеді;
7) әрбір сабақтан кейін кабинеттерді желдету, кварцтау жүргізіледі;
8) әр сабақтан кейін қолды жуу және арнайы құралдарды пайдалану жүргізіледі;
9) міндетті маска режимі енгізіледі;
10) дезинфекциялау құралдарын қолдана отырып, ауысымдар арасында ылғалды жинау жүргізіледі;
11) қажетті медициналық жабдықтармен және дәрі-дәрмектермен (термометрлермен, шпательдермен, маскалармен) қамтамасыз ете отырып, медициналық кабинеттер мен изоляторлар (күн сайын температураны өлшеу, ауру белгілерін анықтау, ауырған адамдар анықталған жағдайда оқшаулау үшін) жұмыс істейді.
Адамдардың корпустарда, аудиторияларда бір мезгілде болуына санитариялық-эпидемиологиялық қауіпсіздік және әлеуметтік қашықтық нормаларын сақтай отырып жол беріледі.
Аудиториялық сабақтарды олардың келісімінсіз өткізуге 65 жастан асқан адамдар және ауруы бойынша диспансерлік есепте тұрған адамдар жіберілмейді.
Штаттық режимде жұмыс істейтін ұйымдарда асханада тамақтану жергілікті атқарушы органдардың шешімі бойынша және тиісті аумақтардың бас мемлекеттік санитарлық дәрігерлерінің келісімі бойынша ұйымдастырылады.
29. ТжКБ ұйымдарының білім алушыларына мемлекеттік стипендия «Білім беру ұйымдарында білім алушыларға мемлекеттік стипендияларды тағайындау, төлеу қағидаларын және олардың мөлшерлерін бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2008 жылғы 7 ақпандағы № 116 қаулысына сәйкес ай сайын төленеді.
30. Қашықтық форматында оқыту кезінде асхана (буфеттер) жұмысы тоқтатылады. Тамақтанудың орнына өтемақы «Әлеуметтік көмек көрсетілетін азаматтарға әлеуметтік көмектің мөлшерін, көздерін, түрлерін және оны беру қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 12 наурыздағы № 320 қаулысына сәйкес төленеді.
31. ТжКБ ұйымдарының педагогтері мен өзге де қызметкерлерінің жұмыс тәртібі және ақы төлеу шарттары еңбек заңнамасына сәйкес еңбек, ұжымдық шарттарда айқындалады.
ТжКБ ұйымдарының педагогтері мен өзге де қызметкерлері кәсіптік қызметін тікелей білім беру ұйымдарында және (немесе) қашықтықтан оқыту форматында еркін нысандағы өтініш бойынша жүзеге асырады.
Бұл ретте жұмыс беруші еңбек заңнамасына сәйкес тиісті актіні қабылдай отырып, келесі қызметкерлер тобын:
білім беру ұйымдарының тыныс-тіршілігін және жұмыс істеуін қамтамасыз ететін қызметкерлерді (әкімшілік-қосалқы, техникалық персонал);
қашықтықтан білім беру технологиялары негізінде білім беру процесін және сабақтарға қатысу мониторингін қамтамасыз ету бойынша еңбек функцияларын жүзеге асыратын қызметкерлерді (оның ішінде оқу-тәрбие процесін тікелей жүзеге асыратын барлық пәндер педагогтері, кеңес беру және басқа да психологиялық көмек көрсететін психологтар, әлеуметтік педагогтер, онлайн-кітапханалар жұмысын және қашықтан басқа да жұмыстарды жүзеге асыратын кітапханашылар, жеке онлайн-консультацияларды жүзеге асыратын дефектологтар, сурдоаудармашылар, зертханалық және практикалық жұмыстарды қашықтықтан тексеруді жүзеге асыратын зертханашылар және басқалар) дербес анықтауға құқылы.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   16   17   18   19   20   21   22   23   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет