Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А



Pdf көрінісі
бет176/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   240
Бастапқы талаптар: 
Осы модульмен жұмыс жасамас бұрын студенттер Сызу, Математика, 
Физика, Химия, Геометрия сияқты пәндерді оқуы керек. 
Қажетті оқу материалдары: қалам, дәптер, қарындаш, сызғыш, өшіргіш, 
калькулятор. 
 
Технологиялық жабдықтың жұмыс істеу сапасы оны әзірлеу кезінде 
қаланады, шығару кезінде, содан соң оны пайдалану кезінде техникалық 
қызмет көрсетумен қамтамасыз етіледі. Техникалық жабдықты пайдалану 
оны арналуына сай қолдануды, техникалық қызмет көрсетуді, жоспарлы, 
жоспардан тыс және ағымдағы жөндеуді қамтиды. 
Техникалық қызмет көрсету - пайдалану, сақтау және тасымалдау 
кезінде машиналар мен жабдықтарды жұмысқа қабілетті немесе жарамды 
күйде ұстауға бағытталған іс-шаралар кешені. 
Технологиялық жабдықтың жұмыс істеу қабілеттілігі деп оның 
қызметтік мақсатын стандарттар, техникалық шарттар мен техникалық 
паспорттарды қамтитын нормативтік-техникалық құжаттарда көрсетілген 
параметрлерге сәйкес орындау мүмкіндігін айтады. Техникалық 
жабдықтардың жұмыс қабілеттілігінің негізгі критерийлері - беріктік, дірілге 
төзімділік, жылуға төзімділік, жұмыс ортасының сапасы [27].


229
5 - БӨЛІМ. ЖАБДЫҚТАРҒА ТЕХНИКАЛЫҚ ҚЫЗМЕТ 
КӨРСЕТУ ЖӘНЕ ПАЙДАЛАНУ 
 
Кіріспе 
 
"Жабдыққа техникалық қызмет көрсету және пайдалану" машина жасау 
өндірісінде технологиялық жабдықтарға техникалық қызмет көрсету және 
ұтымды пайдалану жөніндегі іс-шаралардың орындалуын қарастырады. 
Оқу мақсаттары: 
 
Осы модульді зерделеу нәтижесінде білім алушы білетін болады: 
- жабдықтарға техникалық қызмет көрсету мен пайдаланудың 
нормативтік-құқықтық актілерін
- қабылдау және сынау актілерін, техникалық қызмет көрсету 
жоспарлары мен кестелері және жабдықты ауысым сайын тексеруді; 
- сандық бағдарламамен басқарылатын станоктардың және 
құрылғылардың жұмыс дәлдігін; 
- өндірістің әлеуметтік-экономикалық көрсеткіштері, машина жасау 
саласының ішкі және әлемдік нарықтағы рөлі мен маңызын
- жабдықтың инновациялық түрлері мен машина жасау саласындағы 
Халықаралық стандарттауды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет