Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасы «Talap» коммерциялық емес акционерлік қоғамы» сейтпанов п. К., Каpтабаев а. Т., Алпысбаев а. А


Құрал-сайманды қолдану тиімділігін арттыру жолдары



Pdf көрінісі
бет46/240
Дата09.10.2022
өлшемі6,14 Mb.
#41994
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   240
2.1.7 Құрал-сайманды қолдану тиімділігін арттыру жолдары
 
Құрал-сайманды пайдалану тиімділігін арттыруға бағытталған 
маркетингтік зерттеулердің негізгі компоненттері [10]: 
- жаңа нарықтарға шығу, яғни импорттық жабдықтарға арналған 
технологиялық құрал-саймандар шығару және сату; 
- технологиялық құрал-саймандардың техникалық деңгейінің басты 
көрсеткіші ретінде сенімділігін арттыру;
- технологиялық құрал-саймандарды өндіруші тарапынан техникалық 
қызмет көрсету; 
- тұрақты мониторинг негізінде технологиялық құрал-саймандарды 
пайдалануға техникалық жәрдемдесу; 
- құрал-саймандарды тарату жолдарын өзгерту арқылы бірлесе жұмыс 
істеуді жетілдіру.
Өндірістің технологиялық құрал-саймандар туралы аналитикалық 
ақпаратты қалыптастыру үшін атқарылатын іс-шаралар: 
- кәсіпорында және кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде 
технологиялық құрал-сайманның айналымын бақылау
- кәсіпорында және кәсіпорынның құрылымдық бөлімшелерінде 
технологиялық құрал-сайманның айналымын өлшеу және бағалау, құрал-
сайманныңы әрбір түрі бойынша рентабельділік дәрежесін анықтау; 
- бұйымдарды жасау барысына өндірісті басқару әсерін түзету, 
технологиялық 
құрал-саймандардың 
жұмыс 
циклін 
басқарудағы 
субъективтіліктің төмендету. 
Машина жасау өндірісін технологиялық құрал-сайманмен жабдықтау 
технологиялық жабдықтары ассортимент саясатының икемділігін 
қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін технологиялық жүйенің қажетті буыны 
болып табылады. Технологиялық құрал-сайманмен жабдықтаудың ерекше 
маңыздылығы оның машина жасау өбұйымдарының сапасына әсер етуімен 
негізделеді. Әлемдік машина жасау саласының жылдам қарқынмен дамып 
келе жатқан жағдайында құрал-саймандарды пайдалану тиімділігін арттыру 
мәселелері техникалық прогресстің ажырамас бөлігіне айналды. 
Қазіргі уақытта технологиялық құрал-сайманды пайдалануда машина 
жасау кәсіпорындарының ғылыми-техникалық әлеуетін пайдалану 
тиімділігін едәуір арттыруға қабілетті ұйымдастырушылық-экономикалық 
шаралар жүйесі қолданылады. 
Құрал-саймандарды пайдалану тиімділігін келесі мәселелерді шешу 
арқылы арттыруға болады: 
- нарықтық позициядан құрал-сайманның тәуелсіз топтарын бөлу; 
- технологиялық құрал-саймандарға сапалық және сандық талдау 
жүргізу; 
- кәсіпорынның құрал-саймандаршығару мүмкіншілігін бағалау 
инструменттерін жасау және критерийлерін негіздеу; 
- технологиялық құрал-сайманды пайдалану тиімділігін арттырудың 
бағыттары мен ұйымдастырушылық әдістерін анықтау;
- технологиялық құрал-сайманның тиімділігі жоғары түрлерін жасау 
бойынша нақты ұсыныстар жасау. 
Технологиялық құрал-саймандардың негізгі түрі ретінде аспап 
шаруашылығының тиімділігін арттырудың негізгі жолдары: 
1. Кәсіпорынды айтарлықтай экономикалық тиімділікпен қамтамасыз 
ететін кескіш аспаптарды орталықтандырылған қайрауды ұйымдастыру. 
Аспапты бір орталықта қайрау уақытты үнемдеуге және қайрау шығындарын 
қысқартуға, біліктілігі жоғары және арнайланған станоктарда жұмыс істей 
алатын қайраушы мамандарды іске тарту арқылы аспап сапасын арттыруға 
болады.
2. Құрал-саймандарды, яғни жарамсыз боп қалған аспаптар мен 
саймандарды қалпына келтіру жұмыстарын жетілдіру. Орташа алғанда, 
кескіш аспапты қалпына келтіру құны жаңа аспап құнының 50%-ын құрайды. 


58
Қалпына келтіру нәтижесінде жаңа құрал-сайманның қажеттілігі екі есе 
азаяды.
3. Топтық және әмбебап-құрастыру саймандарын және типтік 
технологиялық процесстерді қолдану аумағын кеңейту, аспапты стандарттау 
және бірегейлендіру деңгейін арттыру.
4. Арнайы бір типтес аспаптарды шығару жұмыстарын кәсіпорынның 
аспаптық цехында жүргізу, қалпына келтірілген қаспаптар мен саймандар 
санын арттыру.
5. Жұмысшылардың кескіш аспапты алуға және тапсыруға кететін 
уақытын азайту. Бұған жұмыс орындарын құрал-саймандармен толық 
қамтамасыз ету арқылы қол жеткізуге болады. Ол үшін орталық аспаптар 
қоймасынан (ОАҚ) кескіш аспаптарды жұмыс орындарына алдын-ала 
жасалған кесте бойынша жеткізіп тұру керек. 
6. Құрал–сайман шаруашылығының жұмысын реттеу мақсатында 
қорлардың қозғалысы мен жұмыс орындарын құралдармен қамтамасыз етуді 
үнемі бақылауға мүмкіндік беретін "максимум-минимум" жүйесін енгізу, 
яғни айналым қорлары мен сақтандыру қорларының нормаларын сақтау
қажетті аспаптарға немесе технологиялық құрал-саймандарға уақтылы 
тапсырыс беру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   42   43   44   45   46   47   48   49   ...   240




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет