Білім және ғылым министрлігі


Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті



Pdf көрінісі
бет26/192
Дата12.09.2022
өлшемі1,54 Mb.
#38863
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   192
Байланысты:
Бакалавриат Археология и этнология

Түркілердің материалдық және рухани мәдениеті 
Түрік өркениеті. Отырықшы және көшпелі («қала-дала» жүйесі) 
шаруашылықтық-мәдени түрлердің өзара байланысы. Қалалар мен 
қоныстардың әскери-әкімшілік өмірдің, мәдениеттің, сауда мен қолөнердің 
орталықтары ретіндегі рөлі. Ұлы Жібек жолының қазақстандық бағыттары. 
Салт-дәстүрлері. Тіл, жазу мен дін. Алғашқы түркі билеушілеріне арналған 
көне түркі руна жазулары.Түркілердің діни сенімі. Зороастризмнің, 
буддизмнің және христандықтың әсері. Түркі тайпаларының исламға бет 
бұруы. Х-ХІІ ғғ. ұлы ғұламалары. Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұни, Махмұт 
Қашқари, Ахмет Ясауидың шығармашылық мұраларының маңызы және 
әлемдік мәдениеттегі орны. 
 
Қазақстандағы XIII ғ. басы-XV ғасырлардағы этносаяси үдерістер 
Монғол шапқыншылығы қарсаңындағы Қазақстан. Орталық Азияның 
көшпелі тайпалары. Материалдық және рухани мәдениет. Археологиялық 
зеттеулер мәліметтері. Орталық Азиядағы саяси үстемдік үшін күрестер. 
Шыңғыс хан мемлекетінің әскери-потестарлық құрылымы. Монғолдардың 
Қазақстан мен Орта Азия жаулауы. Қазақстан монғол ұлыстарның құрамында. 
Тарихи әдебиеттерде монғол шапқыншылығының салдары мәселесі. 
Қазақстан Алтын Орданың құрамында. Әкімшілік-саяси құрылымы. Алтын 
Орданың ыдырауының себептері мен барысы. Оңтүстік және Оңтүстік Шығыс 
Қазақстан Шағатай ұлысының құрамында. Шағатай ұлысының құрылуы. 
Шағатай мемлекетіндегі монғол хандарының жүргізген саясатындағы екі 
ағымы. ХІІІ-ХІV ғғ. Шағатай ұлысының ыдырауы. Жетісуда Моғолстанның 
құрылуы. 
 
Қазақстан монғол империясы және Шыңғыс ұрпақтарының 
ұлыстары құрамында 
1428-
1468 жж. Шығыс Дешті қыпшақтағы мемлекет - Әбілқайыр 
хандығы. Әбілқайыр хандығының деректері мен тарихнамасы. Әбілқайыр 
ханның билікке келуі. "Көшпелі өзбектер" мемлекетінің этникалық құрамы. 
1428-
1468 жж. Әбілқайыр ханның ішкі және сыртқы саясаты. Керей мен 
Жәнібектің Әбілқайыр ханнан бөлінуі. Әбілқайыр ханның Моғолстанға 
жорығы. "Көшпелі өзбектер" мемлекетінің күйреуі. Шығыс Дешті қапшақта 
билеуші әулеттің ауысуы. Оңтүстік-Шығыс Қазақстан Моғолстан құрамында. 
Шағатай мемлекетінің шығыс бөлігінде Моғолстанның құрылуы. 
Моғолстандағы дулат тайпасының этносаяси рөлі. Алғашқы Моғол
хандарының ішкі және сыртқы саясаты. ХІV ғ. соңғы ширегі мен ХV ғ. 
басындағы Әмір Темірдің Жетісуға жорықтары. ХV ғасырдағы Моғолстан. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   22   23   24   25   26   27   28   29   ...   192




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет