Білім және ғылым министрлігі


XV ғасырдың ортасы – XVIII ғ. Алғашқы үштігіндегі Қазақ



Pdf көрінісі
бет28/192
Дата12.09.2022
өлшемі1,54 Mb.
#38863
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   192
Байланысты:
Бакалавриат Археология и этнология

 
XV ғасырдың ортасы – XVIII ғ. Алғашқы үштігіндегі Қазақ 
хандығы
Қазақ хандығының құрылуы мен нығайуы (ХV ғ. екінші жартысы). 
Қазақ хандығының құрылуының этникалық, саяси, мәдени - тарихи 
алғышарттары. Сыр өңірінің қазақ хандығы үшін экономикалық, саяси және
стратегиялық маңызы. Қазақ хандығының деректері мен тарихнамасы. Тарихи 
әдебиеттерде қазақ халқының пайда болу және қалыптасу процесі жөніндегі 
негізгі тұжырымдар. Қазақстан территориясындағы этникалық процестер 
кезеңдері және оларға сипаттама. "Қазақ" сөзінің мәні туралы. Мұсылман 
деректерінде «Қазақстан» – қазақтар елі – терминінің пайда болуы. XVI ғ. 
басындағы Қазақ хандығының ішкі саяси жағдайы. Мұхаммед Шайбанидің 
Темір әулетінен билікті тартып алуы және Мауереннахрда Шайбани әулеті 
билігінің орнауы. XVI ғ. басындағы алғашқы қазақ билеушілерінің Шайбани 
әулетімен қарым-қатынасы. Қасым хан тұсында Қазақ хандығы жерлерінің 
кеңеюі.
Қазақ хандығының “уақытша әлсіреуі” кезеңі. Қасым ханның 
өлімінен кейін (1523-1524) Мамаш және Тахир хандар тұсында қазақ 
хандығының бытыранқылығының күшеюі. 
Хақназар 
ханның 
қазақ 
жерлерін біріктіру саясаты. Қазақтардың өзбек-шайбанилықтар және 
ноғайлармен қарым-қатынасы. Шығай хан тұсындағы Қазақ хандығының


32 
сыртқы саяси жағдайының ерешеліктері. XVI ғ. аяғындағы Тәуекел ханның 
Орта Азияға жорығы және оның маңызы. 
XVІІ ғасыр – XVIІІ ғ. алғашқы үштігіндегі Қазақ хандығы 
Қазақ хандығында бір мезгілде екі ханның – Есім және Тұрсынның 
билік етуі. Жәңгір ханның жоңғарлармен күресі. Тәуке ханның мемлекетті 
басқаруда жүргізген реформалары. Үш жүзге бөліну. XVII-XVIII ғ. бірінші 
ширегіндегі қазақ-жоңғар қатынасы. Жоңғар мемлекетінің құрылуы және XVII 
ғ. екінші жартысында Қазақстанға қарсы жоңғар экспансиясының күшеюі. 
XVIII басындағы қазақ-жоңғар қақтығыстарының нәтижелері. Қазақ хандығы 
тарихындағы “Ақтабан шұбырынды және Алқакөл сұлама” жылдары. XVI-
XVIII ғасырдың бірінші ширегіндегі қазақ-орыс қатынастары. XVI ғ. 
аяғындағы қазақ-орыс елшілік байланыстарының орнауы. Батыс шекарадағы 
Ресейдің экспансиясы. XVII ғ. орыс – қазақ қатынастарындағы шекаралық 
мәселелер. Қазақстанның Ресейге қосыла бастауы. Әбілхайыр ханның саясаты. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   24   25   26   27   28   29   30   31   ...   192




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет