Білім және ғылым министрлігі



Pdf көрінісі
бет56/192
Дата12.09.2022
өлшемі1,54 Mb.
#38863
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   192
Байланысты:
Бакалавриат Археология и этнология

 
НЕГІЗГІ БӨЛІМ 
 
Австралия халықтары 
Австралия мен Мұхиттық аралдардың тарихи-мәдени аудандастырылуы: 
Австралия мен Тасмания халықтарының этногенез мәселелері, аймақтың 
этникалық тарихының негізгі кезеңдері. Австралия мен Тасманияға 


64 
еуропалықтардың енуі және оның салдары. Аумақтағы қазіргі заманғы 
этникалық және этномәдени үдерістер.
Австралия мен Тасмания халықтары. Халықтың саны мен этникалық 
құрамы. 
Антропологиялық 
және 
этнолингвистикалық 
сипаттама. 
Шаруашылығы: терімшілік, аң аулау және балық аулау. Материалдық 
мәдениет. Қонысы мен баспаналары. Киімі. Тағамы. Қоғамдық құрылысы 
және әлеуметтік құрылымы: тайпа, фратрия, ру локальдық топтар. Неке 
отбасылық қатынастар. Жергілікті халықтардың діни сенімдері. Тотемизм, 
анимизм, мана және т.б. Дәстүрлі мәдениет, халық шығармашылығы және 
көркем 
өнері. 
Еуропалық 
отарлау 
және 
англоавстриялықтар. 
Англоавстриялықтардың мәдени болмысы мен қоғамдық тұрмысы.
Мұхиттық аралдар халықтары 
Мұхиттық аралдардың тарихи-мәдени аудандастырылуы: Меланезия 
(«Қара арал»): Адмиралтейства, Санта-Крус, Фиджи, Лоялти және т.б. 
Мұхиттық аралдардың халықтарының этногенез мәселелері, аймақтың 
этникалық 
тарихының 
негізгі 
кезеңдері. 
Мұхиттық 
аралдарға 
еуропалықтардың енуі және оның салдары. Аумақтағы қазіргі заманғы 
этникалық және этномәдени үдерістер. Шаруашылық-мәдени типтері. Қол 
егіншілігі. Егіншіліктің өртемелі жүйесі. Көркем және музыка өнері. 
Қоғамдық құрылыс және дәстүрлі отбасы-некелік қатынастар. Діни наным-
сенімдер.
Папуа - Жаңа Гвинея халықтары. Тілі және антропологиялық сипаты. 
Папуа – Жаңа Гвинея халықтары. Тілдік және антропологиялық 
сипаттама. Шаруашылығы. Кетпенді егін шаруашылығы. Жер өңдеудің 
өртемелі егістік әдісі. Кәсібі. Дәстүрлі баспанасы. Киімі. Тамағы. Қоғамдық 
құрылысы. Экзогамия салты. «Ерлер одағы». Діни сенімдер. Мана, анимизм, 
магия, ата-баба аруағына сыйыну.
Полинезия және Жаңа Зеландия халықтары. Жаңа Зеландия мен 
Полинезия (“көп аралдар”): Гавай және Маркиз аралдарының, Элисса, Самоа, 
Тонга, Кука, Тубуаи, Таити, Туамоту және т.б. аралдар тұрғындарының жалпы 
сипаттамасы. Этногенез мәселесі: азиялық және американдық теориясы. 
Нәсілдік тип және тілдік классификация. Шаруашылық, дәстүрлі кәсіп және 
өнер. Материалдық мәдениеттің негізгі элементтері. Дәстүрлі қоғамдық 
құрылыс. Қоғамдық құрылыстың рулық-қауымдық институттардан ерте 
ежелгі мемлекеттілікке ауысу түрі. Касталар және олардың көсемдерінің 
иерархиясы. Мәдениет. Халық шығармашылығы және музыка. Жергілікті 
халықтардың тағдырына еуропалықтардың отарлық саясатының әсері. 
Ағылшын тілді жаңазеландықтар және маори.
Микронезия халықтары. Микронезия аралдары («кіші аралдар»): 
Мариан, Маршалл, Каролин аралдарының және Гильберт, Палау және т.б. 
аралдар тұрғындарының шығу тегінің ерекшеліктері. Микронезиялықтардың 
антропологиялық және тілдік классификациясы. Егін шаруашылығы және 
балық аулау. Материалдық және рухани мәдениет. Діні. Жергілікті 


65 
тұрғындардың қоғамдық және отбасылық өмірлерінің әртүрлі қырларына 
еуропалық отаршылдықтың әсері. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   52   53   54   55   56   57   58   59   ...   192




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет