Реферат тақырыбы: «Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы. Ежелгі Египеттің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы»



бет1/3
Дата11.11.2022
өлшемі27,54 Kb.
#49528
түріРеферат
  1   2   3



РЕФЕРАТ

Тақырыбы: «Ежелгі Египет мемлекетінің пайда болуы. Ежелгі Египеттің қоғамдық және мемлекеттік құрылысы»



Орындаған: Ақтанова Жанар Қажымбекқызы, ДСИО 22-1 қазақ тобы
Тексерген: Стамбулов Серік Бердибайұлы

Қарағанды 2022 ж.

ЖОСПАР

1

КІРІСПЕ

2










2

НЕГІЗГІ БӨЛІМ

3

2.1

Египетте мемлекеттің пайда болуы

3

2.2

Ежелгі Египеттің қоғамдық құрылысы

5

2.3

Ежелгі Египеттің мемлекеттік құрылысы

5










3

ҚОРЫТЫНДЫ

7










4

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР

8


1. КІРІСПЕ
Ніл алқабының табиғат жағдайлары. Египетті ежелгі заманда "Қара жер" деп атаған. Өйткені Ніл алқабын қап-қара құнарлы тұнба басып жатқан.
Египет Африканың солтүстік-шығыс бөлігіне орналаскан. Африка жері ұшы -қиырсыз шөл далалар болып келеді. Осы жерді әлемдегі ең үлкен, әрі ұзын өзен Ніл басып өтеді. Оның ұзындығы 5589 км. Ніл өзені оңтүстіктен солтүстікке карай ағады. Солтүстікке қарай, өзеннің Жерорта теңізіне құйылар жерінде ұшбұрышты үлкен атырау құрайтын бірнеше тармақтарға бөлінеді.
Қазіргіге карағанда ежелгі заманда өсімдіктер өте көп болған. Әсіресе құрма ағашы, папирус жақсы ескен. Өзен аңғары жап-жасыл болғандықтан, ежелгі египеттіктер қара және жасыл түсті жақсы көрген екен.
Нілдің тасуы. Орталық Африкадағы тауларда қардың еруінен және нөсер әсерінен жазға қарай Ніл тасып, арнасынан шығып, өзен аңғарын түгел дерлік су басады. Ал қараша айында су қайтып, өзен өзінің арнасына түседі. Қатты аққан су жер бетінің қыртыстарын, өсімдік шірінділері мен лай-батпақтарды шайып өтеді.
Аңғардағы топырақ тек суға ғана қанығып қоймай, сонымен бірге оның бетін тұнба басады. Дегенмен, Нілдің кемерінен асып-тасуы бұл алқапты дүние жүзіндегі ең құнарлы жерге айналдырған. Египет жерінің топырағы су жайылып, тартылған соң жұмсақ та, ылғалды болды. Сондықтан да оны ағаш тесемен де, соқамен де өңдей беруге болатын.
Адамдар еңбегі Ніл аңғарын түлетті. Египет адам тұруға жарамсыз дерлік жерден б. з. б. IV мыңжылдықта-ақ халық тығыз қоныстанған елге айналды. Египеттіктер үшін Ніл тасқынының маңызы зор болды.

2. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
2.1. Египетте мемлекеттің пайда болуы\

Ауыл шаруашылығы мен қол өнердің дамуы өнімнің өсуін және артық азық-түліктің пайда болуын тудырды. Артық өнімнің пайда болуы тайпа көсемдерін байыта түсті. Енді тайпа көсемдері халықтан алған байлықты өзінің қасында бақылаушылар, сақшылар және жауынгерлер ұстау үшін пайдаланды. Сақшылар мен жауынгерлердің саны артқан сайын көсемдердің билігі де күшейе түсті. Осылайша, көсемдер бірте-бірте өз тайпаларының әміршісіне айналып, барлық мәселені өзі шешкен.


Сөйтіп, ежелгі Египетте қанаушылар мен қаналушылар пайда болды. Осыған байланысты құл иеленушілік құрылыс қалыптасты. Құл иеленушілік құрылыстың қалыптасуы нәтижесінде б.з.б. IV мың жылдықта Египетте шағын мемлекеттер пайда болды. Олардың саны 40-қа дейін жетті. Мұндай мемлекеттерде қарамағында әскерлері, күзетшілері, жендеттері және түрмелері бар патша билігі орнады. Бұл мемлекеттер бір-бірімен жиі соғысып тұрды. Осындай соғыстардың нәтижесінде жеңген мемлекет жеңілген мемлекеттердің иеліктерін тартып алып отырды. Тайпа әміршілерінің кейбіреулері өздерін патша деп атады. Ақырында Ніл аңғарында екі ірі мемлекет пайда болды. Патшалардың біреуі Египеттің солтүстігін - өзеннің төмеңгі сағасын-атырауын бағындырса, ал екіншісі елдің оңтүстік аңғарын бағындырды. Оңтүстік Египеттің патшасы басына биік ақ тәж кисе, ал солтүстіктің патшасы қызыл түсті тәж киген. Екі патшада бүкіл Египет жерін дара билеуге ұмтылды. Сондықтан екі патшалықтың арасында кескілескен ұрыстар жиі жүргызылді. Өзара бәсекелескен екі мемлекеттің арасындағы күрес өте қатты ауыр және ұзаққа созылды. Б.з.б. 3000 жылдары оңтүстік патшалығының патшасы солтүстік патшалығын жеңіп атырауды басып алды. Сөйтіп, Ніл шоңғалдарынан Жерорта теңізіне дейінгі бүкіл Египетті біріктірген қуатты мемлекет құрылды. Енді Оңтүстік Египеттің патшасы қосарлы ақ және қызыл түсті тәж киді. Біртұтас Египеттің патшалары-перғауындар (фараондар) деп аталды. Египеттерше «перо» (үлкен үй) патша сарайы деген мағына береді.
Деректерде Египетті ең алғаш біріктіруші патша Минис «Мина» перғауым делінеді. Атырау мен аңғардың түйіскен жеріне үлкен бекініс салынды. Ол бекіністі «Ақ дуыл» деп атаған. Кейін сол бекіністе Египет мемлекетінің алғашқы астанасы салынды. Ол- Мемфис қаласы еді. Бүкіл Египетті бір мемлекетке біріктірудің нәтижесінде оның сыртқы жағдайы жақсарып, басқа елдермен байланысы ұлғая түскен. Сөйтіп, күшті әскері бар бір орталыққа бағынған мемлекет қалыптасты. Қуатты патшалықтың әскерлері бірте-бірте египеттен тыс елерге-шығыста Синай түбегіне, ал оңтүстікте Нубия шапқыншылық жорықтар жасай бастады.
Египет бір тұтас мемлекетке біріккеннен кейін ішкі және сыртқы сауданың өркендеуіне жол ашылды. Бір жүйеге келтірілген суландыру құрылыстары салынды.
Қуатты, бір орталыққа бағынған мемлекеттің нәтижесінде жазу бір жола қалыптасып, ғылыми білімдер мен сәулет және құрылыс өнері дамыды.
Б.з.б. II мың жылдықта Египетте құл иеленушілік құрылыс бір жолата қалыптасып, нығая түскен. Египет сол кездегі дүниедегі ең бай әрі қуатты елге айналды.
Ежелгі Египет мемлекеті мен құқығы
Египетте мемлекеттің пайда болуы рулық қоғамның ыдырауы, ру ақсүйектерінің (ақсақал, көсем) бөлінуінің және құлдықтың пайда болуы нәтижесінде шамамен б.з.д. V мыңжылдыққа жатады. Египетте б.з.д. V мыңжылдықта бірнеше ондаған қарапайым құрылым- номдар пайда болған. Олар ІV мыңжылдықтың басында екі патшалық – Жоғарғы Египет және Төменгі Египетке біріксе, соңынан ІV мыңжылдықтың аяғына қарай бір орталықтанған мемлекет құрды. Бұған себепші өсіп келе жатқан таптық бөліну мен суармалы жүйені орталықтан басқару (мультимедиялық-презентация).
Ежелгі Египет мемлекеті мен құқығы тарихының кезеңдерге бөлінуі:
1-кезең – Ерте патшалық (б.з.д. 3110-2800 ж.ж. шамасы) Жоғарғы және Төменгі Египеттің бірігуінен кейін пайда болды. Бұл кезеңге тән сипат елдің бір мемлекетке нығаюы болып табылады.
2-кезең – Ежелгі немесе Ескі патшалық (б.з.д. 2800-2550 ж.ж. шамасы). Негізгі ерекшілігі: Египеттің айқын көріністі, алғашқы орталықтануы. Пирамидалардың салыну кезеңі:
1-өтпелі кезең (б.з.д. 2160-2134 ж.ж. шамасы). Египет бірнеше дұшпандық номдарға және ұсақ мемлекеттерге ыдырады. Кезеңнің аяғында Фива қаласы басқарушыларының жеңісі нәтижесінде Египет Фив қамқорлығына бірікті.
3–кезең – Орта патшалық (б.з.д. 2050-1700 ж.ж. шамасы). Египеттің Фив қамқорлығына ары қарайғы бірігуі.
2-өтпелі кезең (б.з.д. 1700-1530 ж.ж. шамасы). Ел қайтадан көптеген ұсақ мемлекеттерге ыдырап, оның көп бөлігін гиксос тайралары жаулап алады.
4-кезең –Жаңа патшалық (б.з.д. 2575-1087 ж.ж. шамасы). Бұл кезеңге тән ерекшелік – Египеттің ХVІІІ фараондар (перғауындар) әулеті билігі астына бірігуі. Египет ірі империяға айналады.
Бұл кезеңнің соңында Египет мемлекеті құлайды. Оларды парсылар жаулап алады, одан кейін Александр Македонскийдің әскері жаулап алады. Ал б.з.д. 30-жылы Египет Рим империясының провинциясы болады.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет