Білім және ғылым министрлігі



бет18/31
Дата06.01.2022
өлшемі96,27 Kb.
#14891
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31
Байланысты:
картоп аурулары

Беде бізтұмсығы: сабақты Apion seniculus Kby., жасылдау A. virens Hbst. (Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды). Сабақты қоңыздар жасылдау, аяқтары қара балып келеді. Сабақты бізтұмсықтың дене тұрқы – 2-3,5 мм. Қоңыздардың денесі сұр тікінектермен жабылған. Қоңыздар қыстайды. Көктем кезінде олар беде жапырағын шұқырайтып кеміреді. Жұмыртқаларын бір-бірден өсімдік сабағының арнайы кемірілген тереңіне орналастырылады. Дернәсілдер сабақтың ішіне бойлай жүретін жол кеміреді. Қоңыздардың жаңа ұрпағы кішкене саңылау кеміріп, сыртқа шығарады.

Күресу шаралары. Жемшөп бедесін шанақтану – алғашқы глдеу кезеңінде шапса, оны жинау және шөпті тез кептірген кезде жұмыртқалары мен дернәсілдері өліп қалады. Егісті жаппай өскен және шанақтану кезеңінде инсектицидпен өңдеуге болады.

Сары тихус тұқым жеміріTychius flavus Beck. (Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды). Қоңыздар ақшыл сары немесе қызғылт сары, денесінің ұзындығы кішкене – 2-2,8 мм. Дернәсілі иілген ақ, басы сары, денесінің ұзындығы – 2,5-4 мм. Қоңыздар жоңышқа алқабының топырағының беткі қабатында қыстайды. Жұмыртқаларын тесік істеп, жемісбұршақтың ішіне салады.қуыршақтану топырақта өтеді. Қоңыздың жаңа ұрпағы сол жерде қыстауға қалады. Жылына 1 ұпақ береді. Негізгі қауіпті қоңыздар мен дернәсілдер тигізеді. Қоңыздар өсімдік жапырағының төменгі жағынан жағалай паренхимасын кеміріп, зиян келтіреді. Дернәсілдері жоңышқаның бұршағында дамып, тұқымды құртады.



Күресу шаралары.Тұқымдықты сақтау үшін оны көп жыл өсірілген жоңышқадан кеңістікті оңашалау керек. Егер 1 м2 5-8 және одан да көп қоңыз есептелсе, онда жоңышқа егісіне сабақтану мен шанақтану кезеңінде инсектицид қолдануға болады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   14   15   16   17   18   19   20   21   ...   31




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет