Жоңышқа жапырағының бізтұмсығы немесе фитономус – phytonomus uariabilis Hbst.(Curculionidae – бізтұмсықтар тұқымдасы, Coleoptera - қоңыздар отряды).
Дене тұрқы – 4,5-5,5 мм-ге дейін жетеді. Мұртшасы буын-буынға бөлінген, денесінің түсі сұр қоңып болып келген. Қоңыздардың алдынғы арқасында 3 ақшыл ұзына бойлы жолақтар орналасқан. Дернәсілдердің денесінің ұзындығы – 10 мм шамасындай, денесінің түсі жасыл, басы қара, арқасында ақшыл жолағы бар. Қоңыздар өсімдік қалдықтарының астында және топырақтың беткі қабатында қыстайды. Олар жоңышқаның жапырағымен қоректенеді, сабағын кеміріп шұқырайтып тастайды. Жұмыртқаларын жоңышқа сабағының жоғарғы бөлігіне салады. Қоңыздардың жаңа ұрпағы температура жоғарылаған кезде жаздық үзіліске кетеді. Жылына 1 ұрпақ беріп дамиды. Негізінен дернәсілдер көп зиян келтіреді. Гүлдердің, сонымен қатар жапырақтардың бүршігін кеміреді, өсімдіктің жоғарғы бөлігінің солуын тудырады және өсу нүктесіне зияе тигізеді. Есейген жастағы дернәсілдер сабақпен, жапырақпен, гүлмен, үлдің түйнегімен қоректенеді.
Күресу шаралары. Фитономустардың санын азайту үшін ерте көктемде егістікті бірнеше із салып, тырмалау жұмыстарын жүргізу керек. Жоңышқаны ауыспалы егіске пайдаланған кезде көпжылдық дақылдарға шек қою керек. Көпжылдық егістен жоңышқаның тұқымдық учаскелері кем дегенде 500 м алыс болуы қажет. Жоңышқаның тұқымы мен шөбін кезектестіріп пайдалану керек. Энтомологиялық аулағышпен 10 сермеу жасағанда жоңышқаның көктеу кезеңінде – 3-8 қоңыз, сабақтану мен шанақтану кезеңінде – 10 дернәсіл түссе, онда инсектицидпен өңдейді.
Жоңышқа қандаласы – Adelphocoris Lienolatus Goeze. (Hemiptera – жартылай қатты қанаттылар немесе қандалылар отряды, Miridae – мирида тұқымдасы).
Қандала денесінің ұзындығы – 7-9 мм, ал түсі сары жасыл, алдыңғы арқасында екі нүкте орналасқан, қанаттың үстінде қоңырлау қара дағы бар. Жұмыртқалары көпжылдық бұршақ дақылдарының сабақтарында қыстайды. Бір жылда 2-4 ұрпақ беріп дамиды. Жоңышқа қандаласының дернәсілі мен ересек жәндігі жоңышқаны, эспарцетті, түйежоңышқаны. Бұршақты және т.б дақылдарды зақымдайды. Сабақтың жоғарғы бөлігіне, генеративтік мүшелеріне және жапырақтың шырының сорып, өсімдікке кп зияның тигізеді. Өсімдік мүшесінде өсудің нашарлауы, гүлдің және гүлшанақтың түсу құбылыстары байқалады.
Күресу шаралары. Көпжылдық бұршақ дақылдарын жинау кезінде кесіндіні төмен 5 см-ге дейінгі биіктікте шауып алып, егістен қандала жұмыптқасын сабақпен бірге шеттеу үшін жүргізу керек. Егер 1 м2 5-15 қандала есептелсе немесе аулағышпен 10 сермеу жасаған кезде 10-нан артық қандала түссе, онда егістікті инсектицидпен өңдеу жұмыстарын жасайды.
Достарыңызбен бөлісу: |