Білім және ғылым министрлігі


Дәріс №12 Автомобильдердің жалпы құрылысы



бет10/14
Дата09.05.2022
өлшемі2,52 Mb.
#33327
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
аза стан республикасы

Дәріс №12

Автомобильдердің жалпы құрылысы

Автомобильдер құрылысы жағынан өте күрделі машиналар қатарына жатады. Өйткені оның құрамына бірнеше механизмдер мен жүйелер кіреді және олардың құрылыстары әр түрлі болады.

Кузов тасылатын жүкті орналастыруға арналған. Сондықтанда ол таситын жүктің түріне қарай әртүрлі болады. Мысалы жүк таситын машиналардың кузовы науа тәрізді жасалып жүргізуші отыратын кабина жасалады. Ал адам таситын жеңіл машына мен автобустардың кузовына орындықтар қойылып тиісті санитарлық жағдайлармен қамтамассыз ететін қондырғылыр орнатылады.

Двигатель автомобильдің жүруіне және басқа жұмыстарға арналған қажетті қуатты тудыратын бөлігі. Оның негізгі жұмыс принципі энергияның бір түрін екінші түріне айналдыру болып табылады. Осы двигательден алынған механикалық энергия автомобильлдің жүргізгіш дөңгелегіне беріледі де ол жол бетімен жанасып автомобильді қозғайтын күш тудырады.Сөйтіп автомобиль жол бетімен жүруге мүмкіндік алады. Сондықтанда двигательдің басқа осындай жұмыс атқаратын генератордың айырмашылығы, двигательден тек қана механикалық энергия алынады, ал генераторларда энергияның басқа түрлері де алынуы мүмкін. Мысалы электр энергиясы, жылу энергиясы т.с.с.

Шасси деп автомобильдің жол бетімен жүруге арналған бірнеше қондырғыларын біріктірілген бөлігін айтады. Оған трансмиссия алдыңғы және артқы белдемелер жүретін дөңгелектерімен машина тұғыры дөңгелек аспалары рульдік және тежегіш қондырғылар кіреді.осы қондырғылардың әрқайсысы белгілі бір жұмысты атқаратын бірнеше механизмдермен жүйелерден тұратын күрделі қондырғы болып табылады.

Трансмиссия двигательден келген қуатты машинаның жүретін дөңгелегіне жеткізіп беретін қондырғы. Ол тек қуатты тасымалдап қана қоймайды оны машина қажетіне қарай түрлендіріп өзгертіп береді.Себебі машинаға жүргізуге қажетті күш көп болған жағдайда автомобильдің артқа қарай жүруін де қамтамассыз етеді. Сөйтіп трансмиссия көптеген қызмет атқаратын күрделі қондырғы.

Алдыңғы және артқы белдемелер. Негізінен автомобильдің салмағын дөңгелектер арқылы жол бетіне түсіру қызметін атқарады.Осыған қосымша ол белдемелерде бірнеше түрлі механизмдер орналасады. Мысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның аспаныңысалы артқы жетекші белдемеде трансмиссияның аспаның тежегішті т.с.с бөлшектер орналасады.

Машина тұғыры автомобильдің шасси бөлігінің барлық механизмдерімен қоса двигательмен кузовты да бекітуге арналған қондырғы. Ол өздерінің құрылысына қарай әртүрлі болады. Кейбіреуі арнаулы рамадан жасалып көбінесе жүк машиналарында бөлек қондырғы құраса кейбіреуі кузовпен бірге жасалады.

Дөңгелек аспалары алдыңғы және артқы белдемелерді машина тұғырына бекітіп қана қоймайды жүріс кезінде автомобильдің жүрісін жұмсарту қызметін атқарады. Себебі жүріс дөңгелектері жол бетінің бедерімен жанасқан кезде неше түрлі туып автомобильді тербеліске келтіреді. Егер ол тербелістің амплитудасын азайтып жиілігін бір қалыпөа келтірмесе машинаның жүріс жұмсақтығы бұзылады. Сөйтіп оның жұмыс өнімділігіне кері әсерін тигізеді.

Басқару жүйесі көптеген механизмдерден құралады.олардың негізгісі машгинаның жүріс бағытын басқаратын рульдік механизм. Сол рульдік механизм арқылы автомобильдің жүрісін берілген траектория арқылы бағыттап отырады.

Тежеу жүйесі автомобильдің жылдамдығын азайтып тіпті тоқтату қызметін атқарады. Сондықтан да бұл механизм автомобильдіңдің барлық жүріс дөңгелектерінде орналасып оның айналуын тежеу арқылы ауырлатады да жүріс жылдамдығын азайтуға мүмкіндік береді. Автомобильдің осы айтылған бөліктерінің орналасуы әртүрлі болуы мүмкін. Оның негізгі себебі олардың эксплуатациялық қасиеттерін жақсарту болып табылады. Автомобильдердің осы бөліктері оқулықта үш бөлімге бөлініп қаралады. Сол кезде олардың орналасу ерекшеліктері артық – кемшіліктері түрлері құрылыстары жұмыс істеу принциптері егжей тегжейлі талданады. Көбінесе бір механизмнің негізгі принципі толық түсіндіріліп басқаларының ерекшеліктері аталып өтеді. Себебі ондағы кездесетін механизмдер мен қондырғыларды бір оқулықтың көлеміне сидыру мүмкін емес.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет