Дәріс №8 Топырақ өңдеуге арналған машиналар. Плугтар құрлысы, пайдаланылуы.
Қазіргі қолданылатын топырақ өңдейтін машиналар мен құралдар орындайтын технологиялық процестеріне қарай мынадай топтарга бөлінеді:
- топырактың қыртысын аудара отырып негізгі және терең жыртуға арналған қайырмалы-түренді плугтар;бұл плугтармен топырақты ортаға немесе шетке қарай үуіп жыртуға да,тегіс жыртуға да болады,ол үшін жұмысқа алма-кезек қосылатын және аудармалы жал енмесе ажырамалы борозда жасамайтын,оңға және солға аударатын корпустар қолданылады;
-топырағы жел эрозиясына шалдыққан аудандарда өңдеуге қолданылатын қайырмасы жоқ қопсытқыштар;орман дақылдарын егіп-отырғызу үшін қолайлы жағдай жасау мақсатында топырақты жолақ жасап өңдейтін дискілі қопсытқыштар;
-топырақты тайыз өңдеуге(сыдыра жыртуға) арналған сыдыра жыртқыштар;
-батпағы құрғатылған жерлердің топырағын негізгі өңдеуге немесе шалғын мен жайылымды күтуге арналған,жұмыс органдарын ықтиярсыз қозғалысқа келтіретін арнайы жетегі бар фрезалар мен басқа да топырақ өңдейтін машиналар;
-топырақты қосымша қопсытуға,арамшөпті отауға,пар мен мәдени дақылдарды күтуге арналған культиваторлар;
-топырақ қыртысы мен кесегін ұсактауға арналған,танап бетін тегістеуге,арамшөпті отауға,шалғын мен жайылымды күтуге арналған тырмалар;
-жыртылған жердің бетін тегістеуге арналған тегістегіш сүйретпелер;
-жыртылған жердің кесегін ұсақтауға,себер алдында және сепкеннен кейін топырақты тығыздауға, күздік егістіктегі топырақ қыртысы мен мұз қабыршагын бұзуға арналған катоктар.
Сүдігер өңдеу – топырақ өңдеудің негізгі түрі. Оны өнімді жинап алғаннан кейін сыдыра жыртудан бастап, арамшөптер өсіп шыққаннан кейін тереңдігін 20-27 см етіп жыртумен аяқтайды.
Себер алдындағы өңдеуді ылғал тоқтату үшін азғана тереңдікте қопсыту арқылы жүргізеді. Терең жыртуда күлді топырақтарға бау – бақша ағаштарын немесе қызыл топыраққа шай плантациясын отырғызу үшін арнаулы плугтар колданылады. Плугтардың түренді – қайырмалы корпустары, сол сияқты культиватор табндары мен тырма тістері жылжымалы сына тәрізді етип жасалынған жұмыс органдары болып табылады.Ал дискілі плугтардың, сыдыра жыртқыштардың және дискілі тырмалардың жұмыс органдары сфералық дискі түріне жатады.
Плугтар
Плугтардың жіктелуі, плугтардың кұрылысы. Плугтың жұмыс органдары мен қосымша бөліктері Казіргі трактор плугтарын былайша жіктеуге болады:
атқаратын жұмысын қарай – жалпы жұмыс және арнаулы жұмыс плугтары;
корпус санына қарай – бір, екі, үш, төрт, бес, алты, сегіз және тоғыз корпусты;
тракторға тіркелуіне қарай – тіркелмелі, жартылай аспалы және аспалы;
корпустарының қайырма формасына карай – дақылдық қайырмалы (жалпы жұмысқа арналған плугтар мен түренді сыдыра жыртқыштар), торлы қайырмалы(ылғалды және жабысқақ топырақты өңдейтін), жартылай винтті және винтті қайырмалы(тың және тыңайған жерлерді жыртатын) плугтар.
Жалпы жұмысқа арналған плугтар топырақты 27 см тереңдікке дейін жыртуға колданылады. Арнаулы плугтар ерекше операцияларға пайдаланылады. Мысалы, ВПН – 2 плугымен орман және жеміс – жидек питомниктеринде – жеміс және ағаш көшеттерін қазып алады; ПЛП – 135 жолақты орман плугын орман дақылдары үшін топырақ дайындауға, өрттен сақтандыру және суару жолақтарын жүргізуге пайдаланады, сондай – ақ ол жас ағаштар аралығында ашық алаң жасайды және осы кезде ұсақ бұталар мен түбірлерді қаза отырып, оларды бір жағына жылжыту жұмысын атқарады. Плуг маркалары былайша оқылады: ПН – аспалы плуг, ПБН – батпаққа арналған аспалы плуг, ПЛП – жартыай аспалы плуг, ПСГ – гидрофицияланған бау – бақша плугы; екі мәнді цифр – корпус алымының ені, цифрдан кейінгі әріп – плугтың өзгертілген түрі(А – жаңа модель, Р – тіреуіш доңғалағы бар, ПГ – топырақ қазғышы бар әрі гидравикалық жолмен басқарылады).
Плугтардың кұрылысы.СА – 2 автотіркеуіші бар тракторға арналған бес корпусты үйлестірілген аспалы ПЛН – 5-35 плугы құрамында тасы жоқ, меншікті кедергісі 88,3 кПа болатын топырақты 30 см тереңдікке дейін жыртуға арналған. 88,3-дан артық топырақты жырту үшін плугты төрт корпусты етіп жабдықтауға болады, ол үшін шым аударғышымен қоса бесінші корпус алынып тасталады. ПЛН – 5-35 плугы ДТ-75 М, Т-150 К, жане Т-4А тракторларымен агрегатталады. Плугты 9-12 км/сағ жылдамдықпен жер жыртуға арналған арнаулы корпустармен жабдықталған кезде Т-150, Т-150К тракторларына агрегаттау керек. Плугтың негізгі жұмыс органдары дискілі пышақ, шым аударғыш және табан арқылы түрен, қайырма және жақтау штампталған болат тірекке бекітілген корпус болып табылады.
Плугты жылдам жыртатын, жартылай винтті, кесік ойықты, қайырмасыз, топырақ тереңдеткіші және жылжымалы қашауы бар дақылдық корпустарымен жабдықтауға болады. Корпустарды алмастыру үшін түрен, қайырма және жақтау бкеітілген табанды ауыстырады. Плугты қайырмасыз немесе бұрыш өзгерткіші бар жартылай винттікорпустарымен жабдықтаганда шым аударғыштар орнатылмайды.
Рама, тіреуіш доңғалағы және СА – 2 автотіркеуіш құлпы – плугтың қосымша жабдықтары. Плуграмасы пісірмелі, ал брус арқалықты қатайтып ұстап тұрады. Жер жырту тереңдігін бірсыдырғы реттеп отыратын тіреуіш доңғалағы раманың сол жағына орналасқан. Оны винтті бұрау арқылы төмен түсіріп немесе жоғары көтереді. Тіреуіш доңғалағының діңгегінде әрбір 2 см сайын белгі салынған. Тіреуіш доңғалағы конусты роликті подшипникке, ал дискілі пышақ бір рет қана майланатын шарикті подшипникке орнатылған.
СА – 2 автотіркеуіші екі бөліктен – плутың өзіне бекітілген құлыптан және трактордың аспалы гидрожүйесине бекітілген автотіркеуіштің өзінен тұрады. Плугтағы құлыпты екі қалыпта орнатуға болады. Плугты Т – 4А немесе Т – 150 тракторларымен агрегаттағанда құлып бірінші мен екінші тесіктер бойынша бекітіледі, ал Т - 150К тракторымен агрегаттағанда оны бірінші, үшінші, бесінші және алтыншы тесіктерге орнатады.
Плугтың жұмыс 1480 кг, дақылдық корпустар типіндегі агрегаттың жылдамдығы 7 км/сағ болған кездегі өңімділігі 1,05 га/сағ.
Плугтың жұмыс органдары мен қосымша бөліктері. Түрен топырақ қыртысының астын тілуге арналған. Оны арнаулы болаттан жасайды. Жүзінің 20 – 35 см енін жылулық өңдеуден өткізеді. Түренге әсер ететін үйкеліс күшін азайту үшін, оның төменгі жазықтығы борозда түбіне тимейтіндей, ал кедергі тек жүзіне ғана келетіндей етіп орналастырады. Түрен борозда түбіне 22 – 30 бұрыш жасап, көлбей орнатылуы тиіс. Оның жүзі борозда жазықтығымен 30 – 35 бұрыш жасайды. Бұл бұрышты қайырма төсінің тұрған қалпына қарай таңдайды әрі ол қайырма типіне тікелей байланысты. Осы бұрыш сүйір бұрыш болған сайын. Егер түрен тозса, онда оны темір ұстасында қыздыра созып, алғашқы формасына келтіреді немесе жаңасымен алмастырады.
Түрендер трапеция немесе қашау тәрізді болады. Олардың жұмыс беті цилиндір пішінде жасалынады. Трапеция тәрізді түрендердің, бүкіл ұзындығы сырт жағынан калың етіп жасалған және оны <<магазин >> деп атайды, ал қашау тәрізді түренннің тек тұмсығын ғана калың етіп жасайды. Магазин – бұл арнайы жасалған металл қоры. Тозған түренді сол қордын есебіне созып алғашқы қалпына келтіреді. Бүгінгі таңда қашау тәрізді түрендер өте көп таралған.
Өтпейтін түрен плугтың тарту кедергісін 1,5 есе арттырады да, соның есебінен жанар май шығыны көбейеді. Сондықтан түренді барлық жүзінің ұзындығы бойынша 4,5 мм қалыңдықта қыздырып созады. Созылған түрен шыңдалады. Түрең жүзінің өткірлігін бір қалыпты сақтау және тозу төзімділігін арттыру үшін өнеркәсіп орындары кескіш қырының бүкіл өн бойына енін 25 мм етіп катты қорытпамен пісірілген арнаулы түрендер шығарады.
Плугты жұмысқа дайындау. Плугты жұмысқа дайындауды оның дұрыс құрастырылғандығын тексеруден бастайды. Плугтың дұрыс жиналғандығын борозда кабырғаларының қалпына сәйкес паралель сызықтар жүргізілген, бестондалған немесе тақтайланған жазық еденде тексерген жөн. Плугты еденге коярда оның артқы корпус түренінің атыз кесігі мен атыз тақтайшасының сыртқы беті соңғы борозда қабырғасына сәйкес келетін түзудің бойында жататындай етіп орналастырады. Дұрыс орнатылған плуг мынадай негізгі талаптарды канағаттандыруы тиіс:
Барлық корпус түрендерінің тұмсықтары мен өкшелері, олардың аралығына қатты керілген жіпке немесе рейкаға толық тиіп тұруға тиіс. Керілген жіптен немесе рейкадан алшақтауы 5 мм–ден аспауы тиіс.
Дискі жазықтығының айналасы вертикаль бағытта болады. Дискі осінің алшақтауы 1мм-ден аспауы тиіс. Рамада қисықтық болмайды. Тексеретін алаңның сол және он жолақтардың биіктерінде жіберілетін алшақтық 5 мм-ден артық емес. Доңғалақтар қисаймай ось бойымен еркін айналуы тиіс. Плугтың дұрыс құрастырылғандығына көз жеткізгеннен кейін түреннің, қайырманың және дискілі пышақтың жұмыс беттерін бояудан тазарту қажет.
Жұмыс органдарының беттеріне жуғыш АФТ ТУМХП – 2648-51 сұйығын бүріккішпен немесе қылқаламмен жағып бояу қабаты босағаннан кейін оларды жұмсақ шүберекпен сүртіп тастайды. Май сауытын тазалап, детальдардың үйкелетін беттерін майлайды. Тіреуіш доңғалағын қажетті жер жырту тереңдігінен 1-2 см төмендеу орналастырады.
Шым аударғыш түрендерінің тұмсығы мен негізгі корпустың арасына дейінгі қашықтық 250 мм-ден кем болмайтындай етіп қойылады. Шым аударғышты биіктікке қойғанда оның тірегінде жасалған цилиндр тәрізді бүртікті пайдаланылады. Шым аударғыштың тірегін жырту тереңдігін 20 см етіп қойғанда оның жоғарғы тесігіне, 22 см етіп қойғанда – екінші, ал жырту тереңдігі 24 см болғанда – үшінші, 25-26 см болғанда төртінші, ал 27 см кезінде – ең төменгі тесігіне бекітеді. Шым аударғышты осылай орналастырғанда ол шымды қабатты 10-12 см тереңдікке тіледі. Алдымен шым аударғышты жер жыртудың берілген тереңдігіне қояды да, содан кейін дискілі пышақты орналастырады. Дискілі пышақ тірегін, консольды ұстап тұратын тәжді шайбаның тісі консоль ойығының ортасында болатындай етіп, ал пышақтың жалпақ жағы плуг рамасының бойлық брусына паралель және шым аударғыштың атыз кесіндісінен 10-20 мм сырт шығып тұратындай етіп бұру қажет.
Плугты тракторға асу. Плугты тракторға асар алдында тіркеме қапсырманың шығарып тастайды, құралды екі нүктелі немесе үш нүктелі әдіспен жалғастыратын трактордың аспалы қондырғысын тексереді. ПЛ – 5-35 плугын трактормен жалғастыру үшін трактордың аспалы механизмін үш нүктелі схемаға қояды.
ДТ -75М тракторының аспалы механизмі трактордың артқы осіне қондырылады және ол жалғастыратын кронштейндер арқылы трактор рамасы лонжерондарының артқы ұштарына құйылып пісірілген кронштейндерге бекітіледі. Артқы оське кронштейндер жалғасады. Аспалы механизмін үш нүктелі схемасы кезінде төменгі бойлық тартқыштар кронштейнмен. Ал нүктелі кезінде одан басқа кронштеймен жалғасады. Бойлық тартқыштардың шао тәрізді топсаларына төменгі айқыш тартпалар ашасы бекітіледі. Айқыш тартпалар винтті муфталар арқылы оң және сол көтергіш рычагтармен жалғасады. Ал рычагтар втулкалар арқылы жоғарғы оське орналасқан іші қуыс, бұру білігіне орнатылған, Соңғы втулка тіректердің қалпақшасына бекітілген.
Құралды көтеру кезінде цилиндрдің штогы шығады да бұру білігі арқылы сол жақтағы көтергіш рычагқа тіреліп тұрган рычагты басқа рычагпен бірге көтереді. Зорлап төмен түсіргенде бұру рычагын көтергіш рычагпен саусақ арқылы жалғастырады.
Орталық тартқыш муфтамен жалғасқан. Тартқыш серіппе мен тартқыш ұзындыгын өзгертетін винтті муфтадан тұрады. Жартылай аспалы плуты Трактормен агрегеттағанда алдымен тіркеме қапсырмасын трактордан алып тастайды да, үш нүктелі схема бойынша трактордың аспалы механизмін орнатады. Трактордың аспасына СА–2 автотіркеуіші орнатылады да, тракторды шегіндіре отырып, автотіркеуішті кұлып куысына кіре алатындай етіп төмен түсіреді.
Плугпен жер айдауды екінші бороздан бастайды. Осы кезде трактордың шынжыр табанынан немесе доңғалаңынан борозда шетіне дейінгі қашықтық 1-кестедегідей болуы тиіс. Бұған қосымша плугың рамасын тегістей бастайды.
1-кесте. Плугты трактормен агрегаттаған кездегі тартқыштың өлшемі
Трактор
маркасы Трактор
ені,мм Тартқыштың
өлшемі,мм Шыңжыртабан
(доңғалақ)мен борозда қабырғасына дейінгі қашықтық,мм
ДТ-75М
Т-4А
Т-150
Т-150К 1750
1804
1850
2200 880
880
880
1020 300
270
250
300
Жер жырту агрегатын жабдықтау. Жер жырту агрегатын жабдықтағанда трактордың қуатын неғұрлым түгел пайдаланытндай етіп жабдықтайды. Шағын және әр түрлі формадағы учаскелерді жырту үшін Т-25А тракторына агрегатталған бір,екі немесе үш корпусты ПН-30Р плугын қолданады немесе ПЛН-3-35 плугын МТЗ-80/82 тракторымен агрегаттайды.
Поволжье мен Қазақстанның және басқа да далалы аймақтарын жырту үшін біздің өңдірісіміз қуаты үлкен әрі шапшаң жүретін тракторлар шығарады, мысалы, К-700А, К-701, Т-150, Т-150К. Мұндай қуатты траклардың болуы қазірдің өзінде жер жыртатын агрегаттардың қнімділігін арттыруға мүмкіндік беріп отыр. К-701 тракторы мен жартылай аспалы тоғыз корпусты ПТК -9-35 плугынан құралған агрегаттың қнімділігі 2,76 га/сағ.
Жоғары жылдамдықпен жұмыс істегенде егістік күйінің маңызы зор. Тегіс емес жерлер, жиналмаған сабандар, жолдар, терең бороздалар жұмысты қиындатады, шапшаң жүретін трактор агрегатының өнімділігін азайтады. Жоғарғы жылдамдықта плугтың жұмыстық тетіктері жиі-жиі жер бетіне шығып кетеді, болттық жалғастырулар босайды, әлсіз пісірілген жапсарлар мен басқа да жалғастырғыш детальдар бұзылады.
Плугтың жұмысы жоғары сапалы және өнімді болуы үшін түрендердің кескіш жүздерінің өткір бөлуін қадағалау қажет. Өтпейтін жүздерді созып өткірлейді. Кәдімгі стандартты түрен бірінші созуға дейін 2,0-3,5 га жер айдайды. Егер түренді қатты қорытпа етіп балқытып дәнекерлеп, өзі қайралатын етіп жасаса, онда оның жүздерін жүздерін созбастан 50-дан артық жер жыртуға болады.
Плуг конструкциясына шолу. Жалпы жұмысқа арналған жартылай аспалы плугтар. ПТК-9-35 тоғызз корпусты жартылай аспалы плуг меншікті кедергісі 88,3 кПа-ға дейін жететін, тасы жоқ топырақты тереңдігін 30 см-ге жеткізіп жыртуға арналған. К-701, К-700А тракторларына агрегатталады. Плугтың конструкциясы, оның бір корпусын жұмыс істеуге мүмкіндік береді. Плуг тырмаға арналған тіркемемен жабдықталған және каток тіркейтін де орын бар.
ПТК-9-35 плугы металл доңғалағы бар оң және алдыңғы тіреуіш доңғалақтарының механизмдері орнатылған рамадан, шым аударғыштан, корпустан, пневматикалық доңғалақтары бар тасымалдау механизмінен, сигнал қалқандарынан, аспадан, май түтіктерінен жіне плугтың артқы корпусының алдына орнатылған дискілі пышақтан тұрады.
Плуг рамасы өзара топсамен жалғасқан үш қуыс брустан жасалған. Негізгі, бойлық, көлденең бруста өзара топсалармен жалғасқан. Көлденең және бойлық брустарды жалғайтын топса жылжымалы. Топсаны бойлық брустың бойымен жылжыту арқылы негізгі брустың қалпын және плугтың алым кеңдігін өзгертеді. Негізгі брустың артқы ұшы алмалы-салмалы болғандықтан, плугты сегіз корпусты етіп құрастыруға мүмкіндік береді.
Плуг корпусы сегіз табаннан тұрады, оның төменгі штампталған ұшына құйма табан үш болтпен бекітіледі. Осы табанға түрен, қайырманың қанаты мен төсі және жақтау орнатылады. Тіректің жоғарғы ұшында эксцентрик жұдырықшасы пісіріліп бекітілген арнаулы кронштейнге тірек қамыттарымен бекиді. Плугтың алым кеңдігі өзгергенде, жылжу бағыты бойынша жұмыс қалпын сақтау үшін қамыттарды босатып, корпустарды тиісті шамаға бұруға болады.
Шым аударғыш төменгі штамтталып жасалған, ұшына түрен мен қайырма бекітілетін дөңгелек тіректен тұрады. Тіректің жоғарғы жұмыр ұшы арнайы құйылып жасалған тұтқышқа еніп тұрады да, қосадқы гайкасы бар винттермен оны қажетті қалыпта тұрақтандырады, сол үшін тірекке тұрақтандырғыш винт ұшы ентін алты ойық жасалған. Шым аударғыштың тұтқышы негізгі брусқа қамыт пен гайка арқылы бекиді әрі ол брус бойымен жылжи алады. Шым аударғыштың дөңгелек тірегі оны ұстағышпен бұруға мүмкіндік береді, сөйтіп плугтың алым кеңдігі өзгергенде шым аударғышты жүріс бағытымен дұрыс қоюға жағдай туғызады.
Тасымалдау механизмі плугты жұмыс қалпынан тасымалдау қалпына немесе керісінше аудару қызметін атқарады. Ол раманың бойлық және негізгі брустарына бекітілген, ұштарында цифрлары бар, көлденең брустан тұрады. Көлденең брусттың оң және сол жағындағы цапфаларына, ұштарына пневматикалық доңғалақтар орнатылған, консольдар бекітіледі. Консольдардың жоғарғы ұштары гидроцилиндрлермен жалғасады. Плуг тасымалдау кезінде екі пневматикалық доңғалақтармен жылжиды. Топырақ жырту кезінде оң доңғалақ жоңары көтеріліп қойылуы тиіс және жер бетінен жоғары тұрғанда қозғалмастай етіп бекітіледі, ал сол доңғалақ жырту тереңдігін реттейді. Реттеу, сол жақ консольдың жоғары қарай жылжуын шекткп тұратын винт арқылы жүзеге асырылады. Пневматикалық доңғалақтар шинасындағы ауа қысымы 0,35 МПа болуы тиіс.
Алдыңғы тіреуіш доңғалақтың механизм тіректен, жартылай осьтен, күпшектен және құрсаудан тұрады. Онымен жер жырту кезінде плуг рамасын тегістейді, ал рлугты шығарып қойғанда алдыңғы доңғалақ тірек қызметін атқарады. Ол екі құрсаумен бойлық брусқа бекітіледі. Ол жоғарғы ұшына құйрықты гайка, ал төменгі ұшына жартылай ось бекітілген тіректен тұрады. Құйрықты гайка реттегіш винт өтіп тұратын бұрандалы тесікпен жабдықталады. Тіректің төменгі ұшына доңғалақ бекітілетін жартылай ось орнатылған.
Корпустар болаттан құйылып жасалған тіректерден және оған бекітілген түрен мен қайырмадан тұрады. Екінші мен үшінші қабаттағы корпустардың атыз тақтайшалары бар. Плуг корпустарын алмастыру арқылы онымен екі немесе үш ярусты етіп жер жыртуға болады. Үш ярусты плугпен жер жыртқанда топырақтың жоғарғы қабаты аударылып, жердің бетіне түседі, екінші қабаты өзара орын алмастырады, яғни екінші қабат тереңге түседі де үшінші қабат оның орнына ауысады. Жер жыртудың мұндай схемасы плугтың алдыңғы жағына орналасқан корпус арқылы жүзеге асады, өйткені ол топырақтың жоғарғы қабатын аударып үшінші қабатқа түсіреді.
Аддыңғы корпустан кейін орналасқан корпус оған қарағанда оңға қарай орнатылғандықтан топырақтың үшінші қабатын оның үстінде жатқан бірінші қабатпен қоса көтереді де, оларды аудармастан бір шетке қарай жылжытады. Осымен бір мезгілде плугтың арт жағында орналасқан корпус, оның алдындағы ұзын қайырмалы корпус ашып кеткен борозда түбіне екінші қабатты аударып түсіреді. Ортаңғы корпустан жылжып шыққан үшінші мен бірінші қабат борозда түбіне түскен екінші қабатты жауып қалады.
Плугты екі корпусты плугпен жырту үш тәсілмен жүргізілуі мүмкін.
Бірінші тәсіл – топырақтың жоғарғы қабаты жер бетіне салынады, ал екінші мен үшінші қабат өзара араластырылады. Ол үшін алдыңғы корпусқа ұзын қайырма орнатылады, ортаңғы корпустағы ұзын қайырманы қысқасымен салмастырады, ал корпустың өзін алдыңғы корпустың ізімен жүретіндей етіп рама ішіне орнатады, артқы корпусты алып тастайды.
Екінші тәсіл – топырақтың жоғарғы қабатын тереңге көмеді, ал төменгі екі қабаты аудармастан бір корпуспен жоғары көтереді. Мұндай технологиялық процесті орындау үшін артқы корпусты алып тастайды да, оның орнына алдыңғы корпусты орнатады, ортаңғы корпус орнында қалады. Мұндай екі корпуспен жер жырту схемасы жоғарғы қабаты кұрылымсыз топырақтар үшін қолданылады.
Үшінші тәсіл – топырақтың жоғарғы қабатын плантаждық типте жыртады. Бұл жағдайда артқы корпус алынады, ал ортаңғы корпусты алдыңғы корпустың ізімен жүретіндей етіп рама ішіне орнатады.
Плугты трактормен агрегеттағанда оның аспалы жүйесін екі нүктелі схемаға келтіреді. Жоғарғы және горизанталь аспа тартқыштарын шеткі оң жақтағы орынға бекітеді. Аспа механизмінің айқыш тартпалары берік болуы тиіс. Плугты асу үшін трактор аспасы горизанталь тартқыштарының шар тәрізді втулкалары өздеріне сәйкес цапфаларға дәл келетіндей етіп тракторды шегіндіреді. Содан кейін кезекпен шар тәрізді втулкалары цапфаларға кигізеді де оларды алмалы-салмалы штырьлармен бекітеді. Аспа механизмінің жоғарғы тартқышты плуг аспасының айқыш тартпасына штырьмен қосылып бекітіледі. Горизанталь тартқыштардың блокировкалайтын шынжырлары аз салбырайтындай, ал тасымалдау қалпында трактор гидроаспасынын, төменгі осін бекітітін бугель шпилькаларына гидроцилиндрден күш түспейтіндей етіп реттейді.
Бірінші борозданы салып жер жырту кезінде ортаңғы корпус 15-20 см тереңдікте болуы керек. Плугтың екінші жүрісінде корпустарды жыртудың берілген тереңдігінде жүретін етіп кояды. Плуг бір жағына тартпай, берілген бағыт бойынша бороздамен орнықты жүруге тиіс. Плугтың қисаюынан жырту тереңдігі біркелкі және борозда түбі тегіс болмауы мүмкін. Егер плуг рамасы осы жаққа еңкейіп жүрсе, онда трактор аспсының оң жақтағы төменгі тартқыш буынындағы айқыш тартпаны ұзарту, ал оңға еңкейсе, қысқарту керек. Трактор жылдамдығы 5,0 км/сағ, алым ені 40 см жырту тереңдігі 40 см болғанда плугтың өнімділігі 0,2 га/сағ.
Достарыңызбен бөлісу: |