Білім және ғылым



бет110/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   146
Байланысты:
ergojin-polimerlerdin

СК полимерлерді молекулалық құрастыру принциптері. Төмен молекулалық сұйық кристалдардың (көбінесе мезоген деп аталатын) ең басты ерекшелігі олардың қатаң таяқша тәрізді және дөңгелек немесе тақтайша тәріздес молекулалар құрылысының ассиметриясына байланысты екені бәрімізге мәлім. Макромолекула тізбегіндегі бір немесе бірнеше бензолды сақиналар, көп ядролық ароматты және гетероциклді топтар мезогенді топтар деп аталады. Осы мезогенді топтардың болуы молекулаларды бір-біріне параллель орналасуға бағыттайды және де барлық физикалық қасиеттерінің едәуір анизотропиясының пайда болуымен өтеді. Макромолекуланың иілгіштігіне қарай полимерлер шартты түрде иілгіш және қатаң тізбекті болып екіге бөлінеді.
Полимерлердің иілгіш және қатаң тізбекті макромолекулалар түрлерін салыстырсақ, қатаң тізбекті полимерлер ғана СК фазасы пайда болуының қажетті барлық шарттарына барынша жауап береді екен, сондықтан барлық қатаң таяқша тәрізді макромолекуланы мезогенді деп қарастыруымызға болады. Бірақ көптеген қатаң тізбекті полимерлердің химиялық ыдырау аймағына жақын тұрған балқу температурасы өте жоғары болғандығынан, термотроптық мезофазаның пайда болу мүмкіншілігін толық жояды. Бұл полимерлер тек қана белгілі бір немесе агрессивті ерітінділерде еруі арқылы лиотропты сұйық кристалдар құрауы мүмкін. Иілгіш тізбекті полимерлер макромолекулалары балқымаларда статистикалық оралған (бүктелген) шумақтар түріндегі конформацияда болады (7.1-сурет караңыз). Бұл жағдай ретті тізбек үзінділері аймақтарының пайда болуына және сол себептен мезофазаның қалыптасуына кедергі жасайды.
Термотроптық СК полимерлер жасау мақсатында қатаң және иілгіш үзінділерді бірыңғай бір молекулаға химиялық байланыстыру қажет. Химиялық байланыстыру арқылы алынған макромолекуланың құрылысы сызықты (7.2, в-сурет) немесе бірнеше тармақты (тарақ түрінде) (7.2, г- сурет) болуы мүмкін. Қатаң үзінділер ретінде төменгі молекулалық сұйық кристалдар молекулалары немесе СК фаза пайда болуына жауапты, олардың мезогенді топтары алынуы мүмкін. Өз ретімен, әдетте, «шешілетін жері» деп аталатын иілгіш үзінділерді тізбекке енгізу арқылы макромолекуланың қатаңдығын төмендетіп, полимердің балқу температурасын азайтады, сондай-ақ мезофаза пайда болуына қажетті өзара (бірлескен) кооперативті әрекет жасауға мүмкіншілік беретін қатаң мезогенді топтарға өз-өзін билеуге ерік береді. (Әдетте, әдебиетте «шешілетін жері» терминінің орнына ағылшын эквиваленті «Spacer» - спейсер термині қолданылады).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   106   107   108   109   110   111   112   113   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет