Білім және ғылым


Полимерлік гидрогельдерді



бет106/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   146
Полимерлік гидрогельдерді алудың негізгі әдістері

  1. . Гидрофильді мономерлерді ( мысалы: акриламидті, гидрокс иалкиметакрилаттарды, акрил қышқылы және оның тұздарын, N-винилпирролидон және т.б.) түзуші агенттермен (этиленгликольдиметакрилат, N, N΄- метилен-бисакриламид) радикалдық полимерлеу.

  2. Гидрофильді олигомерлерді (мысалы: олигоэтиленгликольдер) немесе полимерлерді торлы полимерлер синтездеу әдістерін қол- данып тігу.

  3. Жоғарыда келтірілген мономерлерді табиғи полимерлерге (целлюлоза және оның эфирлері, декстран, желатин ) жалғау.

  4. Полимерлердің химиялық реакциялары арқылы, мысалы, торланған немесе жалғанған полиакрилонитрилды гидролиздеу.

Гельдердің құндылығы оларға тән ерекше екі қасиетіне бай- ланысты:

  1. Гельдер еріткіштердің шамадан тыс мөлшерін сіңіре алады, яғни суперабсорбциялық қасиеті бар.

  2. Гельдер қоршаған орта жағдайының (температура, рН, иондық күш, электр өрісі, еріткіштің табиғаты және т.б.) әсерінен өзінің көлемін ондаған, жүздеген есе қайтымды өзгерте (ісіну-жиырылу, коллапс-деколлапс) алады.

Гельдердің суда қатты ісіну қабілеті олардың құрылымында ионогенді (-COOH, -NH, -SOОH және т.б.) және полярлы (-C=O, -OH,
-C-O-C- және т.б.) гидрофильді функционалдық топтардың болуына байланысты. Олар бір жағынан полимердің суға ынтықтылығына жауапты болып, сумен әрекеттесуіне ықпал етсе, екінші жағынан, су ерітінділерінде ионданып, полимер тізбегінде зарядтардың пайда болуына және қарсы иондардың тігілу түйіндері арасындағы кеңістікке босап шығуына әкеледі (6.19-сурет).
Мұнда ионогендік топтар су ерітінділерінде диссоциацияланып, тізбекте зарядталған буындар және еркін қозғалып жүретін кіші молекулалық қарсы иондар түзеді. Қарсы иондар еркін қозғалуы нәтижесінде тасымалдану энтропиясын құрайды. Тасымалдану энтропиясы тұрғысынан қарсы иондарға неғұрлым үлкен көлемге таралғаны тиімді. Алайда, гель біртұтас алғанда электр бейтарап- тығын сақтауы тиіс. Сондықтан қарсы иондар гель көлемінен дебай




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   102   103   104   105   106   107   108   109   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет