Білім және ғылым



бет2/146
Дата01.11.2022
өлшемі2,97 Mb.
#46713
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146

1-тарау


ПОЛИМЕРЛЕР ТУРАЛЫ НЕГІЗГІ ҰҒЫМДАР



    1. Негізгі ұғымдар және полимерлер туралы ғылым

Жоғары молекулалық қосылыстар табиғи немесе синтетикалық болуы мүмкін. Табиғи түрлеріне ақуыздар, полисахаридтер, табиғи шайырлар, каучук және т.б. жатса, синтетикалық полимерлерге полиэтилен, полистирол, полиамидтер, фенолды шайырлар және сол сияқты қосылыстар кіреді.


Үлкен молекулалық массасы және өзіне тән бірқатар қасиеттері бар қосылыстарды жоғары молекулалық қосылыстар немесе полимерлер деп атайды.
Ең қарапайым органикалық полимер – полиэтилен, ол этиленнің полимерленуінен түзіледі. Этиленнің екі молекуласы қосылып, бутилен молекуласын құрайды:
CH2=CH2 + CH2= CH2 CH3 - CH2 - CH=CH2
Алғашқы зат этилен мономер деп, ал түзілген бутилен димер деп аталады. Этиленнің үш молекуласы қосылса - тример, төртеуі қосылса – тетрамер және т.б. болады. Ал егер мономердің n молекула- сы қосылса, онда полимер түзіледі («поли» - көп деген сөз).
n CH2= CH2 [ - CH2 - CH2 -] n
Көп рет қайталанатын мономерлерден немесе мономерлердің негізгі бөлігінен тұратын топтар буындар деп, ал буындардан құралған үлкен молекула макромолекула деп аталады. Полимерлік тізбектің соңында тұратын топтар соңғы топтар деп аталады. Макромолекуланың құрамына кіретін буындар саны жоғары молекулалық қосылыстардың полимерлену дәрежесін көрсетеді. Ол P әрпімен өрнектеледі. Полимерлену дәрежесі полимердің молекула- лық массасымен Мn төмендегідей байланыста:
P Mn ,
m
мұндағы m - буынның молекулалық массасы.
Молекулалық массасы 500-5000 аралығындағы қосылыстарды
олигомерлер деп атайды.
Бірдей мономерлерден құралған полимерлер гомополимерлер деп, ал тізбегінде бірнеше түрлі мономерлік буындар бар полимерлік қосылыстар – сополимерлер деп аталады.
Табиғи полимерлер ежелгі заманнан белгілі. Жер бетінде тіршіліктің пайда болуы полимер ақуызға тікелей байланысты. Бүкіл адам ағзасы ақуыздан тұратындықтан табиғат пен полимерлердің арасындағы байланыс миллиард жылға созылады.
Алғаш рет «полимер» деген терминді 1833 жылы швед ғалымы Берцелиус енгізген. Бірінші полимер поливинилхлоридті 1833 жылы Реньо, ал полистиролды 1839 жылы Симон алды. Әйгілі фенол- формальдегид шайырын неміс ғалымы Байер 1872 жылы синтездеді. Өнеркәсіпте алғаш рет фенол-формальдегид шайырын 1909 жылы бельгиялық ғалым Л. Бакеланд, ал целлофанды 1912 жылы Ж. Брандбургер алды.
Жоғары молекулалық қосылыстар туралы жүйелі түрдегі түсініктерді алғаш рет неміс ғалымы Г. Штаудингер (1920) ұсынды. Ол «полимер», «полимерлену» терминдерінің түсінігін қазіргі заманғы мағынасында тұжырымдады.
Осыдан бастап полимер ғылымында көптеген жаңалықтар ашылды және полимерлерді синтездеу, қасиеттерін зерттеу күрт өсті.
Лебедевтің синтетикалық каучукты (1933), Карозерстің полиамид- ті алу жолындағы еңбектері өте құнды болды. 1955 жылы К. Циглер мен Д. Натта ашқан стереоретті полимердің алынуы полимерлер химиясы саласындағы елеулі жаңалықтар болып саналынады.
Жоғары молекулалық қосылыстар химиясы ғылымының өркен- деуіне үлес қосқан көрнекті ғалымдар: Г. Штаудингер, У. Карозерс, Г. Марк, П. Флори, В. Кун, С. Лебедев, В. Каргин, В. Коршак, С. Р. Рафиков және т.б.
Қазіргі кезде жоғары молекулалық қосылыстар дамудың ең жоғары шебінде. Көптеген жаңа қасиеттері бар сан алуан полимерлер синтезделіп, өндіріске енгізіліп, нақты қолданыс табуда.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   146




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет