Изотерма екі бөліктен тұрады: S тәрізді қисықтан және түрлендіру дәрежесінің түзу сызық бойынша өсетін кесіндіден. S тәрізді қисықпен анықталатын үдерісті біріншілік кристалдану деп атайды. Қисық бойындағы нүктелер кристалданудың біріншілігінен екіншілігіне өтуін көрсетеді. Негізінен екі үдеріс те
бір мезгілде өтеді, алайда біріншілік кристалдану көп жағдайда жылдам жүреді. S тәрізді қисықтың бастапқы бөлігі тәжірибе нәтижесіне сәйкес келеді, үдерістің соңына қарай кейбір ауытқулар байқалады.
Полимердің кристалдану жылдамдығы температураға байланысты (5.34-сурет). Бұл тәуелділік қисығы максимум арқылы жүреді. Төмен және жоғары температурада кристалдану жылдамдықтарының жай жүру себебі - сегментердің кристалдық торға ену қозғалғыштығының әртүрлі болуы, бірінші жағдайда
қозғалғыштығы өте нашар, ал екіншісінде - өте шапшаң.
Кристалдану изотермалары полимер құрылымының өте аз ақауларына сезімтал. Полимердің кристалдану жылдамдығы Авраами теңдеуімен анықталады:
мұндағы
а − фазалық өзгеріске ұшыраған заттың
t − уақыттағы үлесі;
k − кристалдану
жылдамдық константасы;
n − осы зат үшін туынтек түзілудің түрін және өсіп бара жатқан кристалдың құрылысын сипаттайтын константа.
Егер
n = 4 болса, онда кристалдың өсуі үш өлшемді болады, ал
n = 3 болса,
пластинка тәрізді, n = 2 болса, фибриллалы кристалдар түзіледі.