0 e
U0
RT
(5.44)
немесе логарифмдік түрде
lg lg0
U0 1 , 2,3 R T
(5.45)
мұндағы U0 − активтендіру энергиясы, τ0 және γ − полимерлік материалдың беріктігін айқындыйтын константалар, R − Больцман тұрақтысы; Т − абсолют температура.
Полимерлердің беріктік параметрлерін анықтау үшін полимер үлгілерінің мәңгілігін әртүрлі кернеуде және температурада зерттейді. Алынған мәліметтерден lg τ-ың кері температураға тәуелділік графигін тұрғызады (5.40-сурет). Графиктегі түзулерді ордината осіне дейін экстрополяциялағанда, бір нүктеде қиылысады.
lg τ0 − түзулердің ордината осін қиғандағы кесінді; ал түзулердің еңкею бұрышының тангенсінен ∆U есептеуге болады, неғұрлым σ
мәні аз болса, соғұрлым ∆U көп болады.
U U0 ∆U − тиімді
потенциалдық тосқауыл деп аталады, ол қатты полимердің бұзылу жылдамдығын айқындайды. ∆U бұзу кернеуіне тәуелділігі түзу сызық береді (5.41-сурет). Түзудің ординат осін қиғандағы кернеуі U0 береді, ал түзудің еңкею бұрышының тангенсінен γ табамыз.
Сонымен, мәңгіліктің температураға және кернеуге тәуелділіктерін эксперимент түрінде анықтап, полимердің беріктік параметрлерін U0 және γ табамыз. U0 − бастапқы кернеу болмағандағы активтілік
тосқауыл. γσ −көбейтіндісі кернеудің (σ) әсерінен байланыс үзілген-
дегі энергетикалық тосқауыл шамасының төмендеу мөлшері. γ мәні полимердің құрылымына және оның молекуладан ірі құрылымына тәуелді. Сондықтан γ құрылымдық коэффициент деп аталады және полимердің құрылысы өзгергенде, мысалы, пластификациялануда, бағдарлануда және т.б., ол да өзгереді.
Әртүрлі полимердің мәңгілігін және беріктік параметрлерін U0,
γ және τ0 жүйелі түрде зерттеу нәтижесінде полимердің бұзылуы
|