Өз білімін жетілдіру жоспары
Бурабай кенті С.Сейфуллин атындағы орта мектебінің
қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Серікбай Ақжол Серікбайұлының
өз білімін жетілдіру туралы жоспары
р/с
|
Атқарылатын жұмыстың мазмұны
|
Мерзімі
|
Пайдаланған
әдебиеттер
|
|
І. Идеялық -теориялық білімді жетілдіру
|
1
|
ҚР Конституциясы
|
Үнемі
|
|
2
|
ҚР «Білім туралы» Заңы
|
Үнемі басшылыққа алу
|
«Егемен Қазақстан»
үнқағазы
|
3
|
«Тіл туралы» Заңы
|
Үнемі
|
|
4
|
Білімдегі жаңалықтар
|
Үнемі
|
|
5
|
Қазақстан Республикасының білім беруді дамытудың арналған бағдарламасы
|
|
|
6
|
ҚР 2016 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдасы
|
|
|
7
|
Қазақстан Республикасының Еңбек туралы Кодексі
|
|
Алматы 2007 жыл
|
8
|
12 жылдық білім беру бағдарламалары
|
|
|
9
|
Қазақстан Республикасының Президенті Жарлығы «ҚР – ның Мемлекеттік рәміздері туралы».
|
Үнемі
|
|
10
|
«Қазақстан-2030» стратегиялық бағдарламалары
|
|
|
11
|
Балалар құқығын қорғау Конвенциясы.
|
|
|
12
|
Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың жылма – жылғы Қазақстан халқына Жолдауының негізгі ережелерін оқу – тәрбие процесінде қолдану.
|
Үнемі
|
Ақпарат құралдары
Интернет
|
|
ІІ.Әдіс-тәсіл мен әдістемелік шеберлікті жетілдіру
|
1
|
Жаңа педагогикалық технология
|
|
Педагогикалық ізденіс
|
2
|
Проблемалық оқыту әдісі
|
|
|
3
|
1.Ішнәра-ізденіс (эвристикалық)
2.Зерттеу әдісі
|
|
|
4
|
Ж.Қараевтың «Саралап деңгейлеп оқыту » әдісі
|
|
|
5
|
Облыс көлеміндегі жаңа педагогикалық іс-тәжірибемен танысу
|
Уақытында
|
|
6
|
Педагогикалық шеберханалар технологиясы
|
Үнемі
|
Интернет материалдары
|
7
|
Білім берудің негізгі міндеті
|
|
|
8
|
Бейіндік оқыту
|
|
|
9
|
Инновациялық әдістемелік, тәжірибелік оқу- құралдары-
мен,электрондық оқулықпен, компьютермен жұмыс
|
|
|
10
|
Әр түрлі білім жетілдіру курстарына бару
|
|
|
11
|
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнін оқытуда интернет материалдарын пайдалану
|
|
Әдістемелік журналдар
|
|
ІІІ. Психо - педагогикалық әдіс-тәсілдер
|
1
|
Оқушылардың тұлғалық бейнесін қалыптастыру шарттары
|
|
|
2
|
Тест түрлері бойынша оқушылардың логикалық ойын дамыту
|
Сабақ үстінде
|
Шың
Интернет
|
3
|
Оқушыларды зерттеудегі диагностикалық әдіс
а) Сапалық-диагностикалық әдіс
ә) Экспериментальды әдіс
|
|
Ф.М. Фридман
«Изучение личности учащихся и ученических коллективов»
|
|
ІV. Шығармашылық жұмысты жетілдіру
|
1
|
Сыныпта және сыныптан тыс уақытта оқушы шығармашылығын дамыту
|
Жыл бойы
|
|
2
|
Жаңа әдіс-тәсілдерді тиімді пайдалана отырып, шығармашылық сабақтар өткізу
|
Оқу жылында
|
Шығармашылық сабақтар
|
3
|
Оқушыларды ғылыми бағыттағы жұмысқа баулу
|
Үнемі
|
Ғылыми жұмыстарға қатысу
|
4
|
Оқушылардың кіші ғылыми жобалар сайысына қабілетті оқушыларды қатыстыру
|
Уақытында
|
|
5
|
Оқушыларды әр түрлі деңгейлік тапсырмалармен оқыта отырып, олимпиадаға дайындау
|
Жыл бойы
|
Олимпиадаға қатысу
|
6
|
Әр түрлі мектепішілік, қалалық, облыстық сайыстарға қатысу
|
Уақытында
|
Әр түрлі сайыстарға қатысу
|
7
|
«Дарын» орталығының тестер жинағымен жұмыс
|
Үнемі
|
«Дарын»-2014,15,16
|
|
V. Мәдени ой – өрісін кеңейту
|
1
|
Көркем әдебиеттер оқу
|
Үнемі
|
Абай, Ә.Тәжібаев, Қ.Бекқожин т.б. туындылар
|
2
|
Күнделікті газет-журналдар оқу
|
Үнемі
|
|
3
|
Теледидардан «Хабар», «Қазақстан» т.б. бағдарламаларды көріп отыру.
|
Үнемі
|
|
|
VI. Қазақ тілін дамыту
|
1
|
«Қазақ тілі мен әдебиет» журналдың материалдарын сабаққа, тәрбие сағаттарына пайдалану.
|
Үнемі
|
«Қазақ тілі мен әдебиет» журналы
|
2
|
Ана тілінің қоғамдық-әлеуметтік мәнін,тарихын оқушыларға игерту.
|
Үнемі
|
Тәжірибе алмасу
|
3
|
Оқушылардың шығармашылық қабілеттерін жетілдіру.
|
Үнемі
|
|
4
|
Ана тілі арқылы ұлтжандылықты, отансүйгіштік қасиеттерін дамыту.
|
Үнемі
|
|
5
|
А. Байтұрсыновтың тіл үйретуге қатысты қағидаларын басшылыққа алу.
|
Үнемі
|
А.Байтұрсынов
|
6
|
«Тіл туралы заңды» жүзеге жасыру
|
Үнемі
|
|
Өздігінен білімін жетілдіру
Ешкім басқаға өзінде жоқ нәрсені бере алмайды,
өйткені өзі дамыған, тәрбиелі, білімді болмаса,
басқаларды дамыта, тәрбиелей, білім бере алмайды.
Ол ең алдымен өзі өзінің тәрбиесімен айналыспаса,
басқаға да тәрбие, білім бере алмайды.
А.Дистервег
Өздігінен білім жетілдіру деген не?
Өздігінен білім жетілдіру – бұл адамның барлық рухани және физикалық күштері қатысқан тұлғаның ең жоғарғы өзін-өзі жетілдіретін көрсеткіші; бұл шығармашылық іс-әрекеттің түрі.Оның үдерісінде адам өзін-өзі дамыта және өзін-өзі өзгерте тұрып рухани және материалды объектті және субъектті қоғамдық мәні бар құндылықты қана құрып қоймайды.
(А.Г. Мысливченко, И.Л.Наумченко).
Педагогтардың өздігінен білім жетілдіруін ұйымдастыру технологиясы келесі кезеңдерден тұрады:
І кезең. – таңдайтын. Бұл кезең өз бетімен жұмыс істеуге белгілі бір бағытты қарастырады; мектептің ғылыми-әдістемелік тақырыбына (өзекті мәселесіне) сай жұмыстың мақсатын таңдау; жеке алған тақырыбын қалыптастыруы, өз әрекеттерінің жүйелілігін ұғуы.
ІІ кезең – үйрететін.Бұл кезеңде педагог таңдап алған өзекті мәселе бойынша психолого-педагогикалық және әдістемелік әдебиеттермен танысады.
ІІІ кезең – практикалық Бұл кезеңде эксперимент жасау, жұмыстың жаңа әдістерін қолдану, педагогтық дәлелдерді жинап, оларды іріктеу және талдау жүргізіледі. Практикалық жұмыспен қатар әдебиеттерді зерттеу бірге жүзеге асырылады.
ІҮ кезең – теорияны ұғып, жинаған педагогикалық дәлелдерді жалпылау және талдау. Бұл кезеңде оқыған педагогикалық әдебиеттерді ұжыммен талқылауды ұйымдастыру тиіс;қалалық ӘБ, кафедраның немесе ӘБ отырысында өздігінен білім жетілдіруінің барысы туралы шығармашылық есеп беру;ашық сабақтарға және басқа да жұмыс түрлеріне қатысып, талдау.
V кезең – қорытынды бақылаулы. Бұл кезеңде педагог өзінің жеке жұмысын қорытындылайды, бақылауларды жалпылайды, нәтижелерін белгілейді. Соның ішінде ең бастысы - жүргізілген жұмыс, белгіленген дәлелдер, олардың талдауы, нәтиженің теориялық негіздері, жалпы қорытындылардың және жұмыстың алдын ала жоспарын анықтау.
Педагогтың өзін-өзі жетілдірудің жұмыс жүйесі ағымды және алдын ала жоспарлауды бағыттайды; рационалды формалар мен ақпаратты меңгеру және сақтау құралдарын жинақтайды; өзінің және ұжымдық педагогикалық тәжірибесінің жалпылау тәсілдері және талдау әдістемесін меңгереді; зерттеу және эксперименталды әрекетінің әдістерін біртіндеп меңгереді.
Мұғалімнің өздігінен жетілдіру жоспарына оқитын әдебиеттер тізімі, өздігінен жетілдірудің формасы, жұмысты аяқтау мерзімі; күтілетін нәтиже (баяндама дайындау, ӘБ отырысында сөз сөйлеу, күнделікті жоспар, жұмыс тәжірибесін жазу, нәтижесін есеп түрінде рәсімдеу және т. б.) кіргізіледі.
Өздігінен білім жетілдіру барысында жиналған материалды бөлек тақырыптарға бөліп және карточкалар, арнайы дәптерлер, тақырыптық папка, мұғалімнің педагогикалық күнделігі түрінде орынды қолдану қажет.
Өздігінен білім жетілдірудің мақсаты:
1. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру – адамның әлемін арандаттырып, құрастыратын, білім меңгеруге деген тұрақты қызығушылығын туғызатын белгілі әрекеттің түрі .
2.Жолшыбай өздігінен білім жетілдіру. Мақсатты әрекеттпен айналыса отыра, адам әрі қарай білім мен біліктерін қолдана алатын барлық жаңалықты біле бастайды.
3. Мақсатталған өздігінен білім жетілдіру. Адам өзіне өзі белгілі бір салада мақсат қояды. Бұл мақсат келесі ізденістерін жүзеге асырады, нәтижесін талдауда, оның шешімдерін қоюында дербестікті көрсетеді.
Өздігінен білім жетілдіру не үшін қажет?
Өздігінен білім жетілдірудің керектігі біріншіден, мұғалімнің іс әрекетінің спецификасы, оның әлеуметтік рөлі, екіншіден, үздіксіз білім беру беталыстар және шынайылығымен байланысты. Бұлар: үнемі өзгерілетін педагогтардың еңбек жағдайы, қоғамның сұраныстары, ғылым мен практиканың эволюциясы , адамға деген талаптардың өсуі, оның қоғам үдерісі мен жағдайларына тез және парапар қабілеті, өзінің іс әрекетін өзгертуге дайындығы, жаңа және күрделі міндеттерді шеше білуі.
Өздігінен білім жетілдірудің мағынасы танымдық белсенділікті қанағаттаныру, педагогтың өзін-өзі үздіксіз білім алуындағы сұранысын білдіріледі.
Өздігінен білім жетілдіру негізгі принциптері үздіксіздік, мақсаттылық интегративтік, жалпы және мамандық мәдениеті, қарым-қатынасы мен төменгі баспалдақтан жоғарыға өтетін перманенттік, нұсқалылық және т.б.
Өздігінен білім жетілдіру кезінде педагогтар әр түрлі формаларды қолданады:
1) арнайы білім дайындығы (жоғары білім алуы немесе екінші мамандығы)
2) квалификациясын көтеру (курстарға бару)
3) өздігінен білім жетілдірудегі жеке жұмысқа қажетті көмек:
- ақпараттық құралдар
- есептік техника
- кітапханалар
- музейлер, көрмелер, театрлар, клубтар
- экскурсиялар
- ғылыми, техникалық, көркем және спорттық қоғамдар
- зерттеулер, эксперименттер, шығармашылық іс және тапсырмалар
- ғалымдар мен атақты адамдармен кездесу
-алдыңғы тәжірибе және өзінің практикалық әрекетінің жалпылауын ұғыну және т.б.
Мұғалімнің ғылыми-әдістемелік тақырыппен жеке жұмысының алгоритмі:
1) Жеке ғылыми-әдістемелік жұмыстың тақырыбын таңдау;
2) Әдебиеттермен танысу;
3) Нормативтік-құқықтық құжаттармен танысу;
4) Зерттеу мәселелері бойынша прогрессивтік педагогикалық тәжірибені зерттеу;
5) Әдебиеттің картотекасын құрастыру;
6) Әдебиеттен үзінділер жазып алу;
7) Тақырыпты нақтылау және жеке ғылыми-әдістемелік жұмыстың алдын ала жоспарын жасау;
8) Таңдап алған тақырыпты дәлелдеу;
9) Өзектігі мен жаңашылығы;
10) Іздену әрекеттің әдістері мен құралдарын таңдау;
11) Жұмыстың мақсаты мен міндеттерін қалыптастыру;
12) Жеке жұмыстың күнтізбелік жоспарын жасау;
13) Педагогикалық әрекеттің дәстүрлі технологияларын, моделдерін таңдап, жасау;
14) Өз педагогикалық әрекетінің практикасына инновацияларды кіргізу;
15) Ғылыми-әдістемелік тақырып бойынша жұмыстың жеке тәжірибесінің нәтижесін талдап, бағалау;
16) Жұмысты әдебиетті рәсімдеу, әріптестер алдында алған нәтижелер туралы есеп беру.
Бастапқы деңгей жас мұғалімде құжаттармен, балалар ұжымдарымен, ата-аналармен жұмыс істегендегі нақты білік, дағдыларын қалыптастыруын болжайды. Осы кезеңде тәжірибелі жетекшімен жеке жұмыс та жетеді..
Бұл кезең оқытушының имиджін құрастыратын кезең болғасын, жас маманның дистанциялық олимпиадалар, сайыстар, ӘБ пен мектеп ішіндегі шығармашылық топтарда жұмыс істеуін қолдайды.
Мұғалім мектептен тыс та жұмыс істей алады: мұрағаттарда, музейлерде, кітапханаларда,, өндіріс және басқа да мекемелерде. Осындай жұмыс – мұғалімдердің өздігінен білім жетілдіру дайындығына, жұмысты жоспарлауға деген маңызды дағдыларына, жұмысты ұйымдастыру мен өзін-өзі бақылау, ақпаратты өндеу және талдау біліктілігіне, жалпылауларды жасау, керек түзетулерді кіргізуге қажет оқыту әдісі
Бірақ өнімді деңгейдің кезінде, анық нәтиже алуы болжамданатын кезде, ал мұғалімнің әрекеті санат түрінде бағаланған кезде, жоғарыда айтқаны міндетті болады.
Өзін-өзі жетілдіру бағдарламасы
Мектепті реформалаған жағдайларда оқу мекемелерінің жалпы қазіргі тәрбиелеу мен оқыту технологияларын қолдануға көшу үдерісінде мұғалімнің мамандық шеберлігінің өзін-өзі жетілдіру бойынша жұмыс коррекциаланады.
Мұғалім бір бөлігі өздігінен білім жетілдіру үдерісі болатын даму тәртібіне кірісу керек.
Педагогтың өздігінен білім жетілдіру үдерісіндегі әрекеттері:
- Өзін-өзі өзгертудің қажеттілігі туралы шешім алуы;
- Жетілдіру бағдарламасын жасау;
- Бағдарламаны жүзеге асыру жұмысы;
- Бағдарламаны немесе барысына керек болса, коррекция жасау;
- Бағдарламаорындау туралы өзін-өзі талдау;
- Өз алдына жаңа мақсат пен міндеттер қою;
- Өзін жетілдіру мен өзінің өсу бағдарламасын жасау - педагог әрекетінің негізгі кезеңі.
Бағдарлама құру принциптері:
- ғылымилылығы;
- болжамдылығы;
- өзектілігі;
- оптималдылығы;
- шындылығы;
- тұтастығы;
- бақыланылатыны.
Өздігінен білім жетілдіру бағдарлама бойынша жұмыстың негізгі кезеңдері:
∙ Жаңа технологиялар бойынша оқытуға рационалды өтуге өзінің мүмкіндіктерін, өзінің іс-әрекеті, проблемалық талдауы, өзін -өзі диагностикалау.
∙ «Мен болашақтамын», «Менің жетістіктерім» жалпы қонцепциясын қалыптастыру;
∙ өзін-өзі дамыту стратегиясын таңдау, өздігінені жүргізілетін жұмыстың негізгі бағыттарының жаңа қалпына көшу;
∙ әрекеттің міндеттері мен кезеңдерін анықтау;
∙ жақындағы мақсаттарды ( күтілетін нәтиже) нақтылау;
∙ өзін-өзі жетілдіру бойынша әрекеттер жоспарын құрастыру:
∙ өзін-өзі бағалау;
∙ әріптестермен тәжірибе алмасу.