Заң тақырыптарының лингвистикалық сипаты Жұмыстың тақырыбы



бет1/8
Дата10.08.2023
өлшемі247 Kb.
#105169
түріДиплом
  1   2   3   4   5   6   7   8





Заң тақырыптарының лингвистикалық сипаты


Жұмыстың тақырыбы: Заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттамасы


Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспеден, үш тараудан және қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.


Жұмыстың көлемі: 45 бет


Жұмыста пайдаланылған әдебиеттер саны – 38


Жұмыстың мазмұнын сипаттайтын тірек сөздер: функционалды стильдер, ресми-іскери стиль, заң мәтіндері, заңдық құжаттар, тақырып, заң тақырыптары, клише, штамп,
Зерттеу нысаны: Қазақстан Республикасындағы заңдық мәтіндердің сипаты, заң тақырыптарының лингвистикалық тұрғыдан қарастырылуы, заң тақырыптарындағы тілдік элементтер.


Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Қазіргі кезде Қазақстан Республикасында қабылданып жатқан заң тақырыптарының лингвистикалық қырларын ашып көрсету, олардағы қолданылатын негізгі ұғымдарды талдау, құрылымдық ерекшеліктерін сараптау.


Жұмыстың мазмұны: Жұмыстың кіріспесінде еңбектің мақсаты мен міндеттері, зерттеу нысаны айқындалады. Еңбектің маңыздылығы, өзектілігі, еңбекте қозғалып отырған мәселелердің көкейкестілігі сөз болады. Сонымен қатар негізгі дерек көздері айтылады.
Жұмыстың бірінші тарауында жалпы функционалдық стильге қатысты негізгі ғылыми тұжырымдар айтылады.
Жұмыстың екінші тарауында заң тақырыптарының лингвистикалық сипаттамалары сөз болып, олардың құрылымы, синтаксистік ерекшеліктері айтылады.


КІРІСПЕ




Диплом жұмысының жалпы сипаттамасы. Бүгінгі таңда лингвистика саласында тақырыпты зерттеу өте маңызды мәнге ие болып отыр. Себебі, мәтінді тану үшін, ең алдымен, тақырыпты білудің қажеттілігі туындап отыр. Тақырып кейін кенжелеп дамыған тіл білімінің саласы емес, оны зерттеу өткен ғасырдың 20-жылдарынан бастап қолға алынған болатын. Мұнда ең басты мәселе, публицистикалық стильдің, яғни газет тақырыптарының лингвистикалық тұрғысына сипаттама жасалды. Орыс тіл біліміндегі тақырып мәселесіне арналған алғашқы еңбектердің бірі ретінде 1931 жылы жазылған С. Д. Кржижановскийдің «Поэтика заглавии» атты жұмысын атауға болады [1]. Бұл жұмыста тақырыптың көркемдік-ұйымдастырушылық қызметіне жан-жақты талдау жасалып, оның ерекшеліктері елеп-екшеліп, талқыға салынды. Бұл еңбек, сонымен бірге тақырып туралы алғашқы іргелі еңбектердің бірі болуымен де құнды. Орыс тіл білімінде тақырыпты зерттеу, оның мәтіндегі қызметін ашып таныту осы кезден бастап белең алды. Бұл зерттеулер кейіннен аталмыш салада көптеген диссертациялық еңбектердің, монографиялардың жазылуына себеп болды. Негізінен газеттегі мақалалардағы тақырыптардың фразеологиялану ерекшеліктерін қарастырған Қожабекованың еңбегі қазақ тіл білімінде ең алғашқы тақырыпты зерттеу нысанына айналдырған жұмыс ретінде маңызды болып табылады. Ғалым мұнда газет мәтініндегі тақырыптардың неше түрлі үлгіде беріліп, әсіресе тұрақты сөз тіркестері түрінде келу үрдісін сөз етеді [2]. Сонымен қатар тақырыптардың, газет тақырыптарының стереотиптілігін айқындайтын прецеденттік атауларды да ғылыми түрде дәлелдеп, оған мысалдар келтіріп, оның тақырыптағы арқалап тұрған жүгін айқындап көрсетеді. Мұндағы прецеденттік атаулар дегеніміз, оқиғаны бұрын болған басқа бір оқиғамен ұқсастыра отырып, сол тәріздес тақырып қою.
Тақырыптардың зерттелуіне қарап отырып, олардың түрлі-түрлі бағыттарда жүргізілгендігін байқауға болады. Оның ішінде газет тақырыптарының құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін қарастырған ғылыми еңбектер де, көркем мәтінннің тақырыптарының астарын қазбалаған жұмыстар да бар. Тақырыпты зерттеу мәселесі бүгінгі кезге дейін күн тәртібінен түспей келеді. Ғалым Л. Дүйсембекова тақырыптардың үш түрлі қызметі бар екендігін өз еңбегінде атап көрсеткен болатын: ақпараттық, прагматикалық, танымдық [3,116]. Бұл үш қызмет арқылы көркем шығарманың болсын, ғылыми стильдегі шығармалардың болсын, публицистикалық стильдегі еңбектердің (мақала, фельетон) болсын, негізгі мәні анықталады.
Газет тақырыптарының зерттелу межесіне қарап отырып, олардың барынша өскелең сипат алғаны белгілі болды. Қазақ тіл білімінде де тақырыпқа байланысты біршама зерттеу еңбектер, диссертациялық жұмыстар жазылған. Мәселен, Н. Е. Бахареваның «Структурно-функциональное развитие заголовков» [4] атты, Г. К. Ихсангалиеваның «Функционально-прагматический анализ заголовков (на материале казахстанских газет телепрограмм) [5] атты орыс тілінде жазылған диссертациялық сипаттағы ғылыми жұмыстары. Осыларды қарастыра отырып, жалпы тақырыптың мәтінге не үшін керектігі жөнінде біршама мағлұмат алдық. Жалпы тақырыптың зерттеу нысаны мәтіннің ең басты лингвистикалық тұлғасы ретінде тақырыптардың құрылымын, синтаксистік ерекшеліктерін талдау, олардың ақпараттық ұйымдастырушылық қызметіне назар аудару.
А. С. Выготскийдің пікірінше, «заголовок является доминантой, которая определяет собой все построение рассказа» [6, 16]. А. М. Пешковский: «заголовок представлят собой намек... на содержание или даже сжатое изложение его» деп жазады [7, 35]. Яғни тақырыпты мәтінмен тікелей байланысты элемент ретінде қарастырады. Т. Рахимованың мақаласы тақырыптық кешен мәселесіне арналады. Автор тақырыптық кешенге тақырыпты, тақырыпшаны және мәтін ішінде кездесетін тақырыптарды жатқызады. Автор: «Заголовочный комплекс – совокупность более двух-трех и даже десятков заголовков разного характера разной струкуры и с разным назначением», [8, 135] - деп атап көрсетеді. Ғалымның пікірінше, тақырыптың қызметі – атау, макромәтіннің аты, ал тақырыпшаның қызметі – ақпарат беру, түсіндіру, мәтін ішіндегі тақырыптардың қызметі – бөліп көрсету, бағыт-бағдар беру болып табылады.
Ақпараттық дәрежесі тақырыптың ономасиологиялық, танымдық, атаулылық қызметін көрсетеді, ол бұл қызметті ономасиологиялық процестің ішкі тетіктерімен бірлесе отырып қатаң тәртіпте орындайды: мәтіннің тұтас ауқымын нұсқап, оның мәні мен мағынасына толық жауап беріп тұрады. Мәтін ешқашан да тақырыпта көрсетілген сөзден қашық кетпеуі тиіс. Әйтпесе тақырып пен мәтіннің арасындағы қалыптасқан белгілі бір заңдылық бұзылады. Ал тақырып пен мәтіннің арасындағы байланыс, сабақтастық, тұтастық оның ескерілуіге тиісті ең басты қағидасы. Тақырып саласындағы зерттеу еңбектердің көпшілігі де оның осы қызметіне баса назар аударады. Өткен ғасырдың 50-жылдары «Өнер психологиясы» деген жалпы көркем әдеби мәтін мен оның бөлшектерінің ұйымдастырылуын, құрылымын талдып көрсеткен кітабында Л. С. Выготский тақырыптың мәнін былай деп атап көрсеткен болатын: «Әңгімеге (мәтінге) тақырып тегін қойылмайтын болса керек, өйткені ол сол мәтіндегі ең маңызды оқиғаның ашылуына басты себепкер» Тақырыптың өзектендірілуі оның «не», «немесе» деп келетін талғаулық мәндегі шылаулар қолданылған кезде анық байқалады. Бір тақырыптың маңызын толықтай ашу үшін екінші сөз бөлігінің келетіндігі осыдан болса керек [6, 35].
Диплом жұмысында негізінен қарастырылып отырған мәселе, заң мәтіндерінің тақырыптарының лингвистикалық сипаты. Көркем мәтіндерге қарағанда, газет мәтіндеріне қарағанда, мұнда көптеген ерекшеліктердің бар екендігін аңғаруға болады. Біріншіден, заң мәтіндері ресми-іскери стильдің саласында қарастырылатын болғандықтан, екіншіден, заң тақырыптарының құрылымында көбінесе клише мен штамп сөздер қолданылатындықтан, олардың тақырыптары тұрақты, жүйелі, мазмұнды болып келеді.




Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет