«білім жұлдызы» шәкіртақысын тағайындау бойынша байқау ережесі жалпы ережелер



Pdf көрінісі
бет3/5
Дата26.04.2023
өлшемі446,52 Kb.
#86941
1   2   3   4   5
 
4. БАЙҚАУ ӨТКІЗУ ТҮРІ ЖӘНЕ ТӘРТІБІ 
 
4.1 
Байқау бірнеше кезеңнен тұрады. Бірінші кезеңде ұйымдастыру алқасы үміткерлердің осы 
Ереженің 2.1, 2.2, 2.3 тармақтарында көрсетілген талаптарға сай келуін қарастырады. Осы 
Ереженің 2.1, 2.2, 2.3 тармақтарында көрсетілген талаптарға үміткер сәйкес келмеген 
жағдайда бағалаудың келесі кезеңдеріне өткізілмейді.
Сонымен қатар, өтінімдер келесі себептерге байланысты да байқауға қабылданбайды: 
- сауалнаманың дұрыс толтырылмауы; 
- өтінімге қажет құжаттардың толық болмауы; 
- жалған мағлұматтардың көрсетілуі. 
4.2 
Шәкіртақыға үміткерлерге бірнеше талаптар бойынша бағалау жүргізіледі.
4.3 
Шәкіртақы тағайындау үшін үміткерлерді байқау нәтижесі бойынша сараптайтын комиссия 
құрылады. 
4.4 
Комиссия мүшелерінің аты-жөні жайлы ақпарат жабық және көпке жайылмайды. Комиссия 
төрағасының келісімімен ақпарат ашық болуы мүмкін. 
4.5 
Байқау комиссиясының шешімі пікірталасқа жатпайды және соңғы деп саналады. 
4.6 
Байқауға жіберілген өтінім негіздері комиссия мүшелерімен өзгеріске ұшырамайды, көпке 
жайылмайды, сынауға берілмейді. 
4.7 
Байқауға қатысу үшін өтінімді тапсыра отырып, студент автоматты түрде жеке мәліметтерін 
өңдеуге келісімін береді. 
4.8 
Шәкіртақы атаулы болғандықтан бір студенттен келесі студентке берілмейді. 
4.9 
Құжаттарды тапсыру арқылы ізденуші бағдарламаның мақсаттарын растайтындығын, өзінің 
осы Ережеде көрсетілген шарттармен толық келісетіндігін және орындауға дайын екендігін 
білдіреді. 
4.10 Қор ізденушілер бойынша қабылданған шешімдердің себептері туралы түсіндірмелер 
бермеу құқығын өзіне қалдырады. 


4.11 Қор байқау комиссиясының шешімімен мәлімделген 200-ден аз немесе көп грант беру 
құқығын өзіне қалдырады. 
4.12 Байқау комиссиясының шешімі «Білім жұлдызы» шәкіртақы жеңімпаздарының тізімі 
ретінде қордың бұйрығымен бекітіледі. Байқау бағдарламасының жеңімпаздар тізімі 
www.dauletten.kz
 сайтында және Instagram әлеуметтік парақшаларында жарияланады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет