«білім жұлдызы» шәкіртақысын тағайындау бойынша байқау ережесі жалпы ережелер


  Үміткердің әлеуметтік жағдайы мен материалдық қамтамасыз етілуі бойынша



Pdf көрінісі
бет2/5
Дата26.04.2023
өлшемі446,52 Kb.
#86941
1   2   3   4   5
2.2 
Үміткердің әлеуметтік жағдайы мен материалдық қамтамасыз етілуі бойынша 
қойылатын талаптар: 
2.2.1 
Жетім балалар және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған, толық емес отбасы, ата-
анасының екеуінде де немесе біреуінде мүгедектік бар, көпбалалы отбасы (4 немесе одан 
көп), мүмкіндігі шектеулі студент, аз қамтылған отбасы санаттарының біріне жатуы; 
2.3 
Оқу үлгерімі бойынша үміткерлерге қойылатын талаптар: 
2.3.1 
ЖОО білім алушылары үшін оқу үлгерімі «жақсы» және «өте жақсы» (GPA орташа балы 


3,0 немесе 3,0 жоғары) болуы шарт. Бағалар транскрипт арқылы расталады. Балы 3,0-ден 
төмен өтінімдер қарастырылмайды. 
2.3.2 
Колледж студенттері оқу орнынан оқу үлгерімін растайтын құжат. Сандық эквивалент 3,0 
немесе 3,0 жоғары. Балы 3,0-ден төмен өтінімдер қарастырылмайды. 
 
3. ШӘКІРТАҚЫ ТАҒАЙЫНДАУ БОЙЫНША БАЙҚАУҒА ҚАТЫСУҒА ӨТІНІМ БЕРУ 
ШАРТТАРЫ
 
3.1 
Үміткерлер байқауға қатысу үшін 
www.dauletten.kz
сайтындағы сауалнаманы Астана қ. 
уақыты бойынша (GMT+6) 1 сәуір сағат 09:00-ден бастап 7 сәуір сағат 23:59-ға дейін 
толтырып, барлық растаушы құжаттарды тіркеп жолдауы тиіс. Сауалнама үлгісі №1 
Қосымшада. 
3.2 
Үміткерлер сауалнамада сұралған құжаттарды (жақсы сападағы фотосурет немесе 
сканерленген нұсқа) PDF файлға бекітіп жолдауы тиіс. 
Қажетті құжаттар тізімдемесі:
- Байқауға қатысуға өтінім (№2 Қосымша);
- Жеке куәлік; 
- Оқу орнынан анықтама;
- Транскрипт, ведомость (мөрмен); 
- Әлеуметтік жағдайын растайтын құжаттар; 
- Жетістіктері (алғыс хаттар, дипломдар, сертификаттар және т.б.); 
- «Мен не үшін бұл шәкіртақыға лайықтымын?» тақырыбында мотивациялық хат; 
3.3 
Бекітілген мерзімнен кешіктіріліп жолданған және ақпарат толық ұсынылмаған жағдайда 
ұйымдастыру комитеті өтінімді қарастырмайды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет