«БІЛІМ ЖҰЛДЫЗЫ»
шәкіртақысын тағайындау бойынша байқау
ЕРЕЖЕСІ
1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР
1.1. «Білім жұлдызы» шәкіртақысы (бұдан әрі – шәкіртақы) «Dauletten» қайырымдылық
қоры» жеке қорының (бұдан әрі – қор) бастамасымен тағайындалады. Шәкіртақы білім
алушылардың әлеуметтік жағдайына және жетістіктеріне байланысты оқу, қоғамдық іс-
әрекеттерін, инновациялық жобаларын ынталандыруға бағытталған.
1.2. Шәкіртақы тағайындау мақсаты – еліміздегі колледж және жоғары оқу орындарында
оқитын үздік студенттерді әлеуметтік жағдайына байланысты қаржылай қолдау, олардың
заманауи қоғамдық талаптарға сай дағдыларын дамыту. Шәкіртақы оқуда, ғылымда және
қоғамдық өмірде белсенді, талантты үздік студенттерді ынталандыру үшін беріледі.
1.3. Ережеде «шәкіртақы» терминінің мағынасы байқаудың нәтижесінде жоғары ұпай жинаған
үміткерлерге 100 000 (жүз мың) теңге көлеміндегі тағайындалатын бір реттік ақшалай
сыйақы.
1.4. Шәкіртақыны тағайындау жыл сайын қор қамқоршылық кеңесінің шешімімен жүзеге
асырылады. 2023 жылы барлығы 200 (екі жүз) студент жеңімпаз ретінде анықталатын
болады. Жеңімпаздар ашық байқау негізінде бірнеше кезеңдер арқылы іріктеледі. Байқау
жылына бір рет, оқу жылының екінші семестрінде өткізіледі. Байқау нәтижесінде атаулы
шәкіртақы тағайындалады.
1.5. Шәкіртақыға «Dauletten» қайырымдылық қоры» жеке қоры, сондай-ақ белгілі тұлғалар,
өнер жұлдыздары, қоғам белсенділері және т.б. еріктілер қаржылай және ақпараттық
демеушілік көрсетеді.
1.6. Білім жұлдызы шәкіртақы байқауына қатысуға өтінімдер
www.dauletten.kz
сайты арқылы
қабылданады.
2. «БІЛІМ ЖҰЛДЫЗЫ» ШӘКІРТАҚЫСЫНА ҮМІТКЕРЛЕРГЕ ҚОЙЫЛАТЫН
ТАЛАПТАР
2.1
Шәкіртақы үміткерлеріне қойылатын жалпы талаптар:
2.1.1
Қазақстан Республикасының азаматы болу;
2.1.2
Қазақстан Республикасының колледж студенті немесе ЖОО, ҚР аумағында орналасқан
шетелдік ЖОО-ның еншілес ұйымы болып табылмайтын жоғары оқу орындарының
бакалавр академиялық деңгейі бойынша күндізгі бөлімінде оқу;
2.1.3
Кемінде бір академиялық семестрді аяқтау және транскрипт алу;
2.1.4
2022-2023 оқу жылында білім беру гранты бойынша мемлекеттік стипендияны қоспағанда,
соңғы 2 жылда басқа ұйым/мекеме және т.б. тағайындаған шәкіртақы алмаған;
2.1.5
Шәкіртақыны ұйымдастырушыларға және комиссия құрамындағы мүшелерге туыстық
қарым-қатынастың болмауы.
2.1.6
16-21 жас аралығындағы студент болуы;
Достарыңызбен бөлісу: |