«БІЛІМ ЖОЛЫ НҰРЛЫ ЖОЛ» Республикалық журнал. Куәлік № KZ37VPY00015077
------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------------
басқаруға қатысу.Топтық уақыт өткізудің мәні мен жалпыға ортақтығын
Д.Картрайттың және А.Зандердің мына сөздері дәлелдейді: “егер … болжамдық
марстық адам Жерді бір қарап шықса, ол, мүмкін, жер адамдарының бір нәрсені
топта жасап, өз уақытының сонша бөлігін бірге
өткізетініне таң қалатын
шығар?”Топтық жұмыс формалары оқушы тұлғасының танымдық қабілеттерін
дамытуға, оқуға жағымды қызығушылық қалыптастыруға, тұлғаның
қиындықтарға даяр болу және оларды жеңе білу,
танымдық, сыйласу,
шығармашылық өзін-өзі өзектілендіруге ықпал етуде алатын орны ерекше.
Г.А. Цукерман әлемде жүргізілген зерттеулерді жалпылау кезінде, топтық
оқу іс-әрекетіндегі келесі мәселерді көрсетеді:
Бүгінгі таңда топтық жұмыс оқыту үдерісінің тиімді тәсілдерінің бірі деп
есептеледі. Ол сабақта табиғи тілдік қатынас жағдайын құруға әсер етеді,
оқушыларды оқу үдерісіне белсенді қатысуға еріксіз тартады, ынталандырады,
оқып-үйренуге деген қызығушылығын тудырады. Сондай-ақ, топтық жұмыс
оқушылардың өздерін сенімділікке тәрбиелейді, өзін-өзі ортада ұстай білуге,
бірін-бірі
тыңдауға, сыни ойлануға, пікірлердің сан алуан болатындығын
жақсырақ түсінуге үйренеді, өз пікірін айтуға құқығының бар екенін сезінеді.
Сынып-сабақ жүйесінің жалпыдан жеке және топтық формаға өтуі мода
емес, бұл заман талабы.
2.
балалардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық деңгейі
өседі;
3.
оқушылар арасындағы өзара қатынас
сипаты өзгереді;
4.
оқушылар маңызды әлеуметтік дағдыларға ие болады: әдеп,
жауапкершілік, басқалардың позициясын есепке ала отырып, өз мінез-құлқын
қалыптастыру іскерлігі,
5.
қарым-қатынастың гуманистік түрткілері;
6.
мұғалім топқа бөлуде балалардың өзара бейімділіктерін, олардың
дайындық деңгейлерін, жұмыс қарқындарын есепке ала отырып, оқытуда
дараландыру мүмкіндігін алады.
7.
8.
Қазіргі заманғы оқыту мектептен, яғни мұғалімнен оқушылардың
психикалық және физикалық денсаулығын қорғауды талап етіп отырғандықтан,
іс-әрекетті ұйымдастырудың топтық формасы тәжірибесі өзекті әрі болашақта
дамушы болып есептеледі.
Олардың бастамашылдығын, дербестігін қолдау,
баланың мектепке келуіне байланысты бірлесіп, серіктесіп жұмыс істеу,
басқалармен тығыз қарым – қатынаста болу дағдысын қалыптастыру, өзіндік
таңдауға үйрету қажет.
26