Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады


- Оқушының білім, білік дағдысы қалай бағалануы керек?



бет3/18
Дата07.01.2022
өлшемі24 Kb.
#17053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Байланысты:
дайын мәліметтер

- Оқушының білім, білік дағдысы қалай бағалануы керек?

- Оқушы жетістігін бағалауда нені негізге аламыз?

- Оқушы жетістігі дегеніміз не?

- Жетістіктерді қалай анықтауға болады?

Осы уақытқа дейін оқушы білімі шынайы бағаланбағанын курс барысында көзімізді жеткіздік. Яғни, оқушы жұмысын өзара салыстыру арқылы өлшеп келгеніміз шындық. Оқу әрекеттерін осылайша бағалау нәтижесінде, оқушылардың сыни тұрғыдан ойлай алмайтындығына әкелді және алған білімін кеінен қолдана алмай, бәсекелестікке қабілетсіз болып отырғаны бәрімізге аян. Қазіргі таңда оқудағы жетістік деп отырғанымыз – білімнің құзырлылық ұстанымын жүзеге асыру құралы ретінде әрекетке негізделеген оқыту танымдық белсенділігі жоғары, кез келген тапсырманы орындауға қабілетті құзырлы тұлғаның қалыптасуы.

Оқушылардың білімдегі жетістіктерін бағалаудың басты мақсаты – оқу бағдарламасын игеру деңгейіне қойылатын талаптардың орындалуын анықтау болып табылады. Оқушылар өз жұмыстарын бағалау үшін параметрлерді, яғни табыс қадамдарын белгілеу қажет. Жұмыстарды бағалау талаптарын алдың- ала айқындап алатын болсақ, оқушылардың өз жұмысын «қалай»оындау керек екендігін біліп, табыс қадамына жетуге талпынатынын сабақ барысында көруге болады.Бұл сабақ үдерісіндеоқушылар жұмысының сапасын арттыра бастайды.Оқушыларға алдын – ала орындалатын жұмыстардың критерийлері беріліп, критерийлері балалармен бірге талқыланып отырса ғана өз нәтижесін береді.Біз бұны қалай анықтадық? Өзгеріс тобындағы топ мүшелерімен бірлесе отырып, сабақ барысындағы бағалау кезеңіндегі оқушы іс әрекетін бақыладық. Сабақ барысында оқушыларға өзін-өзі бағалау жұмысы тапсырылды.Оқушылардың іс-әрекеттерінен тұратын бағалау кестесін алдын-ала құрастырылды және түсіндірілді.Біздің байқағанымыз сабақ барысында өзін-өзі бағалау кесте көмегімен оқушылар өз әрекетерінің бұрынғы жұмыстармен салыстырғанда қандай денгейде болғанын анықтай бастады.Әр тапсырманы орындауда қандай белсенділік танытқандығы,қандай қорытынды жасай алғандығы,анықтама беруде өз жұмыстарын саралай бастады.Мұндай кері байланыс оқушылар өз білімін қалайша әрі қарай дамытуға болатынын,қалай жақсартуға болатындығын білуге мүмкіндік беріп,балалардың өзін-өзі дамытуға ынталандыруда мүмкіндіктері мол болды.

Ең маныздысы критериалды бағалауда оқушы өзін –өзі бағалауды үйреніп өз білімін артықшылықтары мен кемшіліктерін көре алады,әрі қарай –өзін дамытуда қалай жұмыс істеу керектігін түсінеді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет