Білім мен ақпарат үстемдік құрған қоғамда білім беру жүйесі инновациялық экономиканың негізгі бөлігі болып табылады


Қазіргі таңда әлемдік педагогика мойындаған бағалаудың алты қағидасы критериалды бағалау жүйесінде де кеңінен сақталады



бет4/18
Дата07.01.2022
өлшемі24 Kb.
#17053
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
Қазіргі таңда әлемдік педагогика мойындаған бағалаудың алты қағидасы критериалды бағалау жүйесінде де кеңінен сақталады:

Маңыздылық

Бағалау үшін күтілетін нәтижелердің ең маңыздысын таңдап алу қажет,өйткені бағалауға уақыт,күш және басқа да ресустар шағындалады.

Дәлдік

Оқушылар меңгерген білім,білік,дағды қалай бағаланатының алдын-ала білу керек,бағалау құралы дұрыс тандау қажет.

Объективтік (Дәлелділік)

Бағалаудағы шынайылық,адалдық,дәлдікке нақты талаптар,критерийлер арқылы жетуге болады.

Оқудың ажырамас бөлігі

Егерде қандай да бір жатығуды (тапсырманы )орындайтын болсақ,бұл тапсырманы орындаудың ережелері де болуы тиіс,яғни олар нақты білім ,білік,дағды құндылықтарға үйретудің ережелеріне айналады.Егер біз белгілі талаптар бойынша оқушылардың жұмысын нақты әрі шынайы бағалаймын десек,онда оқушыларды осы талаптарды қолдануға үйретуіміз керек деп ойлаймын.

Жариялылық

Бағалаудың талаптары мен тәсілдері оқушыларға алдын-ала хабарлануы керек.Оқушылар қандай білім және олардың қалайша бағаланатындығын білуі керек.Яғни,мұғалімдер бағалау жүйесін алдын- ала ойластырып,оны оқушылар мен олардың ата- анасына түсінікті болуы керек.

Қарапайымдылық

Бағалау процесі қарапайым және ыңғайлы болуы керек.Осы тұрғыдан алғанда , бағалау талаптарын оқу үрдісіне бірден емес біртіндеп енгізуге болады.Бағалау мұғалімдер мен оқушылардың арасында сенімсіздік туғызбауы керек.

Білім сапасын бағалауда мектеп мұғалімінен кәсіби құзырлықты талап етеді. Білім сапасын арттыруда шығармашылықпен ізденсек болғаны.


Н. Г. Милорадованың айтуынша білім беру жүйесінде құзыреттілікті тудыратын төрт негіз бар ( біріншісі – кәсіби-әдістемелік құзыреттілік, екіншісі – іс-әрекет негізіндегі құзыреттілік, үшіншісі — әлеуметтік қарым-қатынас құзыреттілігі және төртіншісі – жеке тұлға негізіндегі құзыреттіліктер) сыншыл ойлауды, рефлексияны, өз позициясын анықтау қабілеттілігін, өздігінен бағалайтын ойдың дамуын және өмір бойы үйрену қабілеттілігін талап ететіні анық.
Оқытушы – ақпараттанушы емес, оқушының жеке тұлғалық және интеллектуалды дамуын жобалаушы. Ал бұл оқытушыдан жоғары құзырлылықты, ұйымдастырушылық қабiлеттiлiктi, студенттерді қазiргi қоғамның түбегейлi өзгерiстерiне лайық бейiмдеу, олардың зерттеушiлiк дағдыларын дамыту бағыттарын талап етедi.
Оқытушының кәсіби құзырлылығы, оның өзіне деген сенімділігінен, кәсіби қызметте өзін-өзі көрсетуінен басталады. Жоғары құзыреттілік өзін «меңгеруді» күтпейді. Педагогтің құзыреттілігі туралы әр кезеңде әртүрлі авторлар еңбектерінде түрлі пікірлер кездеседі. Соларға сүйене отырып, мұның өзі жеке тұлғаның жалпы мәдениетінің деңгейі, педагогикалық іс-әрекеттегі теориялық және практикалық дайындығы мен тәжірибесінің тоғысуы, сол сияқты педагогқа қажетті көптеген сапалардың болуы бұл өте күрделі сан-салалы мәселе деп тұжырымдауға болады.
Педагогтардың кәсiби құзырлылығы – олардың педагогикалық қызметтi жүзеге асыруға деген теориялық және практикалық дайындығының бiрлiгi. (В.А.Сластенин)
Жаңа талаптарға бағына отырып, оқытушының кәсіби құзыреттілігінің дамуының негізгі жолдарын анықтауға болады:


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет