Кәсіби құзыреттілік – әлеуметтік жұмыс маманының мінездемесі, мамандығының талаптарына деген оның сәйкестік дәрежесі. Кәсіби даярлық – кәсіби бағдарлық пен кәсіби білімі, біліктілігі мен машықтарының жүйесі және кәсіби бағдарлығының қалыптасуы, әлеуметтік жұмыстағы кәсіби жағдаяттар мен тапсырмалардың теориялық және практикалық шешімінің тәжірибесін меңгеру. «Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл — ой қабілетін жетілдіру, өзіндік ойлау және өмірлік ұстанымын қалыптастыру оқытушының шеберлігіне, шығармашылық қабілетіне байланысты. Ендеше құзыреттілік дегеніміздің өзін қазіргі заман талабына сай педагог қауымының өзін-өзі өзгерте алу қабілеттілігі деп түсінуге болады. Білім саясатындағы түбегейлі өзгерістерді күнделікті оқу үрдісінде берілетін тапсырмалардан бастау қажет екендігі айқын көрсетілген. Оқушылар оқытушы қауымнан тек білімге ғана емес, өмірге үйрететін қабілеттілікті қажет етіп отыр. Демек, болашақ педагогтеріміз осы ақпараттық қоғамнан қалыспай: жедел ойлаушы: жедел шешім қабылдаушы: ерекше ұйымдастырушылық қабілетті: нақты бағыт- бағдар беруші болып шығуы — бұл қазіргі заманның талабы. Міне, құзыреттілік қалыптастыру дегеніміздің өзі болашақ оқытушы — қазіргі оқушылардың шығармашылық қабілеттерін дамыта отырып ойлаудың, интеллектуалдық белсенділіктің жоғары деңгейіне шығу, жаңаны түсіне білуге, білімнің жетіспеушілігін сезінуге үйрету арқылы ізденуге бағыттауды қалыптастырудағы күтілетін нәтижелер болып табылмақ. Бұның өзі өз кезегінде қазіргі ұстаздардан шәкіртті оқытуда, білім беруде, тәрбиелеп өсіруде белгілі бір құзіреттіліктерді бойына сіңірген жеке тұлғаны қалыптастыруды талап етеді.