Ақбота тобы Тақырыбы: «Тәуелсіздік - ел тірегі»
Мақсаты: а) Білімділік: Балалардың тілдік қорларын байыту, ҚР Тәуелсіздік мерекесі жайлы түсінік беру;
ә) Тәрбиелік: «Тәуелсіздік» ұғымы, ҚР қоғам қайраткерлері жөнінде әңгімелеу, балалардың патриоттық сезімдерін ояту, ұжымдылыққа тәрбиелеу;
б) Дамытушылық: Түсініктерін дамыта түсу, қиял, ойлау, қабылдау қабілеттерін дамыту.
Көрнекілігі:ҚР рәміздері, ҚР картасы, желтоқсан құрбандарының суреттері, жалаушалар т.б.
Әдіс-тәсілдері: Түсіндіру, көрсету, сұрақ-жауап, әңгімелеу.
Билингвальді компонент:Тәуелсіздік-независимость, Отан-Родина.
Қызмет түрі
Тәрбиешінің қызметі
Балалардың қызметі
Мотивация-
лық- қозғау
шылық
Ұйымдасты-
рушы-ізденіс
тік
Рефлексия-
лық-түзетуші
-Сәлеметсіздер ме?
Құрметті қонақтар, бүгін біз Тәуелсіздігіміздің 31 жылдығына орай, «Тәуелсіздік-ел тірегі» атты тематикалық оқу қызметімізді өткізгелі отырмыз. Тәуелсіздік мерекесі құтты болсын!
Атын атап ақын оны жыр қылды.
Сол күнменен қатар туған сәбилер,
Кішілерге аға болып үлгерді.
1991 жылдың 16 желтоқсанда Қазақстан мемлекеті Тәуелсіз мемлекет болып жарияланды. Ата-бабаларымыз ғасырлар бойы еліміздің тәуелсіздігін аңсап келген. Мінекей бүгінде сол тәуелсіздігімізге 25 жыл толып отыр.
Осыдан 25 жыл бұрын жер бетінде Қазақстан мемлекеті құрылып, көк байрағы желбіреді. Қазақстан мемлекеті 25 жыл ішінде талай биіктерден көрініп, өркендеп, көркейіп келеді.
-Балалар мұндағы суретте желтоқсан құрбандары. Осы аға-апаларымыздың арқасында егемен ел болып,көк туымыздың байрағы желбіреді. Ляззат, Ербол, Қайрат аға-апаларымыз біздің мәңгі жүрегімізде сақталады.
Тәуелсіздікке арналған тақпақтар:
-Жарайсыңдар балалар!
-ҚР президенті кім?
-Бас қаламыз қалай аталады?
-Балалар ҚР мемлекеттік рәміздерін атап беріңдерші?
Дұрыс айтасыңдар!
-Әнұранды қай кезде орындаймыз?
ҚР мемлекеттік рәміздерінің бірі ол Қазақстан туы.
-Мемлекеттік туымыздың түсі қандай?
-Туымызда не бейнеленген?
-Жарайсыңдар балалар!