Диас: Қатар шапқан қос тұлпар,
Ай астында қазақ үй.
Қалықтаған жас сұңқар,
Шарықтаған таза күй.
Балнұр: Сарқылмайтын қуатым,
Тірегімсің, Қазақстан!
Мәңгі соғып тұратын ,
Жүрегімсің, Қазақстан!
Гүлсезім: Отанның қасиетті тілін сүйем,
Отанның құдіретті үнің сүйем,
Отан, Отан бәрінен биік екен,
Мен оны мәңгілікке сүйіп өтем!
Ерсұлтан: Толтырған гүлге даланы, Жайнатып ауыл-қаланы,
Ардақты атамекенім,
Отаным-Қазақстаным!
Айсана: Тәуелсіздік жолында,
Талай-талай тер тамған,
Билігің өз қолында,
Еркіндегім -Елтаңбам.
Амина: Көк туымды қолыма,
Бүгін берік ұстадым.
Түсті бақыт жолыма,
Менің Қазақстаным!
Аянат: Он алтыншы желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн,
Мерекеге ел тосқан,
Шырқатып ән салған күн.
Айзере: Бабамның да арманы,
Осы еді ғой аңсаған,
Тәуелсіздік таңдары,
Бақ береді баршаға.
Линара: Аралаймын алаңды,
Тәуелсіздік күнімен,
Батыр Қайрат ағамның,
Суретіне үңілем.
Жанали: Мерекеге шығады,
Бүкіл халық біліп қой,
Отандастар ұғады,
Тәуелсіздік -ұлық той.
Ерсулттан: Астында оның қалқыған,
Қыран құстың бейнесі,
Азат елдің шалқыған,
Көңілді деп білерсің
Альмир: 16 желтоқсан,
Тәуелсіздік алған күн,
Мерекеге ел тосқан,
Шырқатып ән салған күн.
-Қазақстан
-Тәуелсіз мемлекет
-25 жыл толды
-балалар көгершіндерді Қазақстан картасына жапсырады.
-өлең шумақтарын қайталап, қонақтармен қоштасады.
Күтілетін нәтиже: Білу керек: Қазақстан Республикасының рәміздерін;
Болу керек: Балалардың халқына, ұлтына деген сүйіспеншілігі;
Үйрену керек: Туған елін, жерін сүюді, құрметпен қарауды.