«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет67/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

2019.21.02. № 227-VІ ҚР 
Заңымен
 4-тармақ өзгертілді (қолданысқа енгізілетін 
тәртібін
 
қараңыз) (
бұр.ред.қара
)
4. Ерекше мәртебесі бар жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдары: 
1) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің мазмұнын тиісті 
мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының талаптарынан төмен 
болмайтындай етіп өзі дербес айқындауға; 
2) білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіпке сәйкес философия 
докторы (PhD) және бейіні бойынша доктор дәрежелерін беруге де құқылы. 
Мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-құқықтық нысанындағы жоғары және (немесе) 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдары осы баптың 1-тармағының бірінші 
бөлігінде көзделген қызмет түрлерін, оның ішінде мемлекеттік мекемелердің ұйымдық-
құқықтық нысанындағы мәдениет саласындағы жоғары және (немесе) жоғары оқу 
орнынан кейінгі білім беру ұйымдары үшін осы баптың 1-тармағы бірінші бөлігінің 3), 6), 
7), 9), 11), 13), 14) және 15) тармақшаларында көзделген нормаларды қоспағанда
Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес бюджет қаражаты есебінен жүзеге 
асыруға құқылы. 
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының осы 
баптың 2-тармағының 2), 3), 6), 9), 10), 11) және 15) тармақшаларында көзделген құзыреті 
Сот төрелігі академиясына, әскери, арнаулы оқу орындарына қолданылмайды. 
2013.04.07. № 130-V ҚР 
Заңымен
 44-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
44-бап.
Білім беру ұйымдарын басқару 
1. Білім беру ұйымдарын басқару Қазақстан Республикасының заңнамасына, тиісті 
үлгідегі білім беру ұйымы қызметінің үлгілік ережелері мен білім беру ұйымының 
жарғысына сәйкес жеке-дара басқару және алқалылық принциптерімен жүзеге 
асырылады. 
2. Білім беру ұйымын тікелей басқаруды оның басшысы жүзеге асырады. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
(
бұр.ред.қара
); 2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 
(
бұр.ред.қара
) 3-тармақ өзгертілді; 2019.27.12. № 294-VІ ҚР 
Заңымен
3-тармақ жаңа 
редакцияда (
бұр.ред.қара
)


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
73 
3. Лауазымға тағайындау және лауазымынан босату тәртібін Қазақстан 
Республикасының Үкіметі айқындайтын жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) 
жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарының бірінші басшыларын қоспағанда, 
білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген 
тәртіппен лауазымға тағайындалады және лауазымынан босатылады. 
Сот төрелігі академиясының, мемлекеттік басқару, құқық қорғау органдары 
академияларының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы 
атындағы Ұлттық қорғаныс университетінің бірінші басшыларын лауазымға тағайындау 
және лауазымынан босату тәртібін Қазақстан Республикасының Президенті айқындайды. 
Бірінші басшыларын Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын 
және лауазымынан босататын мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан 
кейінгі білім беру ұйымдарының тізбесін Қазақстан Республикасының Үкіметі бекітеді. 
Мемлекеттік мектепке дейінгі, орта білім беру, техникалық және кәсіптік, орта 
білімнен кейінгі және қосымша білім беру ұйымының басшысы лауазымға білім беру 
саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен конкурстық негізде тағайындалады. 
4. 2011.24.10. № 487-ІV ҚР Заңымен алып тасталды 
(
бұр.ред.қара
)
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 5-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
); 2019.27.12. № 294-
VІ ҚР 
Заңымен
 5-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
5. Мемлекеттік білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының 
заңнамасында белгіленген тәртіппен үш жылда бір рет аттестаттаудан өтеді. 
Жекелеген мемлекеттік жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру 
ұйымдарының Қазақстан Республикасының Үкіметі лауазымға тағайындайтын және 
лауазымынан босататын бірінші басшыларының аттестаттаудан өту тәртібін Қазақстан 
Республикасының Үкіметі айқындайды. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
 6-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
6. Мемлекеттік білім беру ұйымының (медициналық және фармацевтік білім беру 
ұйымдарынан басқа) басшысы мемлекеттік басқару органымен келісім бойынша бас 
бухгалтерді лауазымға тағайындайды және лауазымнан босатады. 
7. Мемлекеттік білім беру ұйымдарының басшыларына өздерінің лауазымдарын білім 
беру ұйымдары ішіндегі немесе одан тыс жерлердегі басқа да басшылық (ғылыми және 
ғылыми-әдістемелік басшылықтан басқа) лауазымдармен қоса атқаруға тыйым салынады. 
8. Мемлекеттік білім беру ұйымдары басшыларының лауазымдық міндеттерін қоса 
атқаруға болмайды. 
9. Білім беру ұйымдарында алқалы басқару органдары құрылады. 
Білім беру ұйымын алқалы басқарудың нысандары, оларды сайлау тәртібімен қоса, 
жұмысты ұйымдастырудың 
үлгілік ережелерін
білім беру саласындағы уәкілетті орган 
бекітетін білім беру ұйымының кеңесі (ғылыми кеңес), қамқоршылық кеңес, педагогтік, 
әдістемелік (оқу-әдістемелік, ғылыми-әдістемелік) кеңестер және басқа да нысандар бола 
алады. 
2015.21.07. № 337-V ҚР 
Заңымен
 9-1-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
9-1. Мемлекеттік техникалық және кәсіптік білім беру ұйымының алқалы басқару 
органының құрамына Қазақстан Республикасының Ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілі 
келісу бойынша кіреді. 
2018.04.07. № 171-VІ ҚР 
Заңымен
 9-2-тармақпен толықтырылды
9-2. Коммерциялық емес акционерлік қоғамның ұйымдық-құқықтық нысанында 
құрылған жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарында 
директорлар кеңесінің айрықша құзыретіне «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан 
Республикасының 
Заңында
, осы Заңның 
43-1-бабы 2-тармағының 1), 3), 6), 7) 
тармақшаларында
, 3-тармағының 1), 4) және 5) тармақшаларында және 4-тармағы бірінші 
бөлігінің 1) тармақшасында көзделген функциялар, сондай-ақ: 
1) штат санын бекіту; 


Источник: Информационная система «ПАРАГРАФ» 
Документ: 2007.27.07 № 319-III ҚР ЗАҢЫ 
Статус документа: Действующий 03.12.2020 15: 51:41
74 
2) жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру 
бағдарламалары бойынша оқу үшін ақы төлеу мөлшерлерін бекіту; 
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысанын және оларды толтыруға 
қойылатын талаптарды бекіту; 
4) академиялық құрылымдық бөлімшелерді құру және тарату туралы шешімдерді 
қабылдау жатады. 
2011.01.03. № 414-ІV ҚР 
Заңымен
10-тармақпен толықтырылды; 2018.04.07. № 171-VІ 
ҚР 
Заңымен
 10-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
10. Осы бап байқаушы кеңесі бар шаруашылық жүргізу құқығындағы мемлекеттік 
кәсіпорынның ұйымдық-құқықтық нысанында құрылған білім беру ұйымдарына, 
коммерциялық емес және коммерциялық ұйымдарға «Мемлекеттік мүлік туралы», 
«Коммерциялық емес ұйымдар туралы» және «Акционерлік қоғамдар туралы» Қазақстан 
Республикасының 
заңдарында
белгіленген ережелерге қайшы келмейтін бөлігінде 
қолданылады. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   63   64   65   66   67   68   69   70   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет