«Білім туралы» 2007 жылғы 27 шілдедегі №319-iii қазақстан Республикасының Заңы



Pdf көрінісі
бет68/90
Дата04.11.2023
өлшемі1,02 Mb.
#122228
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   90
Байланысты:
2007.27.07-319-III-R-ZA-Y

45-бап. 
Еңбек қатынастары және білім беру ұйымы басшысының жауапкершілігі 
2019.27.12. № 294-VІ ҚР 
Заңымен
 1-тармақ өзгертілді (
бұр.ред.қара
)
1. Қызметкер мен білім беру ұйымының еңбек қатынастары Қазақстан 
Республикасының еңбек заңнамасымен реттеледі. 
Жоғары және (немесе) жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру ұйымдарындағы 
педагогтердің және ғылыми қызметкерлердің (профессорлық-оқытушылық құрамның
ғылыми қызметкерлердің) лауазымдарға орналасуы конкурстық негізде жүзеге 
асырылады. 
2015.13.11. № 398-V ҚР 
Заңымен
 2-тармақ жаңа редакцияда (
бұр.ред.қара
)
2. Әскери, арнаулы оқу орындарының басшылары мен профессор-оқытушылар 
құрамын лауазымға тағайындау тәртібін және олардың еңбек жағдайларын тиісінше 
Қазақстан Республикасының ұлттық қауіпсіздік органдары, Қазақстан Республикасының 
Ішкі істер министрлігі, Қазақстан Республикасының прокуратура органдары, Қазақстан 
Республикасының Қорғаныс министрлігі айқындайды. 
3. Білім беру ұйымының басшысы Қазақстан Республикасының заңдарында 
белгіленген тәртіппен: 
1) білім беру ұйымы білім алушыларының, тәрбиеленушілерінің, қызметкерлерінің 
құқықтары мен бостандықтарын бұзғаны
2) өзінің құзыретіне жатқызылған функцияларды орындамағаны; 
3) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартының талаптарын бұзғаны; 
4) білім беру ұйымы білім алушыларының және тәрбиеленушілерінің, 
қызметкерлерінің оқу-тәрбие процесі кезіндегі өмірі мен денсаулығы
5) қаржы-шаруашылық қызметтің жай-күйі, оның ішінде материалдық және ақша 
қаражаттарын нысаналы пайдаланбағаны; 
6) нормативтік құқықтық актілерде және еңбек шартының талаптарында көзделген 
талаптарды өзге де бұзғаны үшін жауаптылықта болады. 
2011.24.10. № 487-ІV ҚР 
Заңымен
45-1-баппен толықтырылды; 2013.04.07. № 130-V ҚР 
Заңымен
 45-1-бап өзгертілді (
бұр.ред.қара
)


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   64   65   66   67   68   69   70   71   ...   90




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет