39-бап. Білім туралы құжаттар
1. Қазақстан Республикасында білімі туралы құжаттардың мына түрлері қолданылады:
РҚАО-ның ескертпесі!
1) тармақша жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
1) білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттар;
2) дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары;
3) білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттар.
Дербес білім беру ұйымдарының, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Президенті жанындағы білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттары білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарға теңестіріледі.
Білім туралы құжаттардың барлық түрлерінің қорғаныш белгілері болады.
2. Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттың не дербес білім беру ұйымының білім туралы құжатының не білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттың болуы келесі деңгейдегі білім беру ұйымдарында білім алуды жалғастыру үшін қажетті талап болып табылады.
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2017 бастап 01.01.2020 дейін қолданыста болады).
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
3-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2017 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.
3. Қорытынды аттестаттаудан өткен білім алушыларға білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды негізгі орта, жалпы орта білімнің жалпы білім беретін оқу бағдарламалары бойынша, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және мемлекеттік аттестатаудан өткен, сондай-ақ жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар және белгіленген тәртіппен мемлекеттік аттестаттаудан немесе аккредиттеуден өткен білім беру ұйымдары береді.
Білім туралы мемлекеттік үлгідегі құжаттарды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
39-бапты 3-1-тармақпен толықтыру көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
4. Дербес білім беру ұйымдарының білім туралы құжаттарын дербес білім беру ұйымдары береді.
Дербес білім беру ұйымының білім туралы құжаттарының нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды дербес білім беру ұйымы айқындайды.
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (01.01.2020 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақ жаңа редакцияда көзделген - ҚР 09.04.2016 № 501-V Заңымен (01.01.2021 бастап қолданысқа енгізіледі).
РҚАО-ның ескертпесі!
5-тармақтың бұл редакциясы 01.01.2020 дейін қолданыста болады - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен.
5. Білім туралы өзіндік үлгідегі құжатты:
1) ерекше мәртебесі бар білім беру ұйымы;
2) жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білімнің білім беру бағдарламалары бойынша білім беру қызметімен айналысуға лицензиясы бар білім беру ұйымы беруге құқылы.
Білім туралы өзіндік үлгідегі құжаттардың нысаны мен оларды толтыруға қойылатын талаптарды білім беру ұйымы айқындайды.
6. Білім алуды аяқтамаған не қорытынды аттестаттаудан өтпеген білім алушыларға белгіленген үлгідегі анықтама беріледі.
7. Шетелдік білім беру ұйымдары берген білім туралы құжаттар Қазақстан Республикасының аумағында халықаралық шарттар (келісімдер) негізінде танылады.
Халықаралық шарттар (келісімдер) болмаған кезде Қазақстан Республикасы азаматтарының шетелдік білім беру ұйымдарында алған білімі туралы құжаттарын нострификациялау және оларға тиісті куәліктер беру білім беру саласындағы уәкілетті орган айқындаған тәртіппен жүзеге асырылады.
8. "Болашақ" халықаралық стипендиясын иеленуші Қазақстан Республикасының азаматтарына шетелдік жоғары оқу орындары, ғылыми орталықтары мен зертханалары берген білім туралы құжаттар тану немесе нострификациялау рәсімдерінен өтпей-ақ Қазақстан Республикасында танылады.
Ескерту. 39-бап жаңа редакцияда - ҚР 13.11.2015 № 398-V Заңымен (алғашқы ресми жарияланған күнінен кейін күнтізбелік он күн өткен соң қолданысқа енгізіледі).
Достарыңызбен бөлісу: |