2.Түсіндіру-жеке ұғым(белгілі білім), құбылыстарды, приборлардың жұмысын жүйелі баяндау үшін қолданылатын, сөз, сөз тіркесінің мағынасын ашу үшін қолданылатын әдіс. Түсіндіру – оқу материалын мұғалімнің логикалық тұрғыдан дәйекті де сындарлы баяндауы. Оның себебі, түрлі заңдылықтар мен ережелерді түсіндіру белгілі дәрежеде логикалық жүйелікті қажет етеді.
Түсіндіру әдісінің мақсаты: заттардың елеулі белгілерін ашып көрсету, фактілер мен құбылыстарды талқылау. Сондықтан мұғалімнің оқу материалын түсіндіруде әрқашанда пайымдау, қорыту, дәлелдеу көп болды.Түсіндіру әдісінің ең маңызды мәселелері– оқушылардың алдына жаңа мәселені айқын, ашық етіп қойып, оқу материалын тыңғылықты баяндап шығу. Түсіндіру әдісінің табысты болуы мұғалімнің нақтылы деректерді қаншама сәтті қолдана білгендігіне оған қойылатын талаптарды орындауға байланысты:
сұрақтарды дәл және анық тұжырымдау;
себеп-салдар байланысын ашып, дәлелдер келтіру
салыстыру, қатар қою, ұқсатуды, жарқын мысалдар қолдану
жүйелілік
Түсіндіру әрқашанда заттар мен фактілердің, құбылыстардың мәнін ашу, қағидаларды түсіндіру, осылардың негізінде оқушыларға жаңа білімді баяндауда оны терең және түсінікті ұғынуларына мүмкіндік туғызады. Бірақ ол оқушылардың жас ерекшеліктеріне, сынып және пән ерекшеліктеріне қарай өзгеріп отырады.
3.Әңгімелесу мәні мақсатты, бір-бірімен байланысты, негізгі идеяға бағындырылған, білікті қойылған сұрақтар(диалог) жүйесімен оқушылардың алған білімдерін естеріне түсіртіп, жаңа білімді игеруі, өздігінен ойластырып, қорытындылау іскерлігін жандандыру, құбылыс оқиғаларды әсерлі әңгімелеу.Әңгімелесу әдісі оқытудың түрлі міндеттерін орындайды: бұрынғы оқу материалдарын жаңамен байланыстыру, жаңа білімді хабарлау, өткенді қайталау. Әңгіме әдісі сабақтың барлық кезеңінде қолданылады. Бұл әдісті оқушылар жаңа тақырыптағы оқу материалының кейбірін білгенде қолдануға болады. Әңгіме әдісінің жақсы жағының бірі-мұғалімнің оқушы білімі туралы ақпарат алуы. Әңгіме барысында мұғалім мен оқушылардың арасында диалог пайда болады. Бұл әдіс бастауыш сыныптарда кең қолданылатын әдістің бірі. Ұзақтығы-бастауыш сыныптарда 10 минөт, жоғары сыныптарда - 20-25 минөт.
Әңгімелесу әдісінің тиімді жақтары: ес пен тілді дамытуы;
оқушының оқу-танымдыққызметін белсенді етуі;
жақсы диагностикалық құрал
үлкен тәрбиелік күші бар.
Әңгімелесу әдісінің тиімсіз жақтары: уақыттың көп кетуі;
қауіп элементі бар
(қате жауаптың оқушылар
есінде сақталып қалуы.
Оқу пікірталастары. Оның оқу- тәрбие процесіндегі ең басты қызметі оқушыларды қандай да бір проблема бойынша түрлі ғылыми көзқарастарды белсенді түрде талдауға қатыстыру, басқа жеке тұлғаның және өзінің көзқарастарының негіздерін түсінуге жағдай жасау. Оқу пікірталастары негізгі мектептің жоғары сыныптарында ішінара орта мектептің бастауыш сыныптарында қолданылады. Жақсы өткізілген пікірсайыс балаларға білім және тәрбие береді, ппроблеманы түсінуге өз пікірін қорғауға басқалардың пікірімен санасуға үйретеді.
Оқылатын материалды талдауға қойылатын талаптар проблема
сабақ барысын тұрақты басқару
талқыланатын негізгі проблема төңірегіндегі жұмыс;