Білімді алу көзіне қарай топтастырылған әдістер


Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі



бет3/5
Дата11.04.2023
өлшемі23,03 Kb.
#81499
1   2   3   4   5
4.Оқулықпен және кітаппен жұмыс істеу әдісі.Кітап және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. Оқушылардың жаңа білімдерді қабылдау, сыныпта алған білімдерін бекіту, біліктілік пен дағды қалыптастыруда тиімді әдіс болып табылады.Баспа материалдарын өз бетімен жұмыстың кей бір тәсілдері бар. Бастауыш сыныптарда кітаппен жұмыс сабақта мұғалім басшылығымен жүзеге асады. Одан әрі оқушылар кітаппен жұмыс істеуге өздері үйренеді. қайнар бұлағы. Ол білім мазмұнын кеңірек ашып, оқушылардың оны терең игеруіне көмегін тигізеді. Кітапты немесе оқулықты оқи отыра, оның нақтылы мазмұнын, тақырыптың негізгі ойын, құнды деректер мен қағидаларын жеке қарастыру, жетекші идеяларын ашып көрсете немесе өз сөзімен тиянақты баяндай алмау мәселелерін ұмытпаған жөн. Ол үшін оқушы оқу материалының құрылымымен жалпы танысу, оны көз жүгірте қарап шығу, содан кейін барып кейбір маңызды бөліктеріне жете мән беру, оған қатысты жаттығу жұмыстарын жасау, ең соңында оқығанын есінде сақтауға күш салуға дағдылануы тиіс.
Бастауыш сыныптан бастап оқушыларды дауыстап оқуға, одан кейін тез, іштей оқуға, оқығанды өз сөзімен айтып беруге дағдыландыру қажет. Мәтінмен жұмыс істегенде оқушыларды, оның ең негізгі мазмұнын айтуға, бөліктерге бөліп жоспар жасауға, қорытынды мен тұжырымдар жасауға үйрету керек. Егер оқушы осындай тәсілдерді қолдана білсе, онда ол оқығандарын тек жаттап алуға дағдыланады. Кітаппен жұмыс істеудің өзіндік мәнді психологиялық ерекшелігі бар. Кітап оқу мұғалімнің сөзін тыңдауға қарағанда оқушының ақыл–ой күші мен ерік–жігерін көп керек етеді. Кітап және оқулықтармен жұмыс – оқытудың маңызды әдісі. Баспа материалдарын өз бетімен жұмыстың кей бір тәсілдері бар. Олар :
5.Көрнекілік– оқу материалын оқушылардың өз көзімен көріп, қабылдауын жеңілдетуі. «Бес сөздің мағынасын ауызша түсіндіру қиын, жиырма сөздің мағынасын суретпен ашу оңай» (А.Дистервег). Оқытудың сөздік және практикалық әдістерімен өзара байланыста қолданылады Сөзбен берілген мәліметті анықтай түседі, айналадағы өмір туралы түсінікті кеңейтеді. Ғылыми ұғымдарды меңгеруді жеңілдетеді. Құбылыстармен, объектілермен оқушыларды таныстырғанда олардың сезім мүшелеріне әсер ететін алуан түрлі сурет, көшірме, сызбалар немесе табиғи күйіндегі көрнекіліктер қолданалады. оқу материалын оқушылардың көзімен көріп, нақтылы түсінулеріне мүмкіндік береді.Бұған демонстрация, иллюстрация және бақылау әдістері жатады.
Иллюстрация латын сөзі: illustratio — сурет, бейне. Объектілер , процестер мен құбы-
лыстардың символикалық(шартты белгілер) бейнесін суреттер, плакаттар, карталар, портреттер, диаграммалар т.б. арқылы көрсету жолымен қабылдату. Олар ұғымдардың қалыптасу үрдісін жеңілдетеді. Иллюстрация – демонстрация әдісімен тығыз байланыста болады. Мектеп тәжірибесі көрсеткендей сабақта иллюстрациялы материалдарын көптеп қолдану, оқушылардың назарын нақтылы оқу материалынан ауытқуына әкеп соғады. Сондықтан, көрнекі құралдарды пайдаланудың дидактикалық қолданысын және таным процесінде олардың рөлін алдын–ала жақсылап ойластырып алу қажет.
Демонстрация (көрсету) оқушыларды құбылыстар, процестер және заттардың нысанасымен табиғи жағдайда таныстыру барысында қолданылады. Демонстрация – оқушыларға зат, құбылыс бейнесін тұтас, қозғалыста береді. Оның қозғалмайтын, шартты белгілерге толы иллюстрациялық әдіске қарағанда айырмашылығы да осында(Источник: http://si-sv.com/publ/1/14-1-0-245). Әдістің бұл түрі оқылып отырған құбылыстың қозғалысын анықтау, заттың ішкі құрылысы және сыртқы көрінісімен немесе бірыңғай заттардың орналасу жағдайымен таныстыруды көздейді.Табиғи нысананы көрсету негізінен сыртқы көрінісінен басталады (көлемі, түсі, формасы, өзара байланысты т.б.). Келесі кезекте оның ішкі құрылысы немесе жекелеген құрамы бөлініп көрсетіледі. Заттың үлгісі және көркем туындылар оқушылар тарапынан біртұтастық жағдайында қабылданады. Сабақ барысында оқытудың демонстрациялау әдістерінен қолдануда оқу киносы, диапозитив, диафильм, магнитофон, радио, үнтаспа, киноскоп, эпидиоскоп, теледидар, видеофильм секілді техника құралдары көптеп пайданылады.Заттар мен құбылыстарды, кейбір жағдайда қажеттігіне сай табиғи ортада көрсетуге болады. (Мысалы, табиғат, оның құбылыстары, жан–жануарлар, өсімдіктер, ауылшаруашылығы техникалары, өндіріс құралдары т.б.).
Алуан түрлі таным нысандарын оқып үйрену басталады: сыртқы бейнесі (түсі, шамасы, формасы, жеке бөліктері, және олардың арасалмағы, содан соң ішкі құрылымы немесе қасиеттері (бақаның тыныс алу жолдары, прибор құрылысы, қолдың құрылысы, двигательдің ішкі күйі, жергілікті жердің рельефі т.б.) Источник: http://si-sv.com/publ/1/14-1-0-245. Көркем шығармаларды, киім үлгілерін демонстрациялау тұтас қабылдаудан басталады. Тәжірибенің схемалары көрсетіледі. Оқушылардың белсенділігін көтеру үшін демонстрация барысында көргендерін түсіндіруге тартудың маңызы зор. Табиғи жағдайда өтетін құбылыстарды заттарды, процестерді демонстрациялаудың дидактикалық құндылығы өте зор. Бірақ мұндай демонстрация мүмкін емес немесе қиын. Бұл жағдайда жасанды ортадағы табиғи заттарды демонстрациялау қолданылады (мысалы, зоопарктегі жануарлар, механизмдердің кішірейтілген түрлері). Табиғи нысандардың жасанды алмастырғыштары — көлемді модельдер барлық пәндерді оқытуда маңызды рөл атқарады. Оқытудың көрнекілік әдісінің шарттары:
материалды мұқият іріктеу, нысандарды дұрыс таңдау;
көрнекі құралдардың шамасын қатаң түрде мөлшерлеу;
көрнекіліктің оқушылардың жасына сәйкестігі;
сөзбен көрнекілікті шебер ұштастыру;
көрнекілікті сабақтың керек сәтінде қолдану;
демонстрацияланатын зат және құбылыстың мәнді жақтарына оқушылардың назарын аудару;
демонстрацияланған затты барлық оқушылардың көруі;
құбылыстарды демонстрациялау кезінде берілетін түсініктерді мұқият ойластыру
көрнекі құрал мен демонстрациялық қондырғылардан керекті мәліметтерді табуға оқушыларды қатыстыру.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет