Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары


Бағалауда ынталандыру әдістері, өзін-өзі бағалау және оның ықпалы



бет11/13
Дата11.04.2022
өлшемі83,04 Kb.
#30662
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
Оқушының өзін-өзі бағалауына мұғалімнің әсері

2.1 Бағалауда ынталандыру әдістері, өзін-өзі бағалау және оның ықпалы

Оқушылардың білімін есепке алу және бағалаудың қалыптасқан түрлерінің негізгі кемшіліктерінің бірі – оқушылардың бақылау жұмыстары мен өздігінен істейтін жұмыстарын күнделікті тексеру кезінде мұғалім өнімсіз еңбекпен көп шұғылданады. Білім тексеру мен бағалауда біраз уақытын жеке оқушыға бөліп, не болмаса, жазбаша бақылау жұмыстарын кешенді талдау арқылы бағаламақ болып көп уақытын ысырап етеді. Тексеру мен бағалаудың озық технологиялық әдіс-амалдарын ойластырып жатпайды. Бұның соңы білім бағалаудағы субъективизмге әкеліп: баға оқушы мен мұғалімнің өзара қатынасына негізделеді, өзге оқушылардың білім деңгейімен салыстырала қойылады. Мұғалімдердің арасында бағаны оқушыға қысым көрсетудің, «қорқытып тәрбиелеудің» құралына айналдырушылар да кездеседі. Ондайлар сабақта тыныш отырмаған оқушыларға да «екілік» қояды. Кейбір ұстаздар бағаны қалтасынан беретіндей тым сарандық жасайды. Керісінше, «жақсы атты» болуға, оқушы тілін табуға тырысып «жомарт ағай, апай» атануға ұмтылатын әріптестеріміз де жоқ емес. Түптеп келгенде осы әрекеттердің бәрі оқушылардың сабаққа байланысты еңбегіне жасалған қиянат.

Бұл – жекелеген мұғалімдердің өз мамандығы бойынша теориялық білімі таяз, әдістемелік шеберлігі төмен, педагогика мен психологиядан білім деңгейі әлсіз, дидактикалық озық тәжірибелерді күнделікті жұмысына шығармашылықпен пайдалана алмайды деген сөз.

Менің түйгенім бойынша: білім бағалаудың бұлжымас төрт ұстанымы бар. Біріншіден, бағалау және баға – оқу үрдісінің ажырымас біртұтас құрамдас бөлігі. Бұл үш дәйектемеден тұрады:

а) Бағалау – ынталандыру әдісі мен құралы, оқыту мен оқудың қозғаушы факторы;

ә) Бағалау – емтихан не сынақ алу – білім сапасын жетілдірудің, оқышының басқа да қасиеттерін дамытудың, ұштаудың кепілі;

б) Бағалау мұғалім мен оқушының жан-жақты ынтымақтастық қарым-қатынасын қалыптасырады, жағымды ықпал етеді.

Екіншіден, бағалау және баға оқушыларды өмірге үйретеді, дайындайды, бейімдейді. Бұл ұстанымда өзара сабақтас үш дәйектемеден тұрады:

а) Үлгірімді жоғарылату ісіне етеді;

ә) Тәрбиенің маңызды құралы;

б) Оқушылардың белсенділігі тасын арттырудың құралы.

Үшіншіден, бағалау мен баға барлық оқушылардың дамуына ықпал етеді.

Төртіншіден, бағалау әрқашанда әділетті сипатта болуы керек, сонда ғана оның ғылыми-дидактикалық тұрғыдан нәтижелілігі қамтамасыз етіледі.

Ш. Амонашвилидің пікірінше, өзін-өзі бағалауды қалыптастыру үшін жеке бағалаушылық пайымдауда оқушы бетке ұстайтын ерекше бағалау өлшемдері құрылуы қажет. Ол, «белгілі бір үлгі өлшемдерді, олармен жұмыс істеу жолдарын меңгерген бағалаушылық пікірлер үлгілерін, жолдастарының жұмыстарына қатысты мазмұнды бағалау тәжірибесін игерген оқушы өзінің жеке оқу-танымдық әрекетіне бағалау бөлігін белсенді енгізе алатындығын» атап көрсетеді.

М. Львов зерттеулерінде оқушының өзіндік бағалауын қалыптастырудың маңызды қыры ашылады. Оның пікірінше, оқушыны әрекет субъектісі ретінде қалыптастырудың келесі міндеті мынадай шарттармен қамтамасыз етіледі:

- сыныптағы еркін хал ахуал;

- мұғалім тарапынан оқушыларға сенім білдіру және құрмет;

- жаңа білім алуда оқушыларға дербестік берілуі;

- мұғалімнің әрбір оқушының оқуға көңіл күйін, қызығуын, қабілеттерін назарға алуы;

- жалпы мәдени жағдай, мұғалім мен оқушылар дамуының жоғары деңгейі.

Н. Калашникова мен Ю. Иванов өзіндік жұмыс үрдісінде оқушыларды оқытуда жеке компьютерлерді қолданып оқу әрекетін қалыптастыруды зерттей келе, өзіне-өзі баға беруді күрделі ерекше оқу әрекетіне айналдыру үшін мұғалімнің оқу міндеттерін белгілеу жеткіліксіз деген тұжырымға келген. Олардың пікірінше, болжаушылық және өткенге мән берушілік өзін-өзі бағалауды қалыптастыру, сондай-ақ, оқу әрекеті құрылымының тұтастығын сақтауды қамтамасыз ету үшін оқыту үрдісінде әр оқушыға арналған оқу міндеттерін жете түсіну, қабылдау және құрастыру кезеңі қарастырылуы қажет. Бұл пәндік әрекет етудегі өзін-өзі бағалауды қалыптастырудың жаңа қырын ашады, алайда, оқушыны оқытуға мұндай кезеңнің енгізілуі оның құралдары мен тәсілдері жайлы мәселені шешуді қажет етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет