ҚОРЫТЫНДЫ
Нағыз мұғалім психолог, педагог болу үшін шәкірттердің өзіндік ерекшеліктерімен санасу, аса сезімтал бала жанын жазбай танитын адам болуы қажет.
Бүгінгі шәкірт ертеңгі маман. Ендеше қоғам талабына сәйкес мұғалімнің негізгі мақсаты-оқушының білім сапасын көтеру. Ол үшін мұғалімнің алдында сабақ сапасын көтеру, жетілдіру, оқушылардың сабаққа деген қызығуын арттыру, қабілетін дамыту міндеттері тұр.
Демек мұғалім бір ғана әдіспен шектелмей шығармашылығын шындап, озық іс-тәжірбиелерді пайдалана білуге оқушы қызығушылығын арттырып сонымен бірге оқушы санасына күш түсірмей білім беруге болады деп ойлаймын.
Жаңа технологияларды тиімді пайдалана отырып сабақ берудегі үлгерімді көтеруге айтарлықтай көмегін тигізетін, оқушының оқуға қызығушылығын арттыратын, шығармашылығын шындайтын, оқушының жеке тұлға ретінде қалыптасуына ықпал етуге әбден болады.
Мұғалім «5» немесе «2» алған оқушының білімінің сол бағаға сәйкестігін нақтылау үшін қосымша сұрақтар қойып оқушыға мүмкіндік туғызу керек. Содан кейін ғана сынып журналына бағаны қойса оқушы және мұғалім арасында келіспеушілік туындамайды. Мұғалім мен оқушы арасында сәйкессіздік орын алса. Онда оқу үрдісіндегі мағыналық және психологиялық кедергі тууы мүмкін.
Оқушы еңбегінің жемісін күнделікті бағалап отыру-мұғалімнің басты парызы. өйткені, еңбегінің күнделікті бағаланатының сезінген бала алға ұмтылып, жақсы оқуға ынталады. Баға қою арқылы бала жанына үрей туғызудан гөрі қайта талаптандыруға ұмтылу керек. Ал журналға қойылған «екілік» оқушының ынтасына, талабына кері әсер етуі мүмкін. Кейде оқушылар тарапынан «әттең, қайта сұраса», «5-тік алсам» деген талпынысты байқауға болады. Осылай талаптанған шәкіртті аңғарып, оларға да кешіріммен, түсіністікпен қарай білу қажет.
С. Кобеев мұғалімге қажетті психологиялық қырағылық туралы былайша сыр шертеді: «Бала жанын жазбай тану үшін мұғалімге тәжірбиелі психолог, жан сызғының білгірі болу керек. Әр шәкірттің бабын тауып, онымен дұрыс үндесе білгенде ғана ұстаздық абырой-бедел арта түседі. Сыныпта қанша бала болса, соншама мінез бар, мәселен кейбір бала ұяң, сылбыр, не баяу келеді, мұндайларға ерекше қамқорлық қажет. Күйгелек, қозғалғыш, қызба оқушыларға тиісінше өзіндік әдіс қолданбай болмайды. Ұстаз шәкірттеріне ықыласты қарап, кең пейілді, әдепті, болғанымен, кейде балалармен қоян-қолтық араласа алмайтын жағдайға да кездеседі. Мұндайда сабақта тәртіпсіздік үстемдік етеді, кейбір оқушылар үй тапсырмаларын орындамайды, айтқан ақылды алмайды, шынтуайтқа келгенде сыйламайды». Оқушының сабаққа үлгермеушілік себебін, не оқушының өзінің, не оның туған-туыстарының физиологиялық жетімсіздігінен, биологиялық фактілерден іздеуге дейін баратын деген екен.
Оқыту үрдісінде оқушылардың мінез-құлқын ойдағыдай басқару мұғалімнің психологиялық ерекшеліктерді терең білумен сипатталады. Оқушы психологиясын зерттей отырып, оқушының әр темперамент ерекшелігін ескеріп жұмыс тапсыру мұғалім шеберлігін байқатады. Оқушылардың ой-өрісі, мінез-құлқын тану, олардың еркін жұмыс істеуіне жол салу-ұстаз мүмкіндігінің басты шарты. Бұлар оқу-тәрбие үрдісіндей ауадай қажет. Шәкірттердің психологиялық ерекшеліктерін білу мұғалімге оқу-тәрбие үрдісінде жақсы көрсеткіштерге жетуге көмектеседі.
Еліміздің ертеңі бүгінгі ұрпақтың білімімен тығыз байланысты екені дауссыз. Сондықтан бүгінгі таңда Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың бірде-бір бала оқылмай қалмауын қадағалау, ағарту саласында оқу-тәрбие жұмыстарын жақсарту және салауатты өмір салтын орнықтыру міндетін қойып отыруы заңды.
2030 жылы еліміз Орта Азияның барысы, жастарымыз елінің арысы болсын десек, оқушылардың сапалы білім алуына барлық жағдайды жасауымыз қажет.
Оқушы білімінің сапасы-оқытушының білімділігі мен біліктілігінің іскерлігінің айнасы. Нарық заңдылығына сүйенсек кез-келген өнімнің сапасын өндіру емес, оны тұтынушы анықтауы бағалуы қажет.
Сондықтан оқытушының берген білімін, оның өзі емес, басқалардың да бағалағаны жөн. Сонымен қатар оқушы білімін бағалауда қазіргі заман талаптарымен, оқушылардың сана-сезімдерімен, психо-педагогикалық ерекшеліктерін де ескерген жөн.
Достарыңызбен бөлісу: |