Білім,ғылым,техника және технология


Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлык білім



бет5/7
Дата03.12.2023
өлшемі6,35 Mb.
#133643
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-дәріс.Білім,ғылым,техника және технология.

5.Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлык білім.


5.Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлык білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық»жобасының үлесі.
Елбасының «Болашаққа бағдар: ру­хани жаңғыру» мақаласында алты үл­кен жоба аталды. Сол жобалардың бірі – «Жаңа гуманитарлық білім: қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық». Мен бұны арнайы айтып жатқан себебім, бұл бас­тама ауызекі тілде «100 жаңа оқу­лық» деп аталып жүр. Бірақ бұл жоба­ның мақсаты 100 кітап аударып шыға­ру­дан әлдеқайда кең. Сөзсіз, тамаша оқу­лық­тар аударылады, басылып тарайды. Бі­рақ мұның барлығы түпкі, үлкен мақсат­қа жол салатын құрал. Ол қандай мақсат? Жаңа оқулықтар арқылы біз қазақ ауди­торияларындағы талқының мазмұны мен деңгейін көтереміз. Сол арқы­лы жалпы гуманитарлық білімнің маз­мұны мен сапасы мүлде жаңа деңгейге шығуы тиіс. Өйткені әлемдік гу­ма­нитарлық ғылым қазақ тіліне мұн­дай көлемде ешқашан аударылған емес. Енді бұл оқулықтарды ертең оқу бағдарламасына қалай енгіземіз? Осыған орай оқытушылардың жұмысы қалай өзгеруі керек?
Қазақы интеллектуалды, гума­ни­тарлық ғылыми орта, оқытушылар мен студенттер бұл жобаға өздерінің күнделікті өміріне, ертеңіне тікелей қатысы бар мүмкіндік деп қарауы керек. ХХ ғасырдың басында Алаш қайраткерлері аудармамен көптеп айналысты. Бірақ ол кезде қазіргідей мүмкіндік болған жоқ. Қазір мүлде басқа уақыт, басқа мүмкіндік. Біз осы мүмкіндікті жіберіп алмауымыз керек. Мемлекет тарапынан барлық жағдай жасалып жатыр. Сондықтан бұған атсалыса алатын орта жұмылуы қажет. Біз аударма ісін білетін мамандарға аса зәруміз.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Болашаққа бағдар: Рухани жаңғыру» атты мақаласында бізге инженерлер мен дәрігерлер ғана емес, қазіргі заманды және болашақты терең түсінетін білікті гуманитарлық сала мамандары да ауадай қажет екенін айтты. Тарих пен саясаттану, әлеуметтану мен философия, психология, педагогика, экономика, мәдениеттану және филология ғылымдары бойынша студенттерге заманға лайық білім беруге қажетті жағдай жасауды тапсырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет