Білім,ғылым,техника және технология


Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы кайшылыктар



бет3/7
Дата03.12.2023
өлшемі6,35 Mb.
#133643
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-дәріс.Білім,ғылым,техника және технология.

3.Қоғам өміріндегі ғылымның рөлін бағалаудағы кайшылыктар

Адам өміріндегі ғылымның орны мен рөлін түсіну осы уақытқа дейін аяқталмаған күрделі процесс. Бұл процесс қиыншылықтар мен қайшылықтардың, талас-тартыстың, күмәнді сұрақтардың, көптеген жаңа мәселелердің пайда болуымен ерекшеленеді. XX ғасырдың 20-шы жылдарында ғана ғылымның мәні мен ерекшеліктерін, оның даму және қолдану механизмдерін қарастыратын, сонымен қатар, ғылымның білім жүйесі, әрі ерекше әлеуметтік институт ретінде даму заңдылықтарын зерттеуге бағытталған «ғылымтану» атты жаңа пән пайда болды. Ал, қазіргі қазақ қоғамында ғалымдардың еңбегі, ғылымның бағалануына келсек, қажетті шаралар өз бастауын алды. Атап айтсам, қазақ ғалымдарының аз еңбекақысы көтерілетін болды және жас ғалымдарға гранттар бөлу арқылы қазақ ғылымына қызығушылық таныту көзделіп отыр. Шет елден тағылымдамадан өту үшін "Болашақ" бағдарламасы аясында білім алушылардың кейбіріне қолайлы жағдай жасалған дей алмаймын.


Мәселен,"Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де магистратурада білім алатын жастар үшін ғылымға түсер жол оңай болмайын деп тұр.Шетелден тағылымдамадан өту үшін университет басшылығы сынақты күрделендіріп жіберсе керек, білім алушылар наразылықтарын білдіруде. Қазіргі уақытта елдердің әл-ауқаты олардың ғылым саласының жағдайына тікелей байланысты. Менің ойымша, ғылыми зерттеулерге елеулі назар аударатын, ғылымды қажет ететін жаңа технологияларды табысты игеретін, бұл үшін жеткілікті қуатты қаржылық, ақпараттық, өндірістік, зияткерлік құралдарды ұсынатын елдер ғана қазіргі саяси-экономикалық жарыста көш бастап, әлемдік аренада жетекші орын алады.Қазіргі қоғамды ғылымсыз басқару мүмкін емес. Дамудың қазіргі кезеңінде ғылым қоғамның әлеуметтік құрылымын өзгертеді. Бүкіл әлемде ақыл-ой жұмысымен айналысатындар санының өсу және біліксіз физикалық еңбекпен айналысатындар санының азаюы байқалады.Әрине, ғылым қоғам мәдениетінің маңызды нысандарының бірі, ал оның дамуы адамзат өмірінің барлық салаларын жаңартудың маңызды факторы болып табылады. Қазіргі ғылым адамның дүниетанымын қалыптастырады, техникалық прогреспен тығыз байланысты, қоғамның даму болжамдарын құруға және бағдарламалар жасауға, адамзат алдында тұрған мәселелерді шешуге көмектеседі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет