Білім,ғылым,техника және технология


Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлык білім



бет6/7
Дата03.12.2023
өлшемі6,35 Mb.
#133643
түріОқулық
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
6-дәріс.Білім,ғылым,техника және технология.

5.Отандық ғылым мен білімнің дамуындағы «Жаңа гуманитарлык білім.


.
Осы міндетті іске асыруға мүмкіндік беретін негізгі тетік ретінде «Жаңа гуманитарлық білім. Қазақ тіліндегі 100 жаңа оқулық» жобасы қолға алынды:
Аталған жоба аясында бірнеше жылда гуманитарлық білімнің барлық бағыттары бойынша әлемдегі ең үздік деген университет оқулықтары түрлі тілдерден қазақ тіліне аударылып, біздің студенттерге дүние жүзіндегі таңдаулы үлгілердің негізінде білім алуға мүмкіндік берілді.
Бұл жұмыс үкіметтік емес және коммерциялық емес «Ұлттық аударма бюросы» деп аталатын қоғамдық қордың негізінде ұйымдастырылды.
Аударылатын кітаптарды таңдау үшін еліміздегі барлық оқу орындарынан ұсыныс жиналып, жалпы саны 800-ден аса оқулық атауы келіп түсті. Жинақталған тізімдердің негізінде бірнеше рет басылған, соңғы басылымы кейінгі 3 жылда шыққан, мазмұндық тұрғыдан бейтарап болуы қажет деген талаптарға cай оқулықтар таңдалды. Жоспар бойынша 2017-2018 жылдары 47 оқулық қазақ тіліне аударылып, еліміздегі 132 университетке жеткізілді. Жаңа оқулықтар 2018-2019 оқу жылынан бастап жоғары білім беру жүйесіне енгізілді.
2019-2020 жылдары жобаның үшінші және төртінші кезеңіне таңдалған 53 оқулық аударылып, басылып, ЖОО кітапханаларына тегін таратылды.
Іріктелген оқу құралдарын қазақ тіліне аударуға Қазақстанның алдыңғы қатарлы оқу орындарының оқытушылары, білікті аудармашылар мен редакторлар, жалпы саны 300-ге жуық маман қатысты. Мәтіндер бірнеше лек әдеби және ғылыми редакциядан өтті.
Мұндай ауқымды ғылыми аударма жобасы Қазақстанда бұрын-соңды іске аспаған. 100 оқулықты аудару аясында Қазақстан әлемдегі алдыңғы қатарлы жоғары білім беру орындары, ғылыми орталықтар және оқулық шығаруға маманданған баспа ұйымдарымен тығыз әріптестік орната алды. Кең көлемді аударма жұмысы қазақ тілін халықаралық ғылыми лексикамен байыта түсуге, ғылыми терминологияны дамытуға, академиялық жазу стилін жетілдіруге, қазіргі ғылыми зерттеу және баяндау әдістерін игеруге зор мүмкіндік береді.
Бұл жоба – рухани жаңғыру деген ауқымды бағдарламаның құрамдас бөлігі. Кеңестер заманында гуманитарлық ғылымдар саясаттың қызметінде, идеологияның құралы болғаны белгілі. Зиялы ортаның көзқарастары мен құндылықтарына ықпалы зор осы білім салалары бізде әлі күнге дейін ескі сарыннан арылмаған. Жоғары оқу орындарындағы студенттердің 70 пайызы қазақ тілінде оқиды деп марқаямыз, ал олардың не оқып жүргендеріне енді ғана ден қоя бастадық. Мұның сыртында, бұл оқулықтар қазақ тіліндегі гуманитарлық біліммен бірге қазақ тілінің өзін де өрге тартатын бастама деп білемін. Тіліміз халықаралық ғылыми лексикамен толығады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет