Биофизика курсы


Көздің оптикалық жүйесі. Көздің спектрлік сезгіштігі



бет5/6
Дата01.12.2022
өлшемі186,5 Kb.
#54128
1   2   3   4   5   6
Көздің оптикалық жүйесі. Көздің спектрлік сезгіштігі.
Көз қорғаныш ақуыз қабықшадан тұратын күрделі оптикалық жүйе болып табылады. Ақуыз қабықшасы тамырлар жүйесі мен 0,001 см-ден кіші өлшемдерге ие болатын ұсақ жарық сезгіштік элементтері бар тор қабықшасынан тұрады. Бұл элементтер көзді бас миымен байланыстыратын көру нервісінің нерв талшықтарының ұштары.
Көздің алдыңғы бөлігінде ақуыз қабықшасы мөлдір мүйіз қабықшасына, ал тамырлар қабықшасы- ортасында қарашық деп аталатын тесігі бар нұрлы қабықшасына өтеді. Қарашықтың артқы жағында екі дөңес линза формасындағы мөлдір серпімді дене – көзбұршақ орналасқан. Көздің барлық ернеуі мөлдір сұйықтықпен толтырылған. Көздің сұйықтығының сыну көрсеткіші 1,33-ке, мүйіз қабықшасында -1,38 және көзбұршақта орташа 1,44-ке тең.
Көздің көрген дененің кескіні торда кескінделеді; ол шын (нақты), қысқартылған және кері(дененің орналасуы дұрыс деген тұжырым мидың түзетілген іс-әректінің нәтижесінде туады) кескін болады. Көздің қарашығы диафрагмада үлкен роль атқарады: көзге түскен жарықтың мөлшеріне байланысты оның диаметрі өзгереді. Сол себептен көзбұршақтың сіңірлерінің қисықтық кеңістігі, қорыта айтқанда фокустық ара қашықтығы өзгереді, яғни көзден әртүрлі қашықтықта орналасқан денелер тор қабықшада әртүрлі бейнеленеді. Көзбұршақтың фокустық ара қашықтығын бақыланатын денеге бейімдеуін аккомодация деп атайды. Жай көзбен 8м қашықтықтағы денені көруге болады. Аккомодация 25 см-ге тең айқын көретін ара қашықтықтан аз емес қашықтықтағы денелердің кескіндерін көруге мүмкіндік береді.
Кескіннің өлшемі дененің шеткі нүктелерінен көзге келетін сәулелер арасындағы бұрышқа байланысты. Көру бұрышы өте аз болғанда (шамамен бір минутқа тең), айқын көру ара қашықтықтығынан 0,07 мм-дей ұзындықтағы кесіндінің қашықтығына сәйкес келетін дененің формасын ажыратуға ғана болады. болғанда барлық кескіндер бір жарық сезгіштік элементте орналасады және дене нүкте түрінде бейнеленеді. Шекті көру бұрышының болуына байланысты () қарусыз көзбен жақын, бірақ өте ұсақ емес, өте алыс емес үлкен денелерді көруге болмайды. Бұл жағдайларда көру бұрышын үлкейтетін оптикалық приборлар (микроскоп- ұсақ жақын денелерді, телескоп – ірі үлкен алыс денелерді ) қолданылады. Ең көп тараған көздің ақаулары жақыннан көргіштік (денелердің кескіндері тордың алдыңғы жағында көрінеді) және алыстан көргіштік (денелердің кескіндері тордың артқы жағында көрінеді). Осы ақауларды шашыратқыш (жақыннан көргіштікте) және жинағыш (алыстан көргіштікте) линзалардан тұратын көзілдіріктер жөндейді.
Тор қабықшада жайылған жарық сезгіштік элементтер таяқшалар және колбаларға бөлінеді. Таяқшалар жарыққа сезімталдау келеді (олар арқылы қараңғыда көру жүзеге асырылады), бірақ түстерді ажыратпайды. Колбалардың жарыққа сезімталдығы аз болады, бірақ спектрлі сезгіштікке ие, осыған байланысты біз әртүрлі түстерді ажыратамыз.
Көз тек толқын ұзындығы 0,77-ден 0,38 мкм-ге дейінгі интервалдағы (көрінетін жарық) жарықты сезеді, бұл интервалдың өзінде де, көздің сезгіштігінің толқын ұзындығы бірдей емес. Көздің сезгіштігінің ең үлкен толқын ұзындығы (жасыл түстің) мкм-ге тең. Көздің сезгіштігі өте ұзын және өте қысқа толқындарда, инфрақызыл және ультракүлгін сәулелердің нөліне жетіп төмендейді. Сол себептен әртүрлі түстер шығаратын, бірдей қуатқа ие бірнеше жарық көздерінен тұратын монохроматтық жарық көзге жарқырауы бірдей емес болып көрінеді. Жарқырауы ерекше жарық көзі жасыл түс. Мысалы, қызыл түс () жасыл түстей жарқырауы үшін оның қуатын жасыл түстің қуатынан 20000 есе арттыру қажет.
Жарықтың әсерінен тор қабықшадағы жарық сезгіштік заттар ыдырайды да, көздің сезгіштігі төмендейді. Қараңғыда жарық сезгіштік заттар қалпына келіп, көздің сезгіштігі жоғарлайды. Бұл жағдайларда көз 10-17Дж-ға сәйкес өте аз энергияға ие болады (көзден 100км-ге тең ара қашықтықтағы мөлдір атмосферада орналасқан стеарин шырақ шығаратын жарыққа сәйкес жарық шығарады).




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет