Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы



бет1/4
Дата23.04.2023
өлшемі0,97 Mb.
#85885
  1   2   3   4
Байланысты:
Реография каз








«С.Ж. АСФЕНДИЯРОВ АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ МЕДИЦИНА УНИВЕРСИТЕТІ» КЕАҚ


НАО «КАЗАХСКИЙ НАЦИОНАЛЬНЫЙ МЕДИЦИНСКИЙ УНИВЕРСИТЕТ ИМЕНИ С.Д.АСФЕНДИЯРОВА»

Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы



Әдістемелік нұсқау



72-92

бетттің беті




Тақырыбы: Биологиялық ұлпалар мен сұйықтардың электр өткізгіштігі. Реографияның физикалық негізі. Плетизмография
Мақсаты: қанайналым әдістерін анықтау. Берілген тақырыпқа байланысты есептер шығару әдістемесін меңгеру.
Оқыту міндеттері: Реография әдісінің медицинадағы маңызын оқып үйрену
Оқыту әдістері - берілген тақырыпқа берілген хабарламаларды талқылау, типтік есептер шығарып, тапсырмаларды орындау.
Тақырып бойынша негізгі сұрақтар:

  1. Айнымалы тоқ тізбегіндегі активті және реактивті кедергілер

  2. Айнымалы тоқ тізбегіндегі толық кедергі

  3. Кернеулер резонансы

  4. Қанайналымның көлемдік жылдамдығы

  5. Қанайналымның мүшелер мен аумақтарға таралуы

  6. Биологиялық ұлпалардың импедансы (ағылшын тілінде)

  7. Реографияның физикалық негізі

  8. Плетизмография әдісінің маңызы



Қысқаша теория
Айнымалы ток деп лездік мәні периодты түрде шамасы және бағыты жағынан өзгеретін токты айтамыз. Жалпы алғанда айнымалы ток тербелісінің әртүрлі формадағы күрделі түріне ие болуы мүмкін, техникада көбінесе айнымалы ток қолданылады.
Ток күші мен кернеудің лездік мәндері былай өрнектеледі:
және , мұндағы Um , Im - ток күші мен кернеудің ең үлкен шамалары, ал - циклдік (дөңгелектік) жиілік.
Айнымалы ток тізбекте металл өткізгіштігінің (немесе электролит ертіндісінің) кедергі активті кедергі деп аталады, себебі мұнда энергия шығын болып жылу энергиясына айналады. Активті кедергіден тұратын тізбекке ток күші мен кернеу бірдей фазада тербеледі және Ом заңы орындалады (1- сурет):


1-сурет



, мұндағы I0=U0/R.
L индуктивтілігі бар катушкада ЭҚК пайда болады:

, осыдан
Осы теңдеулерді интегралдап мынаны аламыз: ,
мұндағы I =U / L.
Индуктивтік кедергінің формуласы былай жазылады: .
Сонымен индуктивтік кедергі токтың дөңгелек жиілігіне және индуктивтілікке тәуелді, онда энергияның шығыны болмайды. Сондықтан оны реактивті кедергі деп атайды. Индуктивті кедергіде ток күші кернеуден фаза жағынан 900 қалып қояды. Сыйымдылығы С конденсаторға айнымалы кернеу беріледі (2-сурет).


2-сурет
Тізбектегі өткізгіштің омдық кедергісі өте аз деп есептейік. Сонда конденсатордың астарларындағы кернеу берілген кернеуге тең болады:
Кез келген уақыттағы конденсатордағы заряд конденсатордың сыйымдылығын кернеуге көбейткенге тең болады:
Өте dt аз уақыт аралығында конденсатордағы заряд dq-ге өзгереді, тізбектегі ток күші I мынаған тең болады:
I= , мұндағы -ток күшінің амплитудасы.
Осы формуланы Ом заңымен салыстыра отырып cыйымдылық кедергіні табамыз:
,

3-сурет
Мұндағы ХС - айнымалы токтағы конденсатордың кедергісі, яғни сыйымдылық кедергі деп аталады. С
онымен сыйымдылық кедергіде энергияның шығыны болмайды, сол себепті оны реактивті кедергі деп атайды. Сыйымдылық кедергі ток күші кернеуден фаза жағынан 900-қа озады. Кернеу мен ток күшінің векторлық диаграммасы 3-суретте көрсетілген.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет