Биофизика курсымен қалыпты физиология кафедрасы



бет2/4
Дата31.01.2023
өлшемі295 Kb.
#64186
1   2   3   4
Байланысты:
6. ЭЭГ каз - педиатрия (1)

1-сурет 2-сурет
Пирамидалық нейрондарда электрлік белсенділіктің екі түрін ажыратып көрсетеді. Шамамен 1 мс созылатын импупульстік разряд (әсер потенциалы) және одан баяуырақ (градуальды) мембраналық потенциалдың тербелісі – тежеуші және қоздырушы постсинаптикалық потенциалдар (ПСП).
Пирамидалық жасушалардың тежеуші ПСП-лары негізінен нейрондардың денесінде, ал қоздырушы ПСП – көбінесе дендриттерде генерацияланады. Шындығында, нейрондар денесінде белгілі бір мөлшерде қоздырушы синапстар да бар, осыған сәйкес пирамидалық нейрондар денесі (сома) қоздырушы ПСП-ларды да генерациялауға қабілетті. Пирамидалық жасушалар ПСП-ның ұзақтығы импульстік разрядтың ұзақтығына қарағанда біршама үлкен.
Мембраналық потенциалдың өзгерісі пирамидалық жасушаларда цитологиялық локализациясы бойынша айырмасы бар екі түрлі ток диполінің туындауына себепкер болады. (2-сурет). Олардың біреуі - дипольдік моменті сомалық диполь. Ол нейрон денесіндегі мембраналық потенциалдың өзгерісі кезінде пайда болады, дипольдегі және сыртқы ортадағы ток сома мен дендриттік бағандар аралығында ағады. Дипольдік моменттің векторы қоздырушы ПСП-дардың нейрондар денесіндегі импульстік разрядында немесе генерациясында сомадан шығып дендриттік бағандар бойымен бағытталады, ал тежеуші ПСП дипольдік моментке қарама-қарсы бағыттағы сомалық диполь туғызады. Дендриттік деп аталатын басқа диполь қабықтың апикалық дендриттерінің бірінші плексиморлық қабатында қоздырушы ПСП-лардың генерациясы нәтижесінде пайда болады, бұл дипольдегі ток дендриттік баған мен көрсетілген тармақтар арасында ағады. Дендриттік дипольдің дипольдік моментінің векторы дендриттік баған бойымен сомаға қарай бағытталған.
Дендриттік бағанның тармақталмаған бөлігіндегі қоздырушы ПСП-ның генерациясы квадруполдің пайда болуына әкеледі, бұл кезде жасуша ішіндегі ток кейбір деполяризацияланған бөліктерден қарама-қарсы екі бағытта таралады, нәтижесінде қарама-қарсы бағыттағы дипольдік моменттері бар екі диполь пайда болады. Дипольдер мөлшерінің ЭЭГ-ні алу ара қашықтығына қарағанда аз екендігіне байланысты, пирамидалық жасушалардың квадрупольдік генераторының сыртқы өрісін ескермеуге болады.

3-сурет
-суретте дендриттік баған бойындағы және осы баған осінен 0,01 мм аралықтағы электр өрісінің кеңістіктік құрылымының бейнесі көрсетілген. Байқағанымыздай, импульстік разряд кезінде пирамидалық нейронның сыртқы өрісі дендриттік бағандар бойымен бірден төмендеп кетеді, 0,3 мм қашықтықта потенциал нөлге дейін азаяды. Бұған қарама-қарсы, жасуша сыртылық ПСП аса үлкен ұзақтығымен сипатталады, сол себептен мұндай белсенділікте пирамидалық жасушалар аса үлкен дипольдік моментке ие болады. Бұл айырмашылық дендриттік бағандардың пассивті электрлік қасиеттерін қарастырғанда түсіндіріледі.

Дендрит мембранасы өзінің қысқа мерзімділігіне байланысты әсер потенциалымен салыстырғанда жоғарғы жиіліктегі токқа аз кедергі көрсететін сыймдылық сияқты. Сол себептен, импульстік белсенділікке негізделген ток жасуша денесіне аздаған қашықтықта айналып жүреді, мембрана сыйымдылығы бағанның алыс бөліктерін тұйықтап қалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет