Биогендік элементтер


Бром. Биогенді элементтерге жатады. Медицинада (NН4Вг) аммоний, (КВг) калий және натрий (№Вг) бромидтері қолданылады. Йод



бет4/6
Дата17.11.2022
өлшемі131 Kb.
#50932
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7 срс Биогенді элементтер

Бром. Биогенді элементтерге жатады.
Медицинада (NН4Вг) аммоний, (КВг) калий және натрий (№Вг) бромидтері қолданылады.
Йод. Адам мен жануарлар үшін керекті микроэлементтер болып есептелінеді. Адам ағзасында йод мөлшері (25мг) жартысынан көбі, онда ол тироксин гармонының құрамына кіреді. Ал ол жетіспесе адам эндемиялық зоб ауруына шалдығады.
Йодтың буы улы.
Медицинада қолданылуы:

  1. Радиоактивті йод (изотоптары 131І 132І 125І ) зоб ауруын емдеуде қолданылады.

  2. Йодтың спиртті ерітіндісі 5% немесе 10%-тік антисептикалық зат ретінде қолданылады және ішуге атеросклерозда 5%, 1-10 тамшы беріледі.

  3. Люголь ерітіндісі (KІ сулы ерітіндісіндегі йод). Ауыздың сілекей қабаттарына жағу үшін қолданылады.

  4. КІ – калий йодиді, NаІ – натрий йодиді, эндемиялық зобта қолданылады. "Антиструмин" дәрісі КІ-нен тұрады.

4. d-элементтері
4.1. ІВ тобының d-элементтері
Мыс. Ересек адамның ағзасында 100 мг дейін мыс болады. Басқа металл иондарына қарағанда мыс иондары аминқышқылдарымен, ақсылдармен активті түрде әрекеттеседі, сондықтан мыс биологиялық активті заттармен тұрақты комплекстер түзеді. Ағзадағы мыстың негізгі функциясы каталиттік әсері, қазіргі таңда мыс элементі бар ферменттер (церулоплазмин, тирозиназа, цитохромоксидаза) белгілі. Медицинада мыс сульфаты СuSО4 • 5Н2О антисептикалық зат ретінде терінің күйген жеріне жағуға, көз тамшысы ретінде т.б. қолданылады.
Мысқа қажеттілік қабыну және буын дерттерінде артады.
Күміс. Тірі ағзада күмістің физиологиялық рөлі жеткіліксіз зерттелген. Күміс – ультрамикроэлемент.
Медицинада қолданылуы:

  1. АgNОз (ляпис) – күміс нитраты – жұмсартушы және күйдіруші зат ретінде қолданылады. Стоматологияда тісті бүтіндеу, алдын ала тіс каналдарын күмістейді. Бірінші күміс нитратынан күміс оксидінің аммиакты ерітіндісін және 10%-тік формалинді алады. Бұл процестің өтуін былай жазамыз:

2АgNО3 + 2NН4ОН = Аg20 + 2NН4? + Н2О
Аg2О + Н-СНО = Аg + Н-СООН

  1. Қағаз, мақта, дәке бұлардың бәрі күмістің хлориді мен нитраты ерітіндісіне шыланған болады, олар бактерицидті байлайтын материал ретінде қолданылады.

Алтын. Адам ағзасында микроэлемент түрінде табылған, оны енді ғана зерттеуде.
Медицина практикасында алтынның органикалык және бейорганикалық, радиоактивті және металл алтын қосылыстары қолданылады. (І98Аu) радиоактивті алтын қатерлі ісікті емдеуде қолданылады. Алтынның күміс және мыспен құймасы тісті протездеуде қолданылады 916-ші құйма сынамасында 91,6% Аu, 4,2% Сu және 4,2% Аg бар, оны тісті салуда қолданылады. 750-шы құймасында 75% Аu, 8,3% Аg және 16,7% Сu, ал 583-ші құймасында 58,3% Аu, 13,7% Аg және 28% Сu болады.

    1. ІІВ тобының d-элементтері

Мырыш. Мырыштың физиологиялық функциясы ферментативті ақсылдармен байланысты. Эритроциттерде мырыштың көп болуы көмір ангидразы құрамында газ алмасуда және демалу ұлпаларында болуымен түсіндіріледі.
Мырыштың көп қосылыстары антисептикалық зат ретінде қолданылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет