Биогендік элементтер



бет3/6
Дата17.11.2022
өлшемі131 Kb.
#50932
түріҚұрамы
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
7 срс Биогенді элементтер

МышьякМикроэлемент. Мышьяктың биогенді рөлі мен оның ағзадағы мөлшері белгісіз.
Мышьяк қосылыстары өте улы. Стоматологияда мышьяктың оксиді (II), немесе ақ мышьяк Аs2Оз ауру тіс нервтерін өлтіруде қолданылады. Ал ішуге қан аз болғанда, жүйке ауруына шалдыққандарға беріледі.
3.4. VІА тобының р-элементтері
Оттек. Өмір сүріп жатқан барлық молекулалар құрамына кіреді. Тірі ағзадағы мөлшері құрғақ зат бойынша есептегенде 70%-дай болады. Ауадағы оттектің көлемдік үлесі – 21%.
Ауадағы оттектің мөлшеріне көптепен өмірлік процестер байланысты. Оттектің негізгі қызметі тірі ағзадағы зат алмасу процестеріндегі тотығу-тотықсыздану реакцияларын реттеу. Мысалы, "тау ауруы' жоғары таулы аудандарда оттек жетіспеушілігінен болады. Ауадағы оттектің парциальды қысымының азаюы оттекпен ашығуға әкеп соғады.
Ағзаға кірген оттек СО2 түрінде өкпе арқылы шығып отырады.
Тропосферада (20 км биіктікте) үш атомды оттектен тұрады, озонды қабатқа көп көңіл бөлінуі керек. Озонды экран күннің ультрафиолетті сәулелерінен жер бетіндегі барлық тірі тіршілікті қорғайды.
Медицинада оттек көміртек оксидімен (ІІ), НСN уланғанда және оттек жетіспейтін ауруларды емдеуде қолданылады. Емдеу мақсатында оттекті тері астына жіберуге асқазанға оттегі коктейлі түрінде пайдалануға болады. Кейінгі кезде жоғарғы қысымда оттегімен емдеу оны гипербаралық медицина деп атайды.
Күкірт. Ағзада фосфор сияқты күкірт те энергия тасымалдау қызметін атқарады. Жануарлар мен адам ағзасында күкірт цистеин және метионин сияқты аминқышқылдарының құрамында болады.
Медицинада қолданылуы:

  1. Тазартылған күкірт – іш жүргізетін дәрі ретінде, сықпа (паста), мазьдар құрамына ендіріліп, емдеуде қолданылады.

  2. Кальций, барий, магний, натрий сульфаты түрінде қолданылады.

Селен. Айшықты антиоксиданттық қасиеттері бар. Селен антиденелердің түзілуін қуаттайды, эритроциттердің түзілуіне қатысады. Селен еркін радикалдардың қалыптасуын болдырмай отырып, олардың ағзаға зақымдау әсеріне тосқауыл болып, иммундік жүйеге қорғау әсерін көрсетеді. Селен ұйқы безінің қызметін және ұлпалардың эластикалығын қолдауға қажет.
Селеннің тапшылығы жүрек дерттеріне, рактың ауруына әкелуі мүмкін. Селеннің жеткіліксіз мөлшері шаршауға, холестерин деңгейінің бұзылуы, ұйқы безі қызметінің жетіспеушілігі, ұрықсыздық сияқты симптомдарға шалдықтырады.
3.5. VIІA тобының р-элементтері
Фтор. Фтордың биологиялық маңызы аз зерттелген. Тіс және сүйектің негізгі қатты бөліктерінің түзілуіндегі минералды зат алмасу процесіне қатысады. Тіс және сүйекте фтор – фторапатит (Са5(РО4)зҒ) түрінде болады. Адам фторды ішетін судан қабылдайды, негізінде 1 л суда 1 мг фтор болуы тиіс. Егер ішетін суда фтор жеткіліксіз болса, онда тіс эмалдары бұзыла бастайды.
Тіс кариесінің негізгі емі – суды фторлау. Бос күйіндегі газ тәрізді фтор өте улы келеді.
Медицинада натрий фториді NаF қолданылады; ол тіс пастасы құрамына кариесті емдеу үшін ендіріледі.
Хлор. Негізгі биогенді элементтердің біріне жатады. Хлор асқазан сөлі мен плазманың түзілуіне, ферменттердің белсенділігінің артуына қатысып, өмірдегі маңызды қызметгердің бір қатарын жүзеге асырады. СІ анионы биохимиялық процестер айналымына қатысады. Газ түріндегі хлор улы. 
Медицинадағы қолданылуы:

  1. Сұйытылған тұз қышқылы (8 % -тік) асқазан сөлінде қышқыл жетіспегенде қолданылады.

  2. Кальций, калий, натрий хлориді

  3. СаОСІ – хлорлы әк – дезинфекциялаушы зат ретінде қолданылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет