1.Ауыз қуысының шырышты қабығының жалпы морфофункционалды сипаттамасы. Шырышты қабықтың түрлері. Шырышты асты негізі. Құрылыс ерекшеліктері. Ауыз қуысында орналасқан біраз мүшелерді құрылысына қарай қабатты мүшелерге жатқызуға болады. Кілегейлі қабығы көп қабатты, жалпақ, мүйізделмеген эпителий мен меншікті пластинкадан тұрады. Эпителиінде - эпителиоциттер, меланоциттер, Лангерганс жасушалары, Меркель жасушалары орналасады, мүйізделетін қасиетке де ие. Көбінесе қорғаныс қызметін атқарып, секрет бөледі. Қызыл иекте, қатты таңдайда, тілдің үстінде немесе тіл жотасында, ет пластинкасы мен кілегей асты негізі болмайды. Ет қабығы көлденең жолақ ет тінінен түзілген. Ауыз қуысының кілегейлі қабығындағы ірі жəне ұсақ бездерден бөлінетін сілекейдің көмегімен тағам шыланып, оңай шайналып, жұтылады. Кілегейлі қабықтың эпителиі əртүрлі эпителиоциттерге жіктеледі де: базальді, тікенекті (көпбұрышты) жəне жалпақ жасушалар қабаттарын түзеді. Ауыз қуысының эпителиі мүйізделмеген, жалпақ, көп қабатты, кейбір тұстарында жасушалары жартылай мүйізделіп түсіп те отырады.
2. Ауыз қуысының шырышты қабаты. Еріннің құрылымы: тері, аралық және шырышты бөлімдер. Ерін - тері, аралық жəне ішкі кілегейлі бөліктері болады. Тері бөлігінің құрылысы, теріге ұқсас, сырты эпидермиспен қоршалған, құрамында май жəне тер бездерімен қоса түктері де болады. Эпидермистің астындағы БТҚДТ-і биік еміздіктер түзіп, үстіңгі эпидермиске енеді. Еріннің аралық бөлігінің эпидермисі жұқа, мұнда түктері мен тері бездері болмайды, бірақ аталған бөлігінде май бездері болады. Аралық бөлігі қан тамырларына өте бай, сондықтан ерінге қызыл түс береді. Еріннің ішкі кілегейлі бөлігі көп қабатты, жалпақ, мүйізделмеген эпителимен тысталған. Эпителидің меншікті пластинкасы бар. Кілегей асты қабығында еріннің сілекей бездерінің секреторлы бөліктері орын алады. Бұл бездер күрделі альвеолярлытүтікшелі, ал бөлетін секреті шырышты-белокты.
3. Ауыз қуысының шырышты қабаты. Шырышты қабықтың төселетін түрі. Бет құрылымы: максиллярлы, мандибулярлы және аралық аймақтар.