Биохимия асқорыту туралы түсінік



бет1/28
Дата12.05.2023
өлшемі256,78 Kb.
#92649
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28

Асқорыту жүйесі
БИОХИМИЯ

  1. Асқорыту туралы түсінік;

Ас қорыту деп сыртқы ортадан организм қабылдаған қоректі заттардың күрделі қысылыстарының денеге жеңіл сіңетін қарапайым құрамаларына ыдырауын, айналуын қамтамасыз ететін процестердің жиынтығы.
Организм әр түрлі жұмыстар атқару үстінде көп мөлшерде энергия шығындайды, сондықтан оның тіршілік әрекетін сақтау үшін энергия қоры үздіксіз толықтырылып отыруы керек. Қажетті энергияны организм азықпен түрлі органикалық заттар (белоктар, көмірсулар, майлар) түрінде қабылдайды. Қоректі заттар азық құрамында ірі молекулалы қосылыстар түрінде кездеседі. Олар қан мен лимфаға тарап, торшалар мен ұлпаларға сіңу үшін арнаулы өңдеуден өтіп қарапайым қосылыс түріне айналу керек. Ас қорыту жолында қоректік заттар физикалық, химиялық, биологиялық әсерлерге ұшырап, кіші молекулалы, суда жеңіл еритін, денеге жеңіл сіңетін қосылыстарға айналады.
Азық қорыту жүйелерінің атқаратын негізгі қызметтері: сөл бөлу, ұсақтау, араластыру, жылжыту, керексіз заттарды сыртқа шығару және сору. Қабылданған азық ағзада физикалық, химиялық және биологиялық түрде өнделеді. Физикалық өнделуі дегеніміз – азықтың ылғалдануы, ұсақталуы, жұтылуы және асқазан арқылы жылжуы. Биологиялық өндеу микроағзалардың қатысуымен өтеді. Өңдеудің осы әсіресе, ауыл шаруашылығы малында кең орын алған. Химиялық өндеу ферменттердің қатысуымен жүреді. Фермент дегеніміз ағзадағы химиялық реакцияларды жылдамдататын биологиялық катализаторлар. Азықта қорытатын ферменттер үш топқа бөлінеді: 1- протеазалар – белоктарды ыдыратушылар; 2- карбогидралазалар – қанттарды ыдыратушылар; 3- эстеразалар мен липоидтарды ыдыратады.
Қарында үш түрлі клеткалар орналасқан. Олар бас, қосымша және айнала қоршалған клеткалар. Бас клеткалар ферменттер бөледі, қосымша клеткалар сөл және айнала қоршалған клеткалар тұз қышқылын бөледі. Осы көрсетілген үш түрлі клеткалардан бөлінген заттарды қарын сөлі дейді. Қарын сөлі түссіз, қышқыл реакциялы (рн 0,8-1,0) сұйық зат. Сөлдін құрамында су 99,2-99,6%, 0,4-0,8% құрғақ зат бар. Құрғақ заттар органикалық емес және органикалық қосылыстардан құралған. Қарын сөлінің құрамында төрт фермент бар: 1- пепсиноген тұз қышқылының әсерінен пепсинге айналады. Пепсин белоктарды альбумоз бен пептондарға дейін ыдыратады; 2 - реннин - сүттің казеиноген белогін казеинге ауыстырады, немесе сүтті ірімшікке айналдырады; 3 - қарындық липаза –эмульсияланған майды глицерин мен май қышқылдарына дейін ыдыратады; 4- желатиназа - желатинді сұйықтандырады.
Тұз қышқылының қарындағы ролі: 1- қарында қышқыл орталық жасайды; 2 - пепсиногенді пепсинге айналдырады; 3- белоктарды ісіндіріп, олардың көлемін ұлғайтады; 4 - бактерицидтік қасиет береді; 5- азықтардың ішекке ауысуына қатысады; 6- аш ішектегі бөлінетін просекретинді гастринге ауыстырады.



  1. Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет