5. Сабаққа дайындалуға арналған сұрақтар:
1. Оксидоредуктазалар. Жіктелуі.
2.Дегидрогеназалар, жіктелуі, негізгі өкілдері.
3.НАД, НАДФ, тотыққан және тотықсызданған формалары, құрылысы және биологиялық маңызы жағынан айырмашылықтары.
4.ФМН,ФАД, тотыққан және тотықсызданған формалары, құрылысы және биологиялық маңызы жағынан айырмашылықтары.
5.Убихинон, химиялық табиғаты, тотыққан және тотықсызданған формалары, биологиялық тотығудағы ролі.
6.Цитохромдар, жалпы сипаттама, жіктелуі.
7.Цитохром В, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
8.Цитохром С, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
9.Цитохром А, өкілдері, гемнің құрылысы, тотығу-тотықсыздану реакцияларына қатысуы.
10.Каталаза, пероксидаза – құрылысы, ролі, каталитикалық әсері.
11.Оксигеназалар (моно-, диоксигеназалар) – құрылысы, ролі.
6.Сабақты өткізу форматы:
Бағдарламалық бақылаудың билеттері бойынша жазбаша бақылау 2 сұрақты қамтиды (сабаққа дайындалуға арналған сұрақтарды қараңыз).
Ауызша талдау тақырыптың негізгі сұрақтары бойынша (жаттығулар мен жағдайылық есептерді шешу) жүргізіледі.
Тестке жауап беру, кесте толтыру.
№3 ЗЕРТХАНАЛЫҚ САБАҚ.
Пероксидазалар мен каталазаның әсерін зерттеу. Зертханалық жұмыстар: № 38, 39.
№ 38-ЖҰМЫС. Пероксидазалар әсерін зерттеу.
Пероксидаза ферменттері заттарды сутек асқын тотығының немесе басқа асқын тотықтардағы оттек арқылы тотықтыру процестерін катализдейді. Олар өсімдіктерде және тірі организмдерде (эритроциттерде, сүтте, бұлшық еттерде) кең таралған.
Сутек асқын тотығы мен пероксидаза ферменті қатысуымен гидрохинон, тирозин, адреналин, пирогаллол және басқа қосылыстар тез тотығады. Пероксидаза әсерін зерртеу үшін желкек және бұлшық ет сығындылары, сонымен қатар қан мен сүт пайдаланылады.
Желкек сығындысын дайындау:
50 г ұсақталған желкекке 50 мл 0,05% көмірқышқылының натрий ерітіндісін құйып 3-4 сағатқа қалдырады. Осыдан кейін 3 қабат дәке арқылы сүзіледі. Сығындының бір бөлігі қайнаталып, суытылады.
Гидрохинонның тотығуы:
Төрт пробиркаға кестеде көрсетілген мөлшерде реактивтер және желкек сығындысы құйылады, пробиркаларды араластырып, /сілкіп/ бөлме температурасында штативте қалдыру керек.
Бірінші пробиркадағы ерітінді бірте – бірте қоңыр түске боялады, ал қалған пробиркалардағы ерітінділердің түсі өзгермейді.
Достарыңызбен бөлісу: |