Ситуациялық есептер: Жарақатталған жерге сутек асқын тотығын жаққанда газдар бөлінбеді. Бұл құбылыс қандай ауруда байқалады?
Ферроцитохром С1–ді қандай фермент тотықтырады?
3. Ферментативті реакция схемасын қарастырыңыз. Субстрат (S) пен өнімнің құрылымдық формулаларын салыстырыңыз:
А. берілген реакцияны катализдейтін фермент класын атаңыз.
B. реакция қандай коферменттің қатысуымен жүреді? Оның құрамына кіретін витаминді атаңыз, оның коферменттерінің құрылымын сипаттаңыз.
4. Сукцинатдегидрогеназа (СДГ) сукцинатты дегидрлеу реакциясына қатысады, оны фумаратқа айналдырады
А.СДГ ферментінің малонатпен тежелу механизмін түсіндіріңіз.
Б. тежелуді қалай бәсеңдетуге немесе толығымен жоюға болады?
Б. фермент класын, коферменттін атаңыз. Коферменттің құрылымын сипаттаңыз.
D. берілген реакция қатысатын процестің мәнін сипаттаңыз.
5. Реакцияларды қарастырыңыз және көрсетіңіз:
А. ферменттер класы (E1,E2) және олардың атауы;
B. коферментті құрайтын витаминнің құрылымын сипаттаңыз; коферменттің құрылымын, қызметін және ол катализдейтін реакция түрін сипаттаңыз;
6. Ферментативті реакция схемасын қарастырыңыз. Субстрат пен өнімнің құрылымдық формулаларын салыстырыңыз:
А. бұл реакция қандай фермент пен коферменттің қатысуымен жүреді? витамин мен коферменттің формуласын жазыңыз және атауын көрсетіңіз. Осы ферменттің изоферменттерін атаңыз, оларға сипаттама беріңіз.
B. бұл реакцияның биологиялық маңыздылығын сипаттаңыз.