Биохимия кафедрасы


Жай және күрделі белоктар



бет2/6
Дата09.09.2022
өлшемі231,08 Kb.
#38723
1   2   3   4   5   6

Жай және күрделі белоктар


Жай белоктар тек амин қышқылдарының қалдығынан тұрады.
Күрделі белоктар жай белоктан және белоксыз бөліктен тұрады. Белоксыз бөлігін простетикалық топ (грек тілінен алғанда prostheto қосып алу) деп атайды.

Белоктардың жіктелуі

Жай белоктар

  • Альбуминдер
  • Глобулиндер
  • Гистондар
  • Протаминдер
  • Склеропротеиндер (коллагендер, эластиндер, кератиндер)

Күрделі белоктар

  • Фосфопротеиндер
  • Хромопротеиндер
  • Гликопротеиндер
  • Металлопротеиндер
  • Липопротеиндер
  • Нуклеопротеиндер

Хромопротеиндер (ХП)


ХП = жай белок + боялған зат (грекше chroma - бояу)
Маңызы:
  • фотосинтезге,
  • тыныс алуға (О2 мен СО2 тасымалдау),
  • тотығу-тотықсыздану реакцияларына,
  • жарық пен түсті ажыратуға қатысады.

ХП 3 топқа бөлінеді:
  • Гемопротеиндер (тыныс алу белоктары және тыныс алу ферменттері)

  • 2. Магнийпорфириндер (хлорофилл)
    3.Пигменттер (жай белок пен меланоидты компоненттен тұрады, негізгісі - меланин)

Гемопротеиндер


тыныс алу белоктары:
  • гемоглобин (Нb)
  • миоглобин (Mgb)

тыныс алу ферменттері:
  • цитохромдар (Цх)
  • флавопротеиндер (ФП)
  • каталаза
  • пероксидаза

Миоглобин мен гемоглобиннің моделі


Гемоглобин мен миоглобиннің құрылымын Дж.Кендрью, М.Перутц ашты (1962 ж. Нобель сыйлығы)

Миоглобин


Гем
Mgb
жай белок
(п/п тізбегі 153 АҚ )
1 гем

Миоглобиннің маңызы:

  • Mgb митохондрияға өте жақын орналасады да, О2 гемоглобиннен тыныс алу ферменттеріне тасымалдау, О2 -нің қоры ролін атқарады.
  • О2-мен туыстығы жоғары, сондықтан ол суда жүзетін және жабайы жануарлардың, шыныққан адамдардың бұлшық етінде көп. Mgb қандағы оксигемоглобинмен әрекеттесіп, оксимиоглобин түзеді:

  • НbО2 + Mgb MgbО2 + Нb
  • Mgb бұлшық еттің арнайы белогы болғандықтан, ол қанға тек бұлшық ет жарақаттанғанда ғана (миокард инфаркты басталғаннан 1-2 сағаттан соң) түседі.

Гем – құрамында темірі бар порфин.
Нb, Mgb, каталаза, пероксидаза, цитохром b гемінің химиялық табиғаты бірдей.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет