Биохимияға кіріспе. Белоктардың атқаратын қызметтері. Белоктардың жіктелуі. Күрделі белоктар: хромо-, гликопротеиндер.
Биологиялық ғылымдардың кандидаты, доцент Киргизбаева Арай Асканбаевна
Дәріс жоспары:
Биохимияға кіріспе.
Белоктардың атқаратын қызметтері.
Белоктардың жіктелуі.
Хромопротеиндер, құрылысы, ролі, өкілдері.
Гликопропротеиндер, құрылысы, ролі, өкілдері.
Биохимия тірі организмнің химиялық құрамын және тіршілік негізіне жататын химиялық реакцияларды зерттейді.
Белоктар - амин қышқылының қалдықтарынан тұратын жоғары молекулалы биологиялық полимерлер.
Протеин (“protos” – грек тілінен аударғанда) алғашқы, маңызды деген мағына береді.
Табиғатта шамамен 1010 – 1012 белок бар, осы белоктар вирустардан бастап адамға дейінгі тірі организмдердің 106 түрінің тіршілік етуін қамтамасыз етеді.
Белоктардың атқаратын қызметтері
1. Құрылымдық :
белоктар микроорганизмдердің, өсімдіктердің, жануарлардың денесінің құрылымын анықтайды;
жасуша мен органелла мембраналарының құрамына кіреді;
коллаген, кератин, эластин тіндердің беріктігі мен құрылымын қалыптастырады.
2. Катализдік (ферменттер)
Реттеуші (көптеген гормондар химиялық табиғаты бойынша белоктар) Қоректік (ұрық үшін қорек көзі болып табылатын белоктар – жұмыртқа белогы, казеин) Жиырылу (бұлшық ет белоктары – актин, миозин; цитоқаңқа белоктары) Тұқым қуалаушылық Электротрансформациялау
3. Тасымалдау:
альбуминдер бос май қышқылдарын, гормондарды, бос билирубинді, дәрілік заттарды, т.б.;