Жай белоктар тек амин қышқылдарының қалдығынан тұрады.
Күрделі белоктар жай белоктан және белоксыз бөліктен тұрады. Белоксыз бөлігін простетикалық топ (грек тілінен алғанда prostheto – қосып алу) деп атайды.
ХП = жай белок + боялған зат (грекше chroma - бояу)
Маңызы:
фотосинтезге,
тыныс алуға (О2 мен СО2 тасымалдау),
тотығу-тотықсыздану реакцияларына,
жарық пен түсті ажыратуға қатысады.
ХП 3 топқа бөлінеді:
Гемопротеиндер (тыныс алу белоктары және тыныс алу ферменттері)
2. Магнийпорфириндер (хлорофилл)
3.Пигменттер (жай белок пен меланоидты компоненттен тұрады, негізгісі - меланин)
Гемопротеиндер
тыныс алу белоктары:
гемоглобин (Нb)
миоглобин (Mgb)
тыныс алу ферменттері:
цитохромдар (Цх)
флавопротеиндер (ФП)
каталаза
пероксидаза
Миоглобин мен гемоглобиннің моделі
Гемоглобин мен миоглобиннің құрылымын Дж.Кендрью, М.Перутц ашты (1962 ж. Нобель сыйлығы)
Миоглобин
Гем
Mgb жай белок (п/п тізбегі 153 АҚ ) 1 гем
Миоглобиннің маңызы:
Mgb митохондрияға өте жақын орналасады да, О2 гемоглобиннен тыныс алу ферменттеріне тасымалдау, О2 -нің қоры ролін атқарады.
О2-мен туыстығы жоғары, сондықтан ол суда жүзетін және жабайы жануарлардың, шыныққан адамдардың бұлшық етінде көп. Mgb қандағы оксигемоглобинмен әрекеттесіп, оксимиоглобин түзеді:
НbО2 + Mgb MgbО2 + Нb
Mgb бұлшық еттің арнайы белогы болғандықтан, ол қанға тек бұлшық ет жарақаттанғанда ғана (миокард инфаркты басталғаннан 1-2 сағаттан соң) түседі.
Гем – құрамында темірі бар порфин.
Нb, Mgb, каталаза, пероксидаза, цитохром b гемінің химиялық табиғаты бірдей.